Haier SD-336AELUA Инструкция по эксплуатации онлайн [16/44] 811354

Haier SD-336AELUA Инструкция по эксплуатации онлайн [16/44] 811354
KZ
16
Азық-түлікті мұздатқыш шкафқа салар алдында, ішіндегі температураның жеткілікті
деңгейге түскеніне көз жеткізіңіз. Бұл жағдайда температураның көтерілуіне жол бермеу
үшін, азық-түлікті партиялап қою керек.
Мұздатқышты сұйылтылған бейтарап жуғыш затпен тазалаңыз (тазартылмаған жуғыш зат
пластикалық бөлшектерді зақымдауы мүмкін; жуғыш затты сұйылтудың дұрыс əдісі
нұсқаулықта көрсетілген). Мұздатқышты тазарту үшін щеткаларды, қышқылдарды,
бензинді, сабын ұнтағын, тазалағыш ұнтақтарды немесе ыстық суды қолдануға жол
берілмейді, өйткені бұл боялған беттер мен пластмасса/ резеңке бөлшектерді зақымдауы
мүмкін. Пластмасса/резеңке бөлшектерді тазалау кезінде ұшпа еріткіштерді, мысалы,
бензинді пайдалануға жол берілмейді.
Мұздатқыш шкаф біршама уақыт жұмыс істеген соң, оның ішкі қабырғасында мұзқақ
пайда болады. Қалың мұзқақ салқындату əсеріне теріс əсер етеді жəне энергия шығынын
арттырады. Сондықтан мұздатқыш шкафтың ішіндегі мұзқақты оның қалыңдығы шамамен
5 мм жеткенде, қырғышпен тазалау керек.
Еріту алдында мұздатқышта сақталған барлық азық-түлікті алып тастаңыз,
температураның көтерілуіне байланысты бүлінбеу үшін, азық-түлікті басқа шкафқа
салыңыз.
Мұздатқыш шкафтың ішкі қабығының астында көптеген салқындатқыш иректүтіктер бар.
Сондықтан пышақ, кескіш, бұрағыш жəне т. б. сияқты үшкір құралдармен мұзқақты алып
тастауға болмайды. Еріту барысында буландыру түтіктерін қырнап алмау үшін, абай
болыңыз, кері жағдайда бұл мұздатқыш шкафтың істен шығуына əкелуі мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Мұздатқыш шкафтың қаптамасын ашу:
Барлық қаптама материалдарды алып тастаңыз. Оларға тұғыр, сондай-ақ мұздатқыш шкафтың ішіне
жəне сыртына бекітілген барлық жабысқақ таспа кіреді.
ОРНАТУ
Назар аударыңыз!
Электр тогының соғуын болдырмау үшін, мұздатқыш шкафты газ құбыры, су құбыры,
телефон желісі, жарықтандыру аппаратурасы жəне т.б. арқылы жерге қосуға жол
берілмейді.
Орнатқан соң, желілік айыр төтенше жағдайда тез ажыратылуы үшін, оңай қол жетімді
болуы тиіс.
Мұздатқыш шкафтың желдеткіш саңылауы бөгде заттармен жабылмауы тиіс.
Ылғал орталарда жəне су шашырандыларының/аэрозольдарының əсеріне ұшыраған
жерлерде қысқа тұйықталуды жəне оқшаулау кедергісінің азаюы салдарынан электр
тогының соғуын болдырмау үшін, мұздатқыш шкафты орнатуға жол берілмейді.
Мұздатқыш шкаф үшін күн сəулесі мен жылу көздерінен (радиаторлар, жылытқыштар,
ас үй аспаптары жəне т.б.) алыс, қатты, тегіс жерден ыңғайлы орынды