Haier SD-336AELUA Инструкция по эксплуатации онлайн [15/44] 811354

Haier SD-336AELUA Инструкция по эксплуатации онлайн [15/44] 811354
KZ
15
Осы бұйымды осы нұсқаулықтың нұсқамаларына сəйкес тікелей тағайындалуы бойынша ғана
пайдалану керек.
Жанғыш газ ағып кеткен жағдайда, газ беру контурының вентилін жауып, үй-жайды желдету
үшін, есіктер мен терезелерді ашыңыз, бұл ретте мұздатқыш шкафты қоспаңыз жəне ажыратпаңыз.
Пайдаланушыға мұздатқыш шкафты өз бетінше бөлшектеуге, жөндеуге немесе өзгертуге тыйым
салынады. Осындай жұмыстарды уəкілетті емес мамандардың жүргізуі өрттің туындауына немесе
жарақат алуына əкелуі мүмкін.
Мұздатқыш шкафты өшірген соң, компрессорға немесе жүйеге зақым келтірмеу үшін, оны 5
минуттан кейін қайта қосуға болады. Мұздатқыш шкафты жөндеуді немесе техникалық қызмет
көрсетуді бастар алдында, оны қорек желісінен ажырату керек. Желілік сымның бұралуына жəне
зақымдалуына жол бермеңіз.
Мұздатқыш шкафты кəдеге жаратуды білікті мамандар жүргізуі тиіс. Жазатайым оқиғаларды
(мысалы, тұншығу) болдырмау үшін, есіктерді алып тастау керек .
Мұздатқыш шкафты қоректендіру желісінен ажыратқанда, электр тогының соғуын немесе қысқа
тұйықталу салдарынан өрттің пайда болуын болдырмау үшін, сымның өзінен емес, желілік сымның
айырынан ұстау керек.
Электр тогының соғуын болдырмау үшін, электр жабдықтарының элементтерін, мысалы,
штепсельді немесе ажыратқышты ылғал қолмен ұстамаңыз.
Температураның əсерінен жарақатқа əкелуі мүмкін жарықтар пайда болмау үшін, мұздатқыш
шкафта шыны бөтелкелерді немесе консервіленген азық-түлікті сақтауға жол берілмейді.
Мұздатқыш шкафта сақталған өнімдерді жалаң қолмен ұстамаңыз. Мұздатылған затты немесе
мұздатқыштың ішкі қабырғасын жалаң қолмен ұстау үсіп қалуға əкелуі мүмкін.
Жөндеу кезінде өткір жиектер мен бұрыштарға зақым келтірмеу үшін, қолғап киіңіз.
Егер мұздатқыш шкаф ұзақ уақыт пайдаланылмаса, электр тогының соғуын, қысқа тұйықталуды
немесе желілік сымның тозуы салдарынан өртті болдырмау үшін, оны қорек желісінен ажыратыңыз.
Егер мұздатқыш шкаф ұзақ уақыт пайдаланылмаса, қараусыз қалса, балаларды оған жібермеңіз
жəне оның есіктерін толық жабу мүмкін емес екеніне көз жеткізіңіз.
Мұздатқыш шкафта тез тұтанатын заттары бар аэрозоль баллондары сияқты жарылыс қаупі бар
заттарды сақтауға жол берілмейді.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр тогынан зақымдануды болдырмау үшін, əрқашан тазалау алдында
мұздатқышты өшіріңіз. Бұл ескертуді сақтамау өлімге немесе жарақатқа
əкелуі мүмкін.
Бұйымның корпусында немесе бұйымға орнатылған жүйеде желдеткіш
саңылауларының бітелуіне жол бермеңіз.
Еріту процесін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынғаннан басқа
механикалық аспаптарды немесе басқа құралдарды пайдаланбаңыз.
Салқындатқыш агент сұлбасының зақымдалуына жол бермеңіз.
Тазартқыш заттарды пайдаланар алдында, бұйымның жарақаттануын
жəне зақымдануын болдырмау үшін, өндірушінің нұсқаулықтарымен жəне
сақтық шараларымен танысу қажет.
Назар аударыңыз!
Назар аударыңыз!
Назар аударыңыз!
Назар аударыңыз!
Назар аударыңыз!
БҰЙЫМДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Мұздатқышты шығарар алдында жылжыту үшін сіз жүк тиегішті немесе жүк көтергіш
құрылғыны қолдана аласыз.
Айыр тиегішті пайдаланғанда, айырларды мұздатқыш шкафтың түбіндегі ұяшықтарға салу
керек.
Жүк қармау құрылғысын пайдаланғанда, мұздатқыш шкафты астыңғы екі жағынан ұстау керек.
Ескертпе: жылжыту кезінде мұздатқышты 45°-тан артық еңкейтпеңіз.