Galaxy Line GL4159 Руководство по эксплуатации онлайн [19/22] 808702

Galaxy Line GL4159 Руководство по эксплуатации онлайн [19/22] 808702
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
Желке
3-ші саптаманы (9 мм) қолданумен желкедегі шаштарды алыңыз.
Самайлар
1-ші саптаманы (3 мм) қолданумен керамикалық жүздерді реттеуішті 3 (1,4
мм) күйіне ауыстырыңыз, самайлардағы шаштарды алыңыз. Саптама-тарақты
шешіңіз және самайлардың сызықтарын жүздермен тегістеңіз. Осыдан кейін
3-ші саптама-тарақты (9 мм) орнатыңыз және шаш қиюды бастың төбешашы
бағыты бойынша жалғастырыңыз.
Төбешаш
3-ші саптаманы (9 мм) қолданумен керемикалық жүздердің жылжуын ретте-
уішті 5 (2,0 мм) күйіне ауыстырыңыз. Шаштарды Сіздің шашты қандай ұзын-
дықта жасағыңыз келетіндігіңізге байланысты шаштың өсу бағыты немесе қар-
сы бағыт бойынша қиюға болады. Егер Сіз қысқалау шаш қиюды қаласаңыз,
шаштарды олардың өсулеріне қарсы қию қажет болады. Егер Сіз ұзын шаштар-
ды қалдырғыңыз және тек төбешаштағы шаш ұштарын тегістегіңіз ғана кел-
се, шаштарды тарақпен немесе саусақтармен көтеріңкіреңіз және машинканы
шаштардың өсуіне қарсы жүргізе отырып, шаштардың ұштарын қиыңыз.
Мойын сызықтары бойынша сұлбалар құру
Саптаманы шешіңіз. Мойынның бүйірлері бойынша және құлақтардың маңай-
ындағы шаштарды алыңыз. Машинканы басқа тура бұрыш бойынша ұстаңыз.
Электр құралына тым қатты күш түсірмеу керек. Машинканы жоғарыдан
төмен жылжыта отырып, шаштарды қиыңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін ауы-
стырғышты «0» (сөндірулі) күйіне ауыстыра отырып, құралды сөндіріңіз.
Ұсыныстар
Егер шаштар дымқыл болса, оларды шаш қиюдың алдында кептіріп алу ұсы-
нылады. Бірнеше қолданулардан кейін электр құралының жүзіне мезгіл-мез-
гіл май жағызыңыз. Шашқа арналған майды, керосинмен немесе кез келген
ерітіндімен араласқан майды қолдану ұсынылмайды. Сіз электр құралын қо-
сымша алынбалы саптамаларсыз қолдана аласыз.
Электр құралын тазалау
1. Электр құралын сөндіріңіз.
2. Жүздерден қиылған шаштарды жиынтықта келуші шөткемен кетіріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаш қиюға арналған жиынтық тек шаштарды қиюға,
сақалдарды, самайларды және мұрттарды тегістеуге ғана арналған!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Саптама-тарақтарды орнату және шешу кезінде жүз-
бен бір жеріңізді кесіп алмау үшін сақ болыңыз. Жүздің жарамдылық мерзімі
шаш қиюға арналған машинканың қолданудың жиілігіне және ұзақтығына
байланысты болады. Аккумулятордың пайдаланушылық мерзімі қолданудың
жиілігіне және ұзақтығына байланысты болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать