Атлант М 7204-100 [10/36] Мұздатқыш

Атлант М 7204-100 [10/36] Мұздатқыш
10
KAZ
1 Ж А Л П Ы М Ə Л І М Е Т Т Е Р
1.1 Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасы бар,онда
мұздатқышты басқару және оны пайдалану ерекшеліктері
туралы ақпарат көрсетілген. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
мұздатқыштардың әртүрлі үлгілері үшін әзірленген. Мұздатқыш
үлгісіндегі соңғы сандар (шартты түрде «-ХХ» немесе «-ХХХ»)
кепілдеме картада және камера ішінде сол жақта орналасқан
мұздатқыш табличкасында көрсетілген орындау нөмірін
білдіреді. Мұздатқыштың орындаулары беттерді жабу мате-
риалымен, энерготиімділік класымен және түстік шешімдерімен
ерекшеленеді.
1.2 Мұздатқышты пайдалану қажет:
қосымшада көрсетілген қоршаған орта температурасы
кезінде;
– қатысты ылғалдылық 75 % артық емес;
кернеу номиналдыдан ауытқыған уақытта ауыспалы тоқтың
электр желісіндегі 220-230 В номиналды кернеулер диапазонында
және жиілігі (50±1) Гц. Пайдаланудың басқа шарттары кезінде
мұздатқыштың жылуэнергетикалық сипаттамалары өндіруші
көрсеткендерге сәйкес келмеуі мүмкін.
Жатын жайларда мұздатқышты пайдалану кезінде
мұздатқыштың жұмысы қызметтік шуылмен және дыбыстармен
ілесетіндігін ескерген жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқышты пайдаланған жөн
жай бұйымдағы 8 г хладагентіне R600а кем дегенде 1 м
3
есебіне тәуелді көлемге ие болуы тиіс. Хладагент салмағы
мұздатқыштың табличкасында көрсетілген. Жайдағы жел-
дету жүйесі жарамды болуы тиіс.
1 .3 Жеткізу жиынтығына кіреді: жинақтаушы бұйымдар,
қосымшасы бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сервистік
ұйымдар тізімі, мұздату аспаптарының энергетикалық тиімділік
этикеткасы (бұдан былай этикетка), этикетка түбірі бар
кепілдеме картасы.
Мұздатқыштың техникалық сипаттамаларының мәндері
этикетка түбірінде орналастырылған. Этикетка түбірін кепілдеме
картасынан қиып алып және этикеткадағы техникалық си-
паттамалармен салыстырған жөн. Кепілдеме картада кесте-
лерде мұздатқыштың басқа техникалық сипаттамалары және
жинақтаушылар саны туралы ақпарат орналастырылған.
1.4 Өндіруші, мұздатқыштың негізгі техникалық сипаттамала-
рын өзгертусіз қалдыра отырып, оның конструкциясын жетілдіре
алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) пайдалану
немесе оны сақтау шарттарын бұзу, жеңілмейтін күш әсері
(өрт, табиғат апаттары және т.б.), үй жануарлары, жәндіктер
және кеміргіштер әсері салдарынан орын алған бұйымның
ақаулықтары және зақымданулары үшін жауапкершілік
жүктемейді (оның ішінде, кепілдеме кезеңінде де).
2 Қ А У І П С І З Д І К Т А Л А П ТА Р Ы
2.1 Мұздатқыш электротұрмыстық аспап, сондықтан оны
пайдаланған уақытта электроқауіпсіздіктің жалпы ережелерін
сақтау қажет.
2.2 Аспап дене, сезім немесе ақыл қабілеттері төмен
тұлғалардың (оның ішінде балалар) немесе егер олар бақылауда
болмаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтармен таныстырмаған уақытта
тәжірибе немесе білімі жоқ тұлғалардың пайдалануы үшін
арналмаған. Балалар аспаппен ойынаудың алдынлу үшін
бақылауда болулары тиіс.
2.3 Электр тоғымен зақымданудан қорғаныс түрі бойынша
мұздатқыш І класқа жатады және электр желісіне жерге қосушы
контакті бар екі полюсті розетка арқылы қосылуы тиіс.
