Candy CT-251 [6/11] Сақтық шаралары

Candy CT-251 [6/11] Сақтық шаралары
10 11
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта
көрсетілген пайдалану ережелерін сақтамау
жарақаттар алуға және пайдаланушы мүлкінің
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аспапты пайдаланар алдында электр желісінің
сипаттамалары құрылғының заттаңбасында
көрсетілгендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты тек жерге тұйықталуы бар розеткаға ғана
қосыңыз (жергілікті ережелерге сәйкес орындалған
жерге тұйықталу болмаған жағдайда өндіруші
(өндірушінің уәкілетті тұлғасы) өзінен шығынды өтеу
бойынша жауапкершілікті алып тастайды).
Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндіктері шектеулі
немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың
(соның ішінде балалар), сонымен қатар тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар-дың пайдалануы үшін
тағайындалмаған.
Бұл құрылғы тек үй жағдайларында пайдалану үшін
арналған.
Алғаш рет қосу алдында аспаптың дұрыс
жиналғанына және барлық қаптау материалдары
жойылғанына көз жеткізіңіз.
Электр тогынан зақымдануды болдырмау үшін
аспапты, желілік шнурды немесе желілік шнурдың
вилкасын суға немесе өзге сұйықтыққа батырмаңыз.
Қуат көзі шнурының ыстық бетке жанасуына жол
бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аспапты тегіс, құрғақ, тұрақты бетке орнатыңыз.
Тостерді қыздырудан пішіні өзгертілуі мүмкін
заттардың жанында орнатпаңыз. Тостерден басқа
заттарға дейінгі минималды қашықтық - 20 см.
Аспапты газ немесе электр плитаға немесе
қыздырылуы мүмкін бетке орнатпаңыз.
Аспапты перделер, орамалдар және т.б. сияқты жеңіл
тұтанатын материалдарға жақын қоймаңыз, аспаптың
бөліктерін және аспаптың өзін жұқалтырмен және/
немесе басқа материалдармен жаппаңыз, бұның
салдарынан ол қызып кетуі және/немесе өрт
шығуы мүмкін.
Тостерді алғаш рет пайдаланған кезде одан сәл түтін
шығуы мүмкін. Бұл ақаулық белгісі болып табылмайды.
Жұмыс істеп тұрған тостерді қараусыз қалдырмаңыз
және оны жұмыс уақытында жылжытпаңыз.
Тостер нан бұйымдарын қыздырып пісіруге арналған.
Тостерді арналуы бойынша пайдаланыңыз.
Тостерге жұқалтырға немесе басқа қаптама
материалдарына оралған тағамдарды салмаңыз,
бұның салдарынан өрт шығуы мүмкін.
Тостерді таза күйде ұстаңыз. Тазалау үшін абразивті
тазартқыш құралдарды, химикаттарды немесе қатты
металл жөкелерді пайдаланбаңыз.
Егер тосттар тостерде тұрып қалса, оларды пышақ
немесе шаңышқы сияқты өткір заттармен алмаңыз.
Аспапты міндетті түрде желіден ажыратыңыз, суытыңыз,
тосттарды шығарып алыңыз. Тостер жұмыс істеп
тұрғанда, корпус және қиқымдарға арналған
түпқойма қызуы мүмкін.
Тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз.
Аспапты басқа жылу көздерінің жанына қоймаңыз.
Аспаптың корпусына бөгде заттар мен сұйықтықтың
түсуіне жол бермеңіз, бұл оның зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
Аспапты қараусыз қалдырған кезде, оны пайдаланып
болғаннан кейін, сондай-ақ тазаламай, жылжытпай
және сақтауға алып қоймай тұрып желі баусымының
ашаны розеткадан суырыңыз.
Желі сымының, желі сымы ашасының және аспаптың
зақымдалған-зақымдалмағанын үнемі тексеріп
тұрыңыз. Кез келген түрдегі зақымдану анықталған
жағдайда, пайдалануды дереу тоқтатып, оны тексеру,
ауыстыру немесе жөндеу үшін жақын маңдағы қызмет
көрсету орталығына тапсырыңыз.
Аспап туралы ақпарат қамтылған шильдті жоймаңыз
және бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын алған жағдайда
аспапты дәл сәйкестендіру үшін қажет.
Құрылғыны сату жүзеге асырылатын елдің
заңнамасының талаптарына сәйкес кәдеге
жаратыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать