Candy CT-252 [9/11] Кепілдікті қызмет көрсету шарттары кепілдікті қызмет көрсету шарттары

Candy CT-252 [9/11] Кепілдікті қызмет көрсету шарттары кепілдікті қызмет көрсету шарттары
16 17
Кепілдікті қызмет көрсету шарттары Кепілдікті қызмет көрсету шарттары
Room S401, Haier Brand building, Haier Industry
park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao,
Қытай мекен жайы бойынша орналасқан
Haier корпорациясы сіздің таңдауыңыз үшін
алғыс білдіреді, оны пайдалану ережелерін
сақтаған жағдайда осы өнімнің жоғары
сапасы мен мінсіз жұмысына кепілдік береді.
Күнделікті тұрмыста қолдануға арналған шағын
тұрмыстық техниканың ресми қызмет ету мерзімі
- өнімді соңғы тұтынушыға берген күннен
бастап 3 жыл. Бұйымның жоғары сапасын еске-
ре отырып, пайдаланудың нақты мерзімі ресми
мерзімнен біршама артуы мүмкін.
Барлық өнімдер пайдалану шарттарын ескере
отырып жасалған және техникалық талаптарға
тиісті сәйкестікке сертификаттаудан өткен.
Түсінбеушілікті болдырмау үшін сатып алу кезін-
де пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік
міндеттемелердің шарттарын мұқият оқуды
және кепілдік талонының дұрыс толтырылғанын
тексеруді сұраймыз.
Кепілдік талоны қате немесе толық толтырылмаған
жағдайда, сауда ұйымына хабарласыңыз.
Осы кепілдік талонымен Haier корпорациясы
бұйымның ақаулығы анықталған жағдайда
тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қол-
даныстағы заңнамамен, басқа да нормативтік
актілермен белгіленген тұтынушы талаптарын
қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді
өзіне қабылдағанын растайды. Алайда, Haier
корпорациясы төменде көрсетілген шарттар
сақталмаған жағдайда өнімге кепілдік қызмет
көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
ТМД аумағында авторландырылған серікте-
стердің толық тізімін Haier Ақпараттық орта-
лығынан мына арқылы біле аласыздар:
www.candy-home.com/ru_RU/ сайтында
немесе help@haieronline.ru. электрондық
пош-тасына сұрау салу арқылы.
Авторландырылған серіктестердің деректері
өзгертілуі мүмкін, анықтама алу үшін Haier
Ақпараттық орталығына хабарласыңыз.
Кепілдікті қызмет көрсету ақаулықтары
төмендегілердің салдарынан туындаған
бұйымдарға қолданылмайды:
Тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау
және/немесе тасымалдау шарттары мен
ережелерін бұзуы.
Бұйымды қате орнату және/немесе қосу.
Өнімнің осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш
заттарды қолдану, сондай-ақ жуғыш құрал-
дардың ұсынылған дозасынан асып кету.
Бұйымдарды ол тағайындалмаған мақсат-
тарда пайдалану.
Үшінші тұлғалардың әрекеттері: рұқсат
етілмеген құрылымдық немесе схемалық тех-
никалық өзгерістерді уәкілетті емес адамдар-
дың енгізуі немесе жөндеуі.
Еңсерілмейтін күш әрекеттері (апат, өрт,
найзағай т.б.).
Тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың
қасақана немесе абайсыз әрекеттері,
жазатайым оқиғалары.
Егер бұйымның ішіне бөгде заттардың,
бөлшектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің,
жәндіктердің тіршілік ету өнімдерінің түсуінен
болатын зақым табылса.

Содержание

Похожие устройства