Scarlett SC-VC80H25 [7/8] Корпустан түтікті суырып алу үшін

Scarlett SC-VC80H25 [7/8] Корпустан түтікті суырып алу үшін
IM023
www.scarlett.ru SC-VC80H25
7
Егер бұйым біршама уақыт C -тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау
керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі
мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына
қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе)
қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы
екі сан «X жасап шығарылған айы, келесі төрт
сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Аспап үй-жайларды, жиһазды, машиналарды,
перделерді, саңылауларды, безендірілген беткі
қабаттарды шаңнан тазарту үшін қолданылады.
Бұйымды орауыштан алыңыз.
Түтікті корпустың үстіңгі жағындағы арнайы
тесікке түтіктегі істіктер корпустағы
тесіктерге кіретіндей етіп сұғыңыз.
Корпустан түтікті суырып алу үшін
істіктердің үстінен басыңыз да, түтікті
жоғары қарай тартыңыз.
Әмбебап шөткені шаңсорғыштың корпусының
астыңғы жағындағыц арнайы тесікке орнатыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Жұмысты бастар алдында қуат сымының ашасын
электр желісінің розеткасына сұғыңыз.
Шаңсорғышты іске қосу үшін «Қосу/Өшіру»
түймесін басыңыз, өшіру үшін оны тағы бір рет
басыңыз.
Қол оңай жететін беткі қабаттарды, машинаны,
жиһазды тазалау үшін шаңсорғышты түтіксіз
пайдаланыңыз.
Шаңсорғыштың корпусынан түтікті ажыратып алу
үшін қысқышты ашыңыз да, түтікті жоғары қарай
тартыңыз.
Жинаққа жетуі қиын жерлердегі шаңды кетіруге
арналған саңылау тазалайтын қондырма кіреді.
Қондырманы суырып алу үшін шөткені ағытып
алыңыз да, саңылау тазалайтын қондырманы
бекітетін түймені басыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Шаңсорғышты өшіріңіз де, электр желісінен
ажыратыңыз.
Шөткені төмен қарай тарту арқылы оны
шаңсорғыштың корпусынан ағытып алыңыз.
Егер саңылау тазалайтын қондырманы
пайдаланған болсаңыз, оны бүктеңіз де, корпусқа
бекітіп қойыңыз.
Түтікті ағытып алыңыз.
Шаңсорғыштан шаң жинайтын сауытты ағытып
алыңыз, ол үшін сауытты бекітетін түймені
басыңыз. Сауыттағы қоқысты алып тастаңыз.
Шаңсорғыштың корпусының сыртқы қабатын
құрамында түрпілі заттектер жоқ жуғыш құрал
қосылған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. ЕСІҢІЗДЕ
БОЛСЫН: Бұйым мен қуат сымын суға немесе
кез келген сұйық затқа малуға тыйым салынады.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ
Сүзгіні жылына кем дегенде екі рет тазалау
керек.
Сүзгіні өзіңізге қарай тарта отырып, сауыттан
абайлап шығарып алыңыз.
Сүзгіні жуыңыз да, құрғатыңыз.
Сүзгіні батареяның үстіне қойып немесе басқа
жылытқыш аспаптардың көмегімен кептіруге
тыйым салынады.
Сүзгі мен сауытты бұрынғы орнына орнатыңыз.
Орнатардың алдында сүзгі мен сауыттың
бүлінбегенін мұқият тексеріңіз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Сүзгісі орнатылмаған
шаңсорғышты тоққа қосуға болмайды, себебі
электрқозғалтқыш істен шығуы мүмкін
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты тігінен орнатыңыз.
Сымды ыңғайлы сақтау үшін аспаптың тұтқасы
мен корпусында арнайы ілмектер
қарастырылған.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша
құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар мен батарейкалар
кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге
шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды
арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша
мәліметтер алу үшін жергілікті басқару
органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы
ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс
шығармау салдарынан адамның денсаулығына
және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің
алдын алуға көмектеседі.
Скачать