Ariston ABS ANDRIS LUX 10 [17/32] Жалпы талаптар

Ariston ANDRIS R 10 [17/32] Жалпы талаптар
1. Осы нүсқаулық су жылытқыштың жеткізілім жинағына кіреді. Қүрылғыны басқа түтынушыға беретін және/
немесе басқа жерге ауыстыратын жағдайлар үшін нүсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз.
2. Осы нүсқаулықпен мүқият танысыңыз. Нүсқаулықта су жылытқышты орнату, пайдалану және қызмет
көрсету барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы қажетті ақпарат берілген.
3. Қүрылғыны монтаждау түтынушының есебінен жүзеге асырылады.
4. Қүрылғыны тағайындалымынан тыс қолдануға қатаң тыйым салынады. Өндіруші фирма осы нүсқаулықтың
талаптарын орындамаудың нәтижесінде орын алған ақаулары үшін жауапты емес.
5. Монтаждау және техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жүмысты білікті маман қолданыстағы
нормалар мен қағидаларға, сондай-ақ өндіруші фирманың талаптарына сәйкес орындауы тиіс.
6. Дүрыс орнатылмаған қүрылғыны пайдалану жарақаттануға және мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін. Өндіруші
жабдықты дүрыс орнатпаудың салдарынан болған ақауларға жауапты емес.
7. Қаптау материалдарын (қысқыштар, полиэтилен пакеттер, пенополистирол және т. б.) балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Қаптау материалы денсаулыққа зиян.
8. Физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен түлғаларға (балаларды қоса алғанда)
немесе олардың өмірлік тәжірибесі мен білімі болмаған жағдайда, және егер ол өздерінің қауіпсіздігіне
жауапты түлғаның бақылауында болмаса немесе қүрылғыны қолдану жөнінде нүсқау берілмесе,
қүрылғыны пайдалануға болмайды.
9. Егер сіз аяқ киімсіз немесе Сіздің қолыңыз және/немесе аяғыңыз су болса, қүрылғыны үстамаңыз.
10. Жөндеу жүмыстарын білікті маман өндіруші фирма шығарған қосалқы бөлшектерді қолдана отырып
орындауға тиіс. Осы талап сақталмаған жағдайда өндіруші өзінен барлық кепілді міндеттемелерді
алып тастайды.
11. Ыстық судың температурасы қызып кетуден қорғау функциясын атқаратын термостатпен реттеледі.
12. Сумен қамту «Гидравликалық қосу» тармағына сәйкес орындалуға тиіс.
13. Электромонтаж «Электрлік қосу» тармағына сәйкес орындалуға тиіс.
14. Егер сақтандырғыш клапаны жинаққа кірмесе, оны модификациялауға немесе қолданыстағы талаптар мен
нормаларға сәйкес келмейтін басқа клапанға ауыстыруға қатаң тыйым салынады.
15. Тез түтанғыш заттарды жабдыққа тікелей жақын жерде сақтамаңыз.
16. Су жылытқыш түрмыстық қолданысқа арналған техникалық күрделі электрлік қүрылғы болып табылады.
17. Егер электрлік су жылытқышты орнату барысында түрғын үйлердегі кісі түратын және түрмайтын
ғимараттарды қайта жабдықтау (қайта қүру) қажет болса, онда оны орнатуды белгіленген тәртіпке сәйкес
рүқсаттарды алғаннан кейін ғана жүзеге асыруға жол беріледі.
18. Су жылытқышты көлік қүралының ішіндегі соққылардың, жылжып кетудің және қүлаудың алдын
алу үшін мықтап бекіту арқылы тік немесе көлденең күйінде (моделіне қарай) жабық көліктің кез келген
түрімен тасымалдау керек.
19. Су жылытқышты тиеу-түсіру жүмыстарының барысында соққы жүктемесіне үшыратуға тыйым салынады.
20. Тасымалдау барысында қаптаманы қысқыштармен қармау қажет болса, қармауды қаптаманың мына белгі
қойылған бүйір жағынан жүзеге асыру үсынылады .
21. Бүйымдар сақталатын қойма ғимараттарында +5°С-тан +4С-қа дейінгі ауа температурасы мен +25°С
тем пературада 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ал одан төмен температурада
ылғал конденсаты болмайтындай қамтамасыз етілуі тиіс.
22. Бүйым атмосфералық жауын-шашындардың әсерінен қорғайтын, ауасында қышқылдардың, сілтілердің
және өзге қоспалардың булары кездеспейтін қойма ғимараттарында қаптамада сақталуы тиіс.
Ж А ЛП Ы ТА ЛА ПТАР
1717

Содержание

Похожие устройства

Скачать