Galaxy Line GL4209 Bronze [17/21] Зарядтаңыз одан кейін желілік зарядтау құрылғысын 220 240 в 50 гц

Galaxy Line GL4209 Bronze [17/21] Зарядтаңыз одан кейін желілік зарядтау құрылғысын 220 240 в 50 гц
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (ол
бар болған кезде) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол және
т.б.) қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың қолы жетпейтін
жерлерде қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған кезде)
және электр құралының корпусындағы (2) сериялық нөмірмен жапсырманы
міндетті түрде орындарында сақтаңыз!
6.2 USB кабелді (8) толықтай тарқатыңыз;
6.3 USB кабелді (8) ұстараның төменгі бөлігінде орналасқан қуат берудің
жалғағышына (6), сосын желілік зарядтау құрылғысының (жиынтықта
жеткізілмейді) қоса отырып, электр құралының аккумуляторын толықтай
зарядтаңыз. Одан кейін желілік зарядтау құрылғысын 220-240 В ~ 50 Гц
желісіне розеткіге қосыңыз. Заряд индикаторы (5) жанады және қызыл
түспен жылтылдайтын болады. Зарядтау аяқталғаннан кейін заряд инди-
каторы (5) ақ түспен тұрақты жанып тұратын болады;
Ескерту
1 Үздіксіз жұмыс уақыты – 1,5 сағатқа дейін;
2 Аккумуляторды толық зарядтау кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші рет қолданудың алдында, зарядтың төмен
деңгейі кезінде, сонымен бірге оны пайдаланудағы ұзақ мерзімдік үзілістен
кейін электр құралының аккумуляторлық батареясын зарядтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын зарядтау кезінде қолданбаңыз.
6.4 Желіге қосылған желілік зарядтау құрылғысының (жиынтықта
жеткізілмейді) USB портынан USB кабелді (8) ажыратыңыз;
6.5 USB кабелді (8) электр құралының төменгі бөлігінде орналасқан
ұстараға қуат берудің жалғағышынан (6) ажыратыңыз;
6.6 Құралдың корпусын (2) дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.7 Құралды құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды бірінші рет іске қосу кезінде иіс пайда
болуы мүмін. Ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып
табылмайды. Бірнеше рет қолданудан кейін иіс жоғалады.
7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
7.1 Жалпы нұсқаулар
7.1.1 Қырғыш блоктан (1) қорғаныс қалпақшаны (9) шешіңіз;
7.1.2 Ажыратқышты (3) «I» (іске қосулы) күйіне ауыстырыңыз. Жұмыс
индикаторы (4) ақ түспен жанады;

Содержание

Скачать