Galaxy Line GL3001 [14/21] Кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және жұмыс аяқталғаннан

Galaxy Line GL3001 [14/21] Кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және жұмыс аяқталғаннан
KAZ
14
14
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4 ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі
шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
4.1 Бұйымның корпусын суға және басқа да сұйықтықтарға батыруға бол-
майды.
4.2 Бұйымды қуат беру желісіне қосудың алдында желі параметрлерінің
осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мәндерге сәйкес
екендіктеріне көз жеткізіп алыңыз.
4.3 Бұйымды желіге Сіздің температураны реттеуіштің «0» (Сөнд.) күйінде
тұрғанына көзіңіз жеткеннен кейін ғана қосыңыз.
4.4 Бұйымды желіден ажырату кезінде қуат беру баусымынан емес ашадан
ұстау керек.
4.5 Құрал физикалық, сенсорлық немесе ойлау қабілеттері төмендеген
немесе оларда өмірлік тәжірибе мен білімдері болмаса, егер олар қарауда
болмаса немесе оларға олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар арқылы
құралды қолдану жөніндегі нұсқамалық жүргізілмесе, тұлғалармен балалар-
ды қоса алғанда) қолданылуға арналмаған. Балалар құралмен ойнауына
жол бермеу үшін қарауда болуы керк. Егер ол тіпті желіден ажыратылған
болса да, балалардың бұйымға жанасуларына рұқсат бермеу керек. Жұмыс
істеп тұрған бұйымның жанында балалар мен жануарлардың болуына жол
бермеңіз.
4.6 Бұйымды осы нұсқаулықта аталғандардан басқа мақсаттар үшін
қолданбау керек. Бұйыммен жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүргізілуі керек.
4.7 Бұйымды егер жану немесе жарылыс қаупі бар болса, мәселен тез
тұтанатын сұйықтықтардың немесе газдардың жанында қолданбаңыз.
4.8 Егер ол қараусыз қалдырылса және тазалаудың алдында құралды
әрдайым қуат беруші желіден ажыратып отырыңыз. Сонымен бірге құралды
кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және жұмыс аяқталғаннан
кейін желіден ажырату қажет.
4.9 Қуат беру баусымының және бұйымның бүтіндігін қадағалау қажет.
Бұйымды бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.10 Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу үшін оны
дайындаушы немесе оның агенті, немесе аналогтік біліктік тұлға ауысты
руы керек. Қуат беру баусымын ауыстыру қолданыстағы тарифқа сай
авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылады.
4.11 Бұйымға қате қарау оның бұзылуына, қолданушыға немесе оның
мүлігіне зиян тигізуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.12 Бұйымның жұмысы кезінде жерге тұйықталған заттарға жанаспаңыз
(мәселен, құбыржолдарға, жылыту радиаторларына, газ плиталарына,
тоңазытқышқа).
4.13 Күйіп қалуларды болдырмау үшін құралдың қыздырғыш элементіне
жанаспаңыз.
4.14 Құралды тегіс, орнықты, жылуға төзімді бетке желілік аша еркін
қолжетімді болатын жерге орналастырыңыз.
4.15 Электр құралын газ плиталарының және жылытқыштардың жанында
қолданбаңыз және оны ыстық беттерге қоймаңыз.

Содержание

Скачать