Жерге қосушы контактісі бар розетканы орнату үшін білікті
электрикке хабарласу қажет. Розетка мұздатқышты сыртқы электр
желісінен шұғыл ажырату үшін қол жетімді орынға орналасты-
рылуы тиіс.
Жерге қосуды газ, жылыту, су құбыры немесе кәріз жүйесінің
жеке сымымен салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) денсаулыққа
және мүлікке келтірілген залал үшін жауапты болмайды,
егер ол қосуға көрсетілген талаптарды сақтамау салдары-
нан болса.
2.4 Мұздатқышты электр желісіне қосар алдында қоректендіру
бауы мен ашаның зақымдануларының жоқ екендігін көзбен
тексеру қажет. Қоректендіру бауы зақымданған уақытта оны
өндірушіден немесе сервистік қызметтен алынған ұқсас баумен
ауыстырған жөн.
2.5 Мұздатқышты электр желісінен қоректендіру бауы ашасын
розеткадан шығара отырып келесі жағдайларда ажырату қажет:
– оны басқа орынға ауыстыру;
– оның астындағы еденді жуу;
– ұзақ уақытқа кету (14 күннен көп).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш жұмысы кезінде
компрессор қызады және оған тиіп кету кезінде күю себебі
болуы мүмкін.
2.6 Мұздтқыштың салқындату жүйесінде хладагент изо-
бутан (R600а)бар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Салқындату жүйесінің
герметикалығын зақымдамаңыз.
Қар қабатын жою үшін мұздатқышты пай-
далану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылмаған
заттар мен құрылғыларды қолданбаңыз.
Мұздатқыш ішінде электр аспаптарды пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУРАДЫҢЫЗ! Салқындату жүйесі зақымданған
уақытта жайды мұқият желдетіп және мұздатқыш маңында
оттың ашық көздерінің пайда болуына жол бермеу қажет,
себебі изобутан жылдам тұтанатын газ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқышты тікелей жылдам
тұтанатын және от шашатын заттар мен бұйымдар (перде,
лактар, бояулар және т.б.) маңына орналастырмаңыз.
Мұздатқышты жиһаз ішіне орнатуға, сонымен қатар, жайдың
қабырғасы мен артқы тіреулер жасайтын мұздатқыштың артқы
қабырғасындағы саңылауды жабуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Егер мұздатқыш үстінде және оның бүйір жақтарынан бос
кеңістік жоқ болса, мұздатқышты қуысқа орнатуға ТЫЙЫМ СА-
ЛЫНАДЫ (3.2 қар.).
НАЗАР АУРАДЫҢЫЗ! Мұздатқышты металл раковина-
лар, су, жылыту, канализация және газбен қамту құбырлары,
басқа да металл жерге қосылған коммуникациялармен жа-
настыра орнатуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналарға
Өндіруші «АТЛАНТ» ЖАҚ
Победителей даң., 61, 220035, Минск қ., Беларусь Республикасы;
www.atlant.by
МҰЗДАТҚЫШ
Құрметті сатып алушы!
Мұздатқышты сатып алған уақытта кепілдеме картасының дұрыс толтырылуын, оны сатқан ұйымның мөртабанының
болуын және үзбелі талондардағы сатылған күнді тексеріңіз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығып, Сіз
мұздатқышты дұрыс пайдалана аласыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұздатқыштың күллі қызмет ету мерзімі бойы
сақтаңыз.
Мұздатқыш Украина Министрлері Кабинетінің 2008 ж. 3 желтоқсаны күнгі №1057 қаулысымен бекітілген, электр және
электронды жабдықта кейбір қауіпті заттарды пайдалануды шектеудің Техникалық регламенті талаптарына сәйкес келеді.
Регламенттелген зиянды заттардың пайыздық мөлшері Техникалық регламентпен анықталған нормативтерден аспайды.
«АТЛАНТ» ЖАҚ бұйымдарын әзірлеу және өндіру сапа менеджменті жүйесі СТБ ISO 9001-2009 талаптарына сәйкес келеді
және №BY/112 05.01. 002 00014 нөмірімен БР Сәйкестікті растаудың Ұлттық жүйесі тізілімінде тіркелген.
Скачать