Roborock Vacuum Cleaner S8 + S8P52-02 Black [19/41] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Roborock Vacuum Cleaner S8 + S8P52-02 Black [19/41] Қауіпсіздік туралы ақпарат
18
Шектеулер
Оны мансарда едені, ашық терраса немесе жиһаздардың үсті сияқты кедергісі жоқ биік беттерде қолданбаңыз.
Өнімің жұмысына кедергі жасамау және құнды заттарды зақымдап алмау үшін тазаламас бұрын, жеңіл заттарды (мысалы, пластик қаптар), тез сынып
қалатын заттарды (мысалы, вазалар) еденнен алып тастаңыз.
Робот жұмыс істеп тұрса да, өніп тұрса да, өнімнің үстіне ештеңе (оның ішінде балалар және үй жануарлары) қоймаңыз.
Өнімді тұтанған заттарға (мысалы, темекі қалдықтары) қолдануға болмайды.
Қатты немесе өткір заттарды (мысалы, декорация қалдықтары, әйнек және шегелер) тазалау үшін өнімді пайдалануға болмайды.
Өнімді тазаламас бұрын немесе оған техникалық қызмет көрсетпес бұрын, пайдаланылмаған кезде, оны міндетті түрде өшіріп, қуат көзінен ажырату керек.
Док станциясының соруға арналған саңылауының жанына ештеңе қоймаңыз.
Жарақаттану қаупінің алдын алу үшін док станциясының саңылауына саусағыңызды тықпаңыз.
Нәресте немесе бала ұйықтап жатқан бөлмеде өнімді пайдалануға болмайды.
Док станция негізін немесе шаң себетін ұстап, өнімді тасуға болмайды.
Робот док станциямен үйлесімді болуы керек, әйтпесе қоқысты босату немесе зарядтау процесі дұрыс орындалмауы мүмкін.
Ауа арнасын бітеп қалуы мүмкін тастарды, қағаз қиындыларын немесе басқа заттарды жинау үшін док станцияны пайдаланбаңыз. Ауа арнасы бітеліп қалса,
оны дереу тазалаңыз.
Док станцияны оттан, ыстық көзінен және судан алшақ еденге қойыңыз. Робот ауада асылып қалуы мүмкін тар орындарда жұмыс істеуіне жол бермеңіз.
Робот жұмыс істеп тұрса да, өшіп тұрса да, док станцияның үстіне ештеңе (оның ішінде балалар және үй жануарлары) қоймаңыз немесе оның үстін (оның
ішінде шаңнан қорғайтын жапқышпен) жаппаңыз.
Темекі, сіріңке немесе ыстық күл сияқты өртеніп немесе түтіндеп жатқан заттарды жинамаңыз.
Оттық, бензин және принтерлерде немесе көшіру құрылғыларында қолданылатын тонер сияқты жанғыш немесе жарылғыш заттарды жинау үшін док
станцияны қолданбаңыз.
Балалар бұл құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру қажет.
Бұл өнімді физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға (оның ішінде балалар) пайдалануға
болмайды. Егер пайдаланатын болса, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам (CB) қадағалап немесе құрылғыны қалай қолдану керектігі туралы нұсқау
беріп тұруы керек.
Бұл өнімді 8 жасқа толған балалар және физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі аз адамдар қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқау алғанда және қадағаланғанда, сондай-ақ олар қандай қауіп-қатер бар екенін түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Балалар өніммен ойнамауы
керек. Біреу қадағалап тұрмаса, балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамауы қажет (ЕО).
Радиожиілік экспозициясының талаптарына сай келу үшін, құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, құрылғы мен адамдардың арасындағы қашықтық 20 см немесе
одан да көп болуы керек. Талаптарға сай келу үшін бұдан жақын қашықтықта жұмыс істемеген жөн.
Бұл трансмиттер үшін қолданылатын антенна басқа антеннамен немесе трансмиттермен бір жерге қойылмауы керек.
Бұл өнім тек ғимараттағы еденді тазалауға ғана арналған, оны далада (мысалы, бір жағы ашық террасада), жерден басқа қандай да бір бетте (мысалы,
диванда) немесе коммерциялық немесе өнеркәсіптік ортада қолдануға болмайды.
Өнімді температурасы -15℃ (5℉) және 50℃ (122℉) аралығындағы және ылғалдылығы 10% және 50% аралығындағы ортада сақтаңыз.
Өнімді температурасы 4℃ (39℉) және 40℃ (104℉) аралығындағы және ылғалдылығы 0% және 80% аралығындағы ортада пайдаланыңыз.
Өнімді пайдаланбас бұрын, жердегі сымдарды алып тастаңыз немесе оны шетке жинап қойыңыз, әйтпесе шаңғорғыш оларды тартып әкетуі мүмкін.
Шашты, киімнің бос бөліктерін, саусақтарды және дененің барлық мүшесін саңылаулардан және қозғалып тұрған бөліктерден алшақ ұстаңыз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат

Содержание

Похожие устройства

Скачать