Galaxy Line GL6251 [22/26] Кем дегенде екі сағаттай ұстау керек бұйымды тиеу түсіру және сақтау

Galaxy Line GL6251 [22/26] Кем дегенде екі сағаттай ұстау керек бұйымды тиеу түсіру және сақтау
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8.4 Контейнер сүзгілерін тазалау
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны электр желісінен ажыратыңыз.
Фискаторға (1) басыңыз және контейнерді шешіңіз. Қақпақтың фиксато-
рына (19) баса отырып, төменгі қақпақты (20) ашыңыз және контейнер-
ден шаң мен қоқымды кетіріңіз. Қоқым мен шаңға арналған контейнердің
қақпағын оны сағат тіліне қарсы бұрай отырып шешіңіз. Контейнерлерден
сүзгілерді шығарыңыз және жоғарғы сүзгіні шешіңіз. Сүзгілерді судың әлсіз
ағысында жуыңыз және мұқият құрғатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Контейнерді құрастырудың алдында барлық алмалы
бөлшектердің – таза және құрғақ екендіктерін қадағалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүзгілерді контейнерге орнату кезінде мультици-
клонды сүзгідегі ойықтардың контейнердегі ойықтарға сәйкес болуларын
қадағалаңыз.
8.5 Шығыс сүзгісін тазалау
Ілмекке баса отырып, шығыс сүзгісінің қақпағын шешіңіз. Шығыс сүзгіні
қақпақтың ішкі жағынан шешіңіз, оны жылу судың ағысында жуыңыз және
мұқият құрғатыңыз. Шығыс сүзгіні қақпақтың ішкі жағынан орнатыңыз.
Қақпақты орнына орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ыдыс-аяқ жуатын машинаны сүзгілер мен контейнерді тазалау
үшін қолданбаңыз. Сүзгілерді және басқа да алынбалы бөлшектерін кептіру
үшін фенді қолдануға тыйым салынады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және / немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет. Пайдалануда болған бұйымды теріс темпе-
ратурада тасымалдаудың немесе сақтауға берудің алдында бұйымда судың
жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн
сәулелерінен қорғаңыз.

Содержание

Скачать