Centek CT-1961 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/52] 810073

Centek CT-1961 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/52] 810073
21
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қуат өшіп, содан кейін оны қайта
бастаған кезде кір жуғыш машина бағдарлама үзілген сәттен бастап жууды
жалғастырады.
6.1. ҚОСЫМША РЕЖИМДЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
КІР ЖУУДЫ АЯҚТАУ УАҚЫТЫН ТАҢДАУ
Қызмет кір жууды аяқтауды аралағы 1 сағат болатындай 3-тен 24 сағатқа
дейінгі уақытқа кейінге шегеруге мүмкіндік береді. Мысалы, егер сіз «Хлопок»
(«Мақта») бағдарламасын таңдасаңыз (қосымша қызметтерсіз бағдарлама 57
минутқа созылады) және кір жууды 10 сағаттан кейін аяқтауды таңдасаңыз,
онда кір жуу 9:03 сағатта басталады, ал 10 сағаттан кейін аяқталады.
Егер сіз кір жууды белгілі бір уақытта аяқтауды қаласаңыз (мысалы, үйге
қайтар кезде), не болмаса электр қуатына тиімді түнгі тариф үшін түнге
қалдыру үшін өте пайдалы.
Бұл қызметті іске қосу үшін кір жууды бастар алдында «Отсрочка завер-
шения» («Аяқтауды кейінге шегеру») батырмасын басып, аяқтауға қажетті
уақытты таңдаңыз. Дисплейде таймерді көрсететін сәйкес белгіше жанады.
Болдырмау үшін – айналмалы ажыратып-қосқышты ағымдағыға ұқсамайтын
кез келген басқа қалыпқа бұраңыз. Таймер түріндегі индикатор дисплейден
өшеді.
ЕСКЕРТПЕ: егер сіз бастауды кейінге шегеруді орнатып жатсаңыз сұйық
жуғыш құралды пайдаланбаңыз, оның қойылып кететін қасиеті бар және
бірден суда еріп кетпесе, машинаның ішк бөліктеріне жабысып қалуы мүмкін.
Ескертпе. Кейбір бағдарламалар үшін аяқтауды кейінге шегеру қолжетімсіз.
КІР ЖУУ КЕЗІНДЕ СУДЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ТАҢДАУ
«Температура» Температура») батырмасын ретімен баса отырып, егер
бағдарламада қарастырылған болса, сіз алдыңғы панельде ұсынылған
нұсқалардың бірінен (20 – 40 – 60 80 – 85 °С) кір жуу температурасын таңдай
аласыз. Салқын суды таңдау үшін дисплейде «- белгісі шыққанға дейін
батырманы басыңыз.
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
«Скорость» («Жылдамдық») батырмасын ретімен баса отырып, сіз алдыңғы
панельде ұсынылған нұсқалардың бірінен сығу кезінде минутына айналымның
қажетті санын таңдай аласыз (егер бұл бағдарламада қарастырылса), соның
ішінде және дисплейде «- белгісі шыққанға дейін батырманы басып,
ағымдағы цикл үшін сығуды өшіріп тастай аласыз.
Қолжетімді мәндер: 0 – 500 – 700 – 900 – 1200 – 1400 айн/мин.
Мұқият қарым-қатынасты талап ететін киімдер үшін (мысалы, жүннен
жасалған өнімдер, жұқа матадан тігілген киімдер, спорттық тыныс алатын
термокиімдер үшін) сығуды өшіріп тастаңыз.
Ескертпе. Айналым санын («-») таңдамай, «Отжим» («Сығу») бөлек
бағдарламасын қосу машинадан судың ағызылуын жүргізеді.
«ШАЮ» ФУНКЦИЯСЫ
Ағымдағы жуу циклінде шаюдың қайталану санын өзгертуге мүмкіндік береді.
Дисплейде жаңа мән көрсетіледі.
ПАР (БУ)
Қыртыстарды жазу мысалы киімдерді одан кейін үтіктеу немесе жаңа өң беру
үшін сіз киімді бумен өңдеу қызметін пайдалана аласыз.
«Пар» («Бу») батырмасын басу (кір жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін
және оны қосар алдында) бұл қызметті іске қосады: барлық режим мен
қызметті орындап болғаннан кейін кір жуу соңында сіздің киіміңіз ыстық
бумен өңделеді.
ПЯТНА (ДАҚТАР)
Бұл машина кір жууды жүзеге асыру технологиясын ластану түріне байланы-
сты бейімдей алады.
Мәселен, барабанның айналу қарқыны, айналу түрі, айналулар арасындағы
кідіру аралығы, судың температурасы барлығы сіз таңдаған ластану түрін
жууға сәйкес бейімделеді.
«Пятна» («Дақтар») батырмасын ретімен баса отырып, ластанудың 8 түрінің
бірін таңдаңыз, машина өз күшін оларды жоюға бағыттайды: тамақ май-
лары, шырындар, бояғыш заттар, қан, сүт, қызыл шарап, топырақ (балшық),
жапырақтар мен шөптердің іздері.
ОЧИСТКА БАРАБАНА (БАРАБАНДЫ ТАЗАЛАУ)
Кір жуу машинасының барабаны кір киіммен және жуғыш құралдармен
әрекеттеседі. Уақыт өте онда бактериялар және жуғыш құралдардың
қалдығы қалуы мүмкін. Кір жуу аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы ма-
шина ішінде сақталатын жоғары ылғалдылық зеңнің және шіріген иістің пайда
болуына жол ашады.
Кір жуу машинасының қызмет ету уақытын ұзарту және барабанды таза
қалыпта ұстау үшін барабанды (соның ішінде резеңке төсемедегі қуыстарды)
әр кір жуғаннан кейін құрғатып сүртіңіз және «Очистка барабана» («Барабан-
ды тазалау») қызметін тұрақты пайдаланыңыз.
1. Қызметті қосар алдында барабанда ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
2. Негізгі кір жууға арналған бөлікке автоматты кір жуу машиналарының бара-
бандарын тазалауға арналған арнайы құралды қосыңыз.
3. Осы бағдарламаны таңдаңыз және «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батыр-
масын бсаыңыз. Тазалау 85 °С температурада жүргізіледі.
4. Бағдарламаның аяқталуын күтіңіз, машинаны өшіріңіз және барабанды
жұмсақ құрғақ матамен сүртіңіз.
ФУНКЦИЯ «БЛОКИРОВКА ОТ ДЕТЕЙ» («БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ» ҚЫЗМЕТІ)
Осы қызметтің арқасында сіздің балаларыңыздың және құрылғының
қауіпсіздігі бақылауда болады.
Бұл қызметті іске қосу үшін кір жууды бастағаннан кейін «Скорость»
(«Жылдамдық») батырмасын 3 секунд бойы басып тұрыңыз. Сәйкес индика-
тор жанады. Машинаның барлық қызметі мен режимі таңдау үшін қолжетімсіз
болып қалады. Бұл қызметті өшіру үшін қосу үшін қажет болған әрекеттерді
қайталаңыз (индикатор өшеді).
ЕСКЕРТПЕ: балалардан бұғаттау режимі қосулы кезде машинаны бұрынғыша
айналмалы ажыратып-қосқыштың көмегімен өшіре беруге болады. Құрылғыны
келесі қосқан кеззде машина жұмысын өшіру кезінде тоқтаған жерінен бастап
жалғастырады.
РЕЖИМ «БЕЗ ЗВУКА» («ДЫБЫССЫЗ» РЕЖИМІ)
Дыбысын өшіру үшін «Скорость» («Жылдамдық») және «SMART» батырмала-
рын басып тұрыңыз. Сіз дыбыстық белгілер мен хабарламаларды өшіресіз.
Дыбысын қосу осыған ұқсас тәсілмен орындалады.
РЕЖИМ SMART («SMART» РЕЖИМІ)
Егер сіз шаршасаңыз, асығыс болсаңыз немесе кір жуу параметрлерін таңдауға
бас қатырғыңыз келмесе, машина мұның бәрін сіздің орныңызға өзі жасайды.
SMART режимінде кір жуу машинасы жүктелген киімнің параметрлерін
бағалайды және өз бетінше ұзақтығын, температураны (ереже бойынша
20-дан 40 °С-қа дейінгі аралықта), шаю ішкі циклдарының саны және т.б.
таңдайды.
Бұл режим кез келген ыңғайлы тәсілмен жеңіл іске қосылады:
1. Машина өшіп тұрған кезінде – SMART батырмасын 3 секунд бойы басып тұру
арқылы.
2. Машина қосулы тұрғанда 1-бөлімде сипатталған тәсілдің көмегімен, не
болмаса SMART батырмасын бір рет басыңыз, ал одан кейін «Старт/Пауза»
(«Қосу/Кідіріс» батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SMART режимі мақтадан, зығырдан, синтетикалық және аралас
матадан тігілген аздап ластанған, күнделікті киіп жүрген киімдерді жууға
есептелген. Қатты немесе ерекше ластану кезінде, не болмаса айрықша күтімді
қажет ететін киімдер үшін сәйкес режимді пайдаланған дұрыс.
БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫНДА БАПТАУЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ
Кір жуу басталып кетсе де, сіз оның баптауларына өзгерістер енгізе аласыз.
Ол үшін «Старт/пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасын баса отырып, орында-
лып жатқан бағдарламаны кідіріске қойып қойыңыз. Баптауларды өзгертіңіз
және/немесе қосымша қызметтерді қосыңыз.
Егер кір жууды орындаудың ағымдағы кезеңі сіздің өзгерістерді енгізуге жа-
рамды болса, олар қабылданады.
«Старт/пауза» батырмасын баса отырып, машинаның жұмысын қайта
жандандырыңыз.

Содержание

Скачать