Galaxy Line GL6290 [20/29] Қосылған желілік адаптер қызып кете алады аса қатты қызып кет

Galaxy Line GL6290 [20/29] Қосылған желілік адаптер қызып кете алады аса қатты қызып кет
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.16 Өнімнің ақаулары анық немесе күдікті болған жағдайда, өнімді диагно-
стикалау және жөндеу бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
4.17 Құрылғының шығыс саңылауын қандай да болмасын заттармен жабуға
тыйым салынады.
4.18 Егер оның қандай да болмасын саңылаулары бұғатталса, құрылғыны
іске қосуға тыйым салынады.
4.19 Шаштардың, саусақтардың немесе дененің басқа да бөліктерінің, со-
нымен бірге киімнің еркін салбырап тұрған элементтерінің шаңсорғыштың
ауа жинағыш саңылауларының жанында болмауларын қадағалаңыз.
4.20 Шаң мен қоқысқа арналған контейнер мен құралды әрбір қолданудан
кейін тазалап отырыңыз.
4.21 Шаңсорғышты үй жануарларын тазалау үшін қолданбаңыз.
4.22 Құралды және адаптерді қараусыз қалдырмаңыз. Құрал мен адаптерді
балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз.
4.23 Адаптерді оның желілік сымынан ұстап жылжытуға болмайды.
4.24 Шаңсорғыштың жұмысы кезінде жиналушы бөлменің еденінде жұмыс
істеп тұрған қыздырғыш құралдарды және басқа да жылудың көздерін
орналастырмаңыз.
4.25 Шаңсорғышты контейнерсіз, сонымен бірге контейнерде
қарастырылған пластик сүзгісіз және тоқылмаған материалдан жасалған
сүзгісіз қолдануға тыйым салынады.
4.26 Электр құралын тазалаудың алдында желілік адаптерді розеткіден
ажыратыңыз және оның қуат беру баусымын жалғағыштан шығарыңыз.
4.27 Желілік адаптер мен баусымның бүлінуі мен бұзылуларын
болдырмаңыз. Баусымға ауыр заттарды қоймаңыз, тартпаңыз, бүктемеңіз
және оны желілік адаптердің айналасына орамаңыз. Кері жағдайда жану
және электр тоғымен зақымдалу қаупі пайда болуы мүмкін.
4.28 Желілік адаптерді электр қуат беру резеткісіне қосыңыз. Қате қосу
түтіннің шығуына, жануға немесе электр тоғымен зақымдалуға әкеліп
соқтыруы мүмкін.
4.29 Түйіспелік істіктерді және олардың маңындағы аймақты кем дегенде
жылына бір рет тазалап отыру ұсынылады. Білікте шаңның жиналып қалуы
жану қаупін тудырады.
4.30 Желілік адаптерді қандай да болмасын күйде түрлендіруге тыйым
салынады.
4.31 Қосылған желілік адаптер қызып кете алады. Аса қатты қызып кет-
кен кезде, сонымен қатар корпуста немесе сымда еру балқу белгілері,
жағымсыз иіс, түтін белгілері немесе басқа да ақаулықтар пайда болған
кезде тез арада адаптерді желіден ажыратыңыз және авторландырылған
сервистік орталыққа жүгініңіз.
4.32 Аккумуляторды тек жеткізілім жиынтығына кіретін желілік адаптермен
ғана зарядтаңыз. Басқа типтегі желілік адаптерлер аталған құрылғының
аккумуляторымен үйлеспеуі және бұзылуға немесе жануға әкеліп соқтыруы
мүмкін.
4.33 Құрылғыны тек аталған құралға арналған аккумулятормен ғана
қолданыңыз, басқа типтегі аккумуляторлар жарақтат және материалдық
шығын келтіре отырып, жарылуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать