Galaxy Line GL6213 [22/27] Техникалық қызмет көрсету

Galaxy Line GL6213 [22/27] Техникалық қызмет көрсету
KAZ
23
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
8.2 Жұмыс аяқталғаннан кейін құралды тазалауды жүргізу қажет.
Құралды тазалау үшін құралдың бетін бүлдіруі мүмкін тазартқыш құралды
қолданбаңыз. Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ ма-
тамен сүртіңіз.
8.3 Электр құралын тазалау
8.3.1 Құралдың түбіндегі буландырғыштың ағызу саңылауының тығынын
ашудың алдында, электр құралындағы сұйықтықтың толықтай суығанына
және құралдың сөндірілгеніне көз жеткізіңіз.
8.3.2 Буландырғыштың ағызу саңылауының тығынын ашыңыз және суды
ағызыңыз.
8.3.3 Тазалаудан кейін электр құралының түбіндегі ағызу саңылауының
тығынын жабыңыз.
8.4 Электр құралын қақтардан тазалау
8.4.1 Суды сірке сумен 1:1 арақатынасында араластыру.
8.4.2 Алынған ерітіндіні суға арналған контейнерге құю.
8.4.3 Бумен жібіткішті 40 минутқа іске қосу.
8.4.4 Құралды электр желісінен ажырату және суыту.
8.4.5 Ағызу саңылауының қақпағын аша отырып, суға арналған контейнер-
ден қалған суды төгу. Корпустағы судың қалдықтарын құрғақ шүберектің
көмегімен кетіруге болады.
8.4.6 Суға арналған контейнерге таза су құю және қайта төгу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! тазалау процесінен кейін ағызу саңылауының
қақпағын міндетті түрде бекіту қажет. Қайтадан қолданудың алдында
қақпақтың орнына орнатылғанына және бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
8.5 Телескоптық тіреуді және киім ілгішті шешу
Жайлы сақтау үшінқұралды бөлшектеуге болады. Киім ілгішті шешу
үшін бекіткішті басу және ұстап тұру, сосын киім ілгішті жоғары тарту
қажет. Телескоптық тіреуді құралдан ажырату үшін, тіреу секциясының
бекіткіштерін ашу, барлық секцияларды төмен түсіру, бекіткіштерді жабу,
сосын тіреуді құралдағы саңылаулардан шығару қажет. Бекіткіштер ашық
кезде бүлінулерге жол бермеу үшін тіреуді күшпен тартуға тыйым салы-
нады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать