Scarlett SC-AH986M25 [9/12] Kz пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Scarlett SC-AH986M25 [9/12] Kz пайдалану жөніндегі нұсқаулық
IM022
www.scarlett.ru SC-AH986M25
9
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және
біздің компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану
нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT
компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған
және іске пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде,
бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды
құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші
көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын
аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде
сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы, электр
жүйесінде көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен
әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр
жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану
үшін тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі
үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау
бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тәжірибе мен білімі жоқ адамдар, егер олар құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алса және онымен байланысты қауіптерді түсінсе,
қолдана алады.Балалар құрылғыны тазалау мен қызмет көрсетуді қараусыз жүргізбеуі
тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы
сервис орталығына апарыңыз.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе
ол уәкілеттік берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға
тиіс.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала
орамаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, бу жіберуге арналған тесік арқылы қалған суды
төкпеңіз.
Дымдаушыны тазалау барысында құралдың ішкі бөліміне су тигізбеңіз бұл оны істен
шығаруы мүмкін.
Құралды қосқан кезде ультрадыбыстық түрлендіргішке тимеңіз.
Дымдаушыны тек қана резервуарда су бар кезде ғана қосыңыз. Тұлға деформацияланып
немесе өңі өзгермеуі үшін резервуарға құюға және жууға температурасы 40 °С жоғары
суды қолданбаңыз.
Дымдаушыны жылжытқанда қасындағы суға арналған резервуарды ұстап, тек қана
табанынан алыңыз.
Тозаңдатқыш арқылы су құймаңыз.
Суды тұлғадағы су беруге арналған түтікше арқылы тікелей құймаңыздар.

Содержание

Скачать