Beko B3WFR57H2W [58/68] Машинаны пайдалану

Beko B3WFR56H2W [58/68] Машинаны пайдалану
58 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
5 Машинаны пайдалану
Егер қашықтан басқару функциясын қосу
мүмкін болмаса, батырманы басқан кезде
машина ескерту сигналын шығарады. Бұл
құрылғы қосулы және Bluetooth арқылы
жұпталған зияткерлік құрылғы анықталмаған
жағдайларда орын алуы мүмкін. Мысалы,
Bluetooth теңшелімдері өшірулі немесе
машинаның есігі ашық.
Кір жуғыш машинада функция қосылғаннан
кейін ол белгілі бір жағдайларды қоспағанда,
қосулы болып қалады және Bluetooth арқылы
қашықтан машинаны басқаруға мүмкіндік
береді.
Кейбір жағдайларда ол қауіпсіздік мақсатында
өзін өшіреді:
кір жуғыш машинаның қуаты ажыратылған
кезде;
бағдарламаны таңдау тұтқасы басқа
бағдарламаға бұрылған кезде немесе
машина өшірілген кезде.
5.22. Ақаулықтарды жою
Егер басқару немесе қосылу кезінде ақаулар
пайда болса, мәселе қайталанатынына және
сіз жасаған әрекеттермен байланысты емес
екеніне көз жеткізіңіз. Егер мәселе жойылмаса,
келесі әрекеттерді орындаңыз.
Зияткерлік құрылғы тиісті үй желісіне
қосылғанын тексеріңіз.
Бұйымның қолданбасын қайтадан іске
қосыңыз.
Bluetooth функциясын өшіріп, басқару
тақтасында қайта қосыңыз.
Егер байланыс жоғарыда аталған
процестерді қолдана отырып орнатылмаса,
кір жуғыш машинада бастапқы орнатуды
қайталаңыз.
Мәселе қайтадан туындаса фирмалық сервис
орталығына жүгініңіз.

Содержание

Похожие устройства