Galaxy Line GL4208 [15/19] Бірінші рет қолданудың алдында

Galaxy Line GL4208 [15/19] Бірінші рет қолданудың алдында
KAZ
15
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұстараны қолдануға болатын беттегі шаштардың
максималды ұзындығы - 3 мм. Егер беттегі шаштар ұзынырақ болса,
онда негізгі қырынудың алдында оны ұстараның құрамдас бөлігі болып
табылатын триммердің көмегімен қысқартыңыз.
Қорғаныс қақпақшасын шешіңіз. Ажыратқышты «ON» (қосылулы) күйіне
ауыстырыңыз. Теріге аздап тигізе отырып, шаштардың бойларына қарсы
жұмсақ қимылмен қырыңыз. Ұстараның үздік нәтижелеріне егер тері
құрғақ болса ғана қол жеткізіледі. Қолданудың бірінші күндері терінің
тітіркенуіне жол бермеу үшін ұстараға күш салмаңыз, оның жаңа қырғыш
жүйеге үйрену процесі орта есеппен 2-3 аптаға созылады. Қыру рәсімі
аяқталғаннан кейін ұстараны ажыратқыштың көмегімен ажыратыңыз.
Қырғыш блокты сыртқы әсерлерден қорғау үшін қалпақшаны кигізіңіз.
Қайырмалы тримерді қолдану.
Триммер висков, мұртты және сақалды тегістеуге арналған.Триммердің
ажыратқышын жоғары бағыт бойынша жылжытыңыз. Ұстараны іске
қосыңыз және самайларды, сақал мен мұрттарды баяу тегістеңіз.
Ұстараны ажыратыңыз және триммердың ажыратқышын оны жабық
күйге қайтара отырып, төмен бағыт бойынша жылжытыңыз. Әрбір
қолданғаннан кейін триммерді жиынтықта жеткізілетін шөткенің
көмегімен тазалап отырыңыз. Триммерді жиынтықта жеткізілетін май-
мен шамамен жылына 2 рет майлап отыру ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралы тек қырынуға, самайларды,
мұрттар мен сақалды тегістеуге ғана арналған!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
Электр құралын тазалау
Қырғыш блокты бекітуші батырманы басыңыз және оны электр
құралының корпусынан шешіңіз.
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды
(бар болған жағдайда) алып тастаңыз. Электр құралын бірінші рет
қолданудың алдында, сонымен бірге оның пайдалануында орын алған
ұзаққа созылған үзілістен кейін электр құралының аккумуляторлық
батареясын зарядтау қажет болады.
Желіден зарядтау үшін желілік адаптердің істікшесін электр құралының
төменгі бөлігінде орналасқан қуат беру ұясына қосыңыз. Желілік адаптерді
желіге қосыңыз. Заряд индикаторы жанады. Электр құралын 10 сағаттан
артық, сонымен қатар 0°С-тан төмен және 40°С-тан жоғары температура
кезінде зарядтамаңыз, өйткені бұл аккумулятор энергиясыйымдылығының
айтарлықтай кемуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Аккумулятордың толық за-
рядталуы үшін 4-тен 8 сағатқа дейін уақыт қажет етіледі.
Скачать