Nordfrost NRB 121B черный Руководство по эксплуатации онлайн [30/40] 806037

Nordfrost NRB 121l серый Руководство по эксплуатации онлайн [30/40] 796210
30
KAZ
7.1 Сіздің тоңазытқыш құрылғысында артындағы қапталған қарды автоматты түрде
алып тастау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл дегені, компрессор əрбір тоқтаған сайын атыңғы
қабырға тамшы сулармен қапталып, ТБ артыңғы қабырғасында қалыптасқан арнайы тетік
1 арқылы ағады (сурет Б.4), ары қарай компрессор корпусында орналасқан шығатын суға
арналған ыдысқа 2 жиналады, ары қарай қоршаған орта ауасында буға айналып кетеді. Осы
сияқты мерзімдік мұздың еріп тұруы ТБ үшін міндетті болып табылады да, тоңазытқыштық
құрылғының дұрыс жұмыс істеуіне дəлел бола алады.
Тазартқыш 13 (Б.1-сурет) ТБ еріген суды ағызатын саңылауда болуы керек жəне су
ағызатын жүйенің бітеліп қалмауын қамтамасыз етуге тиіс.
Егер де қалдық судың ТБ жүйесінен ақпай, тұрып қалуы байқалса, ондай болса су ағу
жүйесін тазалау керек:
- МБ астыңғы жері бірге тоңазытқыш–мұздатқыштар: Су ағызу тетігін 1 (сурет Б.4)
су жинағыш ыдыстан 2 суырып алыңыз, оның астына кез келген шұңқыр ыдысты қойыңыз
да, ТК артқы қабырғасындағы тесікке жайлап 200 г. жылы су құйыңыз (медициналық груша-
ны қолдану мүмкін). Ыдыстағы су таза болмайынша операцияны бірнеше рет қайталаңыз.
Су тетігін су жинағыш ыдысқа 2 салып қойыңыз.
- МБ жоғарғы жері бірге тоңазытқыш–мұздатқыштар, NR 247, NR 506, NR 507, NR 508:
Байыппен 200 г жылы суды су ағызатын төлкектің саңылауынан 1 құйыңыз (медициналық
грушаны пайдалануға болады), содан кейін еріген судың ыдысындағы 2 суды сіңіргіш
ысқыштың немесе жұмсақ майлықтың көмегімен алып тастаңыз. Бұл амалды ыдыстағы су
тазарғанша бірнеше рет қайталаңыз.
Су ағу жүйесінің кірленіп қалуына жол бермеу үшін осы процедураны жылына 1 - 2 рет
жасап тұру керек.
7.2 NF орындаудағы модельдер: «frost-frее» қыраусыз салқындату жүйесі МБ-
ны сыртқы кедергісіз автоматты түрде ерітеді. Таймер белгілі бір уақыт сайын МБ
буландырғышының қыздырғышын қосып тұрады, осы кезде буландырғыш қырауы ериді.
Еріген су су бұрғыш бойымен компрессор мен тоңазытқыш ішіндегі жылу есебінен булана-
тын компрессор корпусында орналасқан еріген су ыдысына түседі.
!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еріту процесін жеделдету үшін тоңазытқыш прибор
қабырғаларын сызып жіберуі не бөліктерінің саңылаусыздығын бұзуы мүмкін
заттарды пайдаланбаңыз.
Сіз «frost-frее» жүйесінің арқасында тоңазытқыш прибор ішін ерітудің қиындығын
көрмейсіз. Тоңазыту жəне мұздату камераларын еріту автоматты түрде жүзеге асады. Күтіп
ұстау үшін белгілі бір уақыт сайын гигиеналық тазалау жұмысын(МБ-ны профилактикалық
мақсатта бес алты айда кем дегенде бір рет, ТБ ны айына кем дегенде бір рет жуу
ұсынылады) жасасаңыз болғаны.
Тоңазытқыш приборды тазалап, жууды 5.2 т. сəйкес жүргізіңіз. МБ-ны тоңазытқыш при-
борда тағам аз болғанда тазалаған жөн жəне оны тоңазытқышты жалпы тазалаумен бірге
істеген дұрыс.
7.3 ТБ текшелері мен мен жалпы ішкі қабырғада аз мөлшердегі қапталған қарды еріп
кетуге қалдырмастан дереу алып тастау керек.
!
Қапталған қарды алып тастау үшін өткір темір құралды қолдануға тыйым салы-
нады!
Егер де мұздатқышта 5 мм асатын қалың қар қатып қалған болса (көзбен қарап
анықталады) жəне алып тастау қыйын болса, мұздатқышты еріту үшін өшіру керек.
Мұздатқышты еріту жұмысын онда сақталып тұрған азық-түліктің аз кезінде жəне де
тоңазытқыш құрылғысын жалпы тазалау кезінде жүргізген абзал.
Еріту жұмысын келесі тəртіппен жүзеге асырыныңыз:
- тоңазытқыш құрылғысын электр жүесінен сөндіріңіз;
- МБ-дағы кəрзеңкелерді 6, 7 (Б.1-сурет) жəне МБ сөрелерінен тағамдарды алыңыз,
одан соң оларды қағазға орап, салқын жерге қойыңыз. Себебі қатырылған өнімдерде
температураның жоғары болуы сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін;
- Еріген су тұғырыққа 15 қарай ағады (сурет Б.1).
- МБ есігін ашып қойып, жапқышты 5 көлденеңінен қайырып қойыңыз.
7. ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖАБДЫҚТЫ КҮТУ

Содержание

Похожие устройства

Скачать