Galaxy Line GL4620 [17/22] Даныңыз электр құралын жиі қолдану кезінде ретке келтіруге арналған

Galaxy Line GL4620 [17/22] Даныңыз электр құралын жиі қолдану кезінде ретке келтіруге арналған
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптаушы материалдарды (пластик пакеттерді, полистирол және
т. б.) балаларға қолжетімді жерлерде қауіпті оқиғаларға жол бермеу үшін
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған
жағдайда) және бұйымның сериялық нөмірі бар жапсырманы орнында
электр құралының тұтқасында (3) міндетті түрде сақтаңыз!
6.2 USB кабелді (10) толықтай тарқатыңыз;
6.3 Электр құралының аккумуляторлық батареясын толық зарядталуға
дейін зарядтаңыз. Ол үшін USB кабелдің (10) істікшесі (11) электр құра-
лының төменгі бөлігінде орналасқан қуат беру жалғағышына (8) қосыңыз.
USB кабелді (10) 220-240 В ~ 50 Гц тиісті мәндегі желіге қосылған желілік
зарядтау құрылғысының (жиынтықта жеткізілмейді) USB портына қосыңыз.
Зарядтау индикаторы (17) жанады. Аккумуляторды толық зарядтау кезінде
зарядтау индикаторы (17) 4 тұрақты жанып тұрушыбөлулермен болады;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралыныңаккумуляторлық батареясын
әрдайым электр құралын бірінші рет қолданудың алдында, заряд деңгейі
төмен кезде, сонымен бірге ұзақ мерзімдік үзілістен кейін оны пайдалану-
дың алдында зарядтап алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын зарядтау кезінде қолданбаңыз.
6.4 USB кабелді (10)желіге қосылған желілік зарядтау құрылғысының
(жиынтықта жеткізілмейді) USB портынан ажыратыңыз;
6.5 Электр құралының төменгі бөлігінде орналасқан қуат беру
жалғағышынан (8) USB кабелдің (10) істікшесін (11) ажыратыңыз;
6.6 Құралдың корпусын (2) дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.7 Құралды құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаш бұйралағышты-стайлерді бірінші рет іске қосу
кезінде түтін шығуы және иіс пайда болуы мүмкін. Бұл қауіп төндірмейді
және құралдың бұзылуының белгісі болып табылмайды. Іске қосудан кейін
бірнеше минут өткеннен соң иіс пен түтін жоғалады.
7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
7.1 Жалпы ұсыныстар
Шаштарды бұйралаудың алдында шаштарды сусабынмен жуыңыз және
оларды кептіріңіз. Шаш бұйралағыш-стайлерді құрғақ шаштарға ғана қол-
даныңыз. Электр құралын жиі қолдану кезінде ретке келтіруге арналған
жылулық қорғаныс құралдарды қолдану ұсынылады. Жұқа, түсі кеткен
және/немесе түскіш шаштар үшін біз төменірек температураны, қою,
толқын және/немесе ретке келтіруге қиын шаштарға – жоғарырақ темпе-
ратураны ұсынамыз. Төменде келтірілген 3 кестені басшылыққа алыңыз.
7.2 Жұмыс тәртібі
Іске қосу/сөндіру батырмасын (6) басып және дисплей (5) жанғанша
дейін ұстап тұрумен құралды іске қосыңыз;
Қызу температурасының индикаторы (14) жылтылдап тұрған кезде

Содержание

Похожие устройства

Скачать