Haier ES50V-F5C (R) [29/38] Bps бактерияға қарсы тазарту функциясы

Haier ES50V-F5C (R) [29/38] Bps бактерияға қарсы тазарту функциясы
Бактерияға қарсы режимге кіру үшін «BPS» түймесін басыңыз, сəйкес
белгішесі жанады жəне максималды қыздыру температурасы бірнеше секунд ішінде
жыпылықтайды (F1 сериялары үшін 80 ° C, F7 / TF7 / TF7P сериялары үшін 75 ° C)
жəне судың нақты температурасы көрсетіледі. сөнген кезде бұл бактерияға
қарсы тазалаудың аяқталғанын жəне құрылғы автоматты түрде осы функциядан
шығып, бұрын орнатылған жұмыс режиміне кіретінін білдіреді. Бактерияға қарсы
тазалау режимін қайта іске қосу үшін «BPS» түймесін басыңыз.
ECO режимі (F7 сериясы үшін)
ЕСО режимін қосу үшін, «ЕСО» түймесін басыңыз, тиісті белгіше жанады.
Бұл режимде тек сол жақ бак қызады, температураны реттеуге болады. Қыздырғаннан
кейін белгіленген температураға дейін ол сақталады. МАХ режиміне оралу үшін «ЕСО»
түймесін қайта басыңыз. Бұл операция соңғы 7 күнде жинақталған температура режимін
пайдалану параметрлерінің жадын өшіреді.
МАХ режимі (F7/TF7/TF7P сериялары үшін)
МАХ режимін қосу үшін, «МАХ» түймесін басыңыз, тиісті белгіше жанады. Бұл режимде
екі бак та белгіленген температураға дейін қызады, температураны реттеу диапазоны
35-75 °C құрайды.
Қыздырғаннан кейін белгіленген температураға дейін ол сақталады.
ECO режиміне оралу үшін «МАХ» түймесін қайта басыңыз.
Температураны баптау (F7/TF7/TF7P сериялары үшін)
МАХ жəне ЕСО режимдерінде «SET» түймесін басқан кезде температура реттеледі.
Осы түймені басқан сайын температура 5 °C-қа артады, температураны реттеу диапазоны
35~75 °C құрайды. «SET» түймесін басқан кезде алдымен температура көрсетіледі, ол сол
уақытта реттеледі, келесі басқан кезде температура өзгеріп отырады. 6 секундтың ішінде
əрекеттің болмауы немесе «SET» / -тен басқа түймелерді басу берілген температураны
растауды білдіреді, сондай-ақ нақты температура да көрінеді.
BPS бактерияға қарсы тазарту функциясы
Өшіру
Су жылытқышты пайдалануды аяқтағаннан кейін өшіру түймесін басыңыз.
Ескерту: МАХ қос бак режимінде, дисплейде 75 °C температура көрсетілген кезде,
оң жақ бак əлі де қысқа уақыт ішінде қызуы мүмкін. Бұл су жылытқыштың қалыпты
жұмысы.
ЕСО режимі (TF7/TF7P сериялары үшін)
ЕСО режимін қосу үшін, «ЕСО» түймесін басыңыз, тиісті белгіше жанады.
Бұл режимде тек сол жақ бак қызады, температураны реттеуге болады. Бұл режимде
электр су жылытқышы пайдаланушының су тұтыну əдеттерін автоматты түрде есте
сақтайды жəне талдайды, зияткерлік жұмысты жүзеге асырады жəне тəулік бойы
пайдаланушының қажеттіліктеріне бейімделеді жəне электр энергиясын үнемдейді.
MAX режиміне оралу үшін
«
ECO» түймесін тағы бір рет басыңыз. Қуат көзін өшіргеннен
кейін жəне ЭСЖ қайта қосылған кезде, бұл функцияны қалпына келтіруге болады,
ол пайдаланушының суды тұтыну əдеттерін қайта есте сақтайды.
1010

Содержание

Похожие устройства

Скачать