Galaxy Line GL4209 Silver [19/21] Қызметтік мерзімі

Galaxy Line GL4209 Silver [19/21] Қызметтік мерзімі
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
• Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
• Құралды тазалаудан кейін әбден кептіріңіз.
8.2 Ұсыныстар
• Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз.
Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну үзілді-кесілді ұсынылады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бүлінулерге жол бермеу үшін бұйымды тек зауыттық қаптамада
тасымалдаңыз. Тасымалдаудан және бұйымды төмендетілген температура-
да сақтаудан кейін оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай
ұстау қажет. Сақтаудың және қайтадан пайдаланудың алдында құралдың
барлық бөліктерін тазалаңыз және толықтай құрғатыңыз. Құралды құрғақ
салқын орында, +0-ден +40 °С-қа дейінгі температура кезінде және 80%-
дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында , балалар мен
жануарларға қолжетімсіз жерлерде сақтау ұсынылады. Бұйымды тасы-
малдау, тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
айтылғандардан басқа, келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасы бүтіндігінің бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін әлеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың
тиіп кетуіне жол бермеу қажет. Бұрын пайданудан болған бұйымды
тасымалдаудың немесе теріс температурада сақтауға берудің алдында
бұйымда судың жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері
құрғақ болулары керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан
және күннің тікелей сәулелерінің әсерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Электр құралдарын қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толмас
зиян келтіреді. Ақаулы электр құралдарын тұрмыстық қалдықтармен
бірге лақтырмаңыз. Осы мақсаттар үшін электр құралдарын
мамандандырылған кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Сіз электр
құралдарын қабылдау бекеттерінің мекенжайларын Сіздің қалаңыздағы
муниципалдық қызметтерден ала аласыз. Батарея құралдан оны кәдеге
жаратудың алдында одан алынған болуы керек. Құрал батареяны алып
тастау кезінде қуат беру желісінен ажыратылған болуы керек. Батарея
қауіпсіз кәдеге жаратылуы керек.
10 ҚЫЗМЕТТІК МЕРЗІМІ
Құралдың қызметтік мерзімі 3 жылды құрайды.
Дайындаушы –компания сатып алушылардың назарын бұйымды
тұрмыстық мұқтаждықтардың аясында пайдалану және осы пайдала-
ну жөніндегі нұсқаулықта келтірілген қолдану ережелерінің сақталуы

Содержание

Скачать