Galaxy Line GL6195 [20/26] Жұмысқа дайындау

Galaxy Line GL6195 [20/26] Жұмысқа дайындау
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы
материалын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан
шығарыңыз. Жиынтықты тексеріңіз және механикалық бүлінулердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін
тексеріңіз. Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен
сүртіңіз.
Электр құралын бірінші рет қолданудың алдында контейнерді сумен
толтырыңыз және оны 5 минуттай жұмыс істеткізіңіз. Контейнерге құю
үшін сүзгіленген немесе үтіктеу үшін арнайы суды қолдану керек. Құралды
электр желісінен ажыратыңыз, оны суытыңыз және контейнерден судың
қалдықтарын кетіріңіз. Контейнердi сумен толтырудың алдында үтіктің
электр желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
6.1 Контейнерді сумен толтыру
6.1.1 Тұтқаны бекіткішке басыңыз және тұтқаны 180˚-қа сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
6.1.2 Контейнердің қақпағын ашыңыз және оны максималды деңгей
«Макс.» белгісіне дейін сумен толтырыңыз.
6.1.3 Контейнердің қақпағын жабыңыз. Электр құралы қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Бумен жібіткішті киімдегі немесе ішкі көрініс заттарындағы
қырыстырыстарды нәзік үтіктеуге, сонымен бірге кез келген типтегі
киімдер мен маталарды булап жібітуге қолдануға болады, бұл ретте
киім затбелгісіндегі нұсқауларды басшылыққа алу керек болады. Егер
осындай ақпарат болмаса, құралдың көмегімен матаны ішкі бет жағынан
буландырып көріңіз. Жібек немесе ши барқыт секілді маталарды булап
жібіту кезінде, бу үтікшесін бұйымнан біраз қашықтықта ұстай отырып
матаны өңдеңіз.
7.2 Қуат беру баусымын электр желісіне қосыңыз. Ажыратқыш
батырмасының индикаторы жанады.
7.3 Құралды іске қосу үшін ажыратқышты басыңыз. Қызу процесі
басталады, ажыратқыш батырмасының индикаторы көк түспен жанып-
сөнетін болады. Индикатордың көк түсі тұрақты жанып тұрған кезде, бұл
құралдың қызғандығын және жұмысқа дайын екендігін білдіреді.
7.4 Жұмыс режимін таңдау үшін жұмыс режимін ауыстырып-қосқышқа
басыңыз:
1-шібасу (индикатордың ақ түсі) – «Бу» режимі
2-шібасу (индикатордың көк түсі) – «Қарқынды бу» режимі
3-ші басу (ауыстырып-қосқыштың батырмасы жарық түсірмейді) – «Үтіктеу»
режимі.
ЕСКЕРТУ: құралды буландыру режимінде қажетті температураға жету үшін
1-2 минут бойы қолдану, ал сосын басқа режимдерге ауысу ұсынылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Перестал идти пар,что делать?
4 месяца назад