Haier SD-336AELUA Инструкция по эксплуатации онлайн [14/44] 811354

Haier SD-336AELUA Инструкция по эксплуатации онлайн [14/44] 811354
KZ
14
Haier бұйымдарының конструкциясына өзгерістер мен жақсартулар тұрақты енгізіліп
отырады, сондықтан нақты мұздатқыш шкаф осы нұсқаулықта көрсетілгеннен біршама өзгеше
болуы мүмкін.
Haier компаниясы ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Осы нұсқаулықтың
мазмұны алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бұйымның сыртқы түрі, түсі мен құрылымы туралы нақты түсінік алу үшін, нақты үлгімен
танысу керек.
Пайдаланушы осы нұсқаулықта көрсетілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті.
Пайдаланушы осы талапты сақтамаған жағдайда, ықтимал салдарлар үшін барлық
жауапкершілікті көтереді.
Пайдаланушы ықтимал жарақаттануды болдырмау үшін, қауіпсіздік техникасы қағидаларын
жəне осы нұсқаулықтың нұсқамасын сақтауға міндетті.
Назар аударыңыз, Тыйым салынған жəне Қауіпті белгілері:
Назар аударыңыз белгісімен белгіленген ақпарат бұйымға, сондай-ақ
пайдаланушыға қатысты қауіпсіздік шараларына жатады. Осындай нұсқамаларды
мүлтіксіз сақтау қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
КОМПОНЕНТТЕР
Мұздатқыштың тақтайшасында көрсетілген параметрлерге ие электрқоректі пайдаланыңыз.
Паспорт тақтайшасында көрсетілгеннен өзгеше кернеуге немесе жиілікке ие электрқорекке қосылу
өртке немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Егер қорек сымы зақымдалса, оны өндіруші, оның қызмет көрсету өкілі немесе тиісті
біліктілікке ие маман ауыстырады.
Мұздатқыш шкафты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады. Оған жаңбыр тамшыларының
түсуі қысқа тұйықталуға жəне/немесе электр тогынның зақымдауына əкелуі мүмкін.
Мұздатқыш шкафта қышқылдар мен сілтілер сияқты агрессивті заттарды сақтауға жол
берілмейді. Бұл ережені сақтамау ішкі компоненттер мен электр жабдықтарына зақым келтіруі
мүмкін.
Мұздатқыш шкафты жарылыс қаупі бар булы ортада пайдалануға тыйым салынады.
Мұздатқыш шкафқа техникалық қызмет көрсетуге уəкілетті мамандар ғана жіберіледі.
Ұзартқыш бауды пайдалану ұсынылмайды.
Тозған немесе зақымдалған электр баулары тез арада жөнделуі немесе ауыстырылуы тиіс. Сызат
түскен немесе коррозия іздері бар бауды немесе айырды пайдалануға жол берілмейді.
Мұздатқыш шкафтың бөліктері ішіндегі электр аспаптарын, егер олар өндіруші ұсынған түрге
сəйкес келмесе, пайдаланбаңыз.
Егер шкаф кəдеге жаратылуы тиіс болса, есікті бөлшектеу керек, бұл балалар үшін қауіпті
азайтады. Тез тұтанатын көбікматериалдарды тек уəкілетті мамандар ғана кəдеге жаратуы тиіс.
Егер қадағаланатын болса немесе бұйымды қауіпсіз пайдалану қағидаларымен танысқан болса,
бұл ретте ықтимал қауіптерді сезінетін болса, 8 жастан асқан балаларға, дене бітімі немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі адамдарға, сондай-ақ тəжірибесі мен білімі жоқ адамдарға бұйымды пайдалануға
рұқсат етіледі. Балаларға бұйыммен ойнауға тыйым салынады. Ересектердің қадағалауынсыз
балалар аспапты тазалауға жіберілмейді.
Этот знак наносится на крышки высоковольтных электроприборов и предупреждает о
риске поражения электрическим током. Такие приборы может вскрывать только
квалифицированный персонал.
Тыйым салынған белгісімен белгіленген ақпарат жол берілмейтін əрекеттерге
қатысты болып келеді. Мұндай нұсқамаларды сақтамау мұздатқыштың бұзылуына немесе
жарақат алуға əкелуі мүмкін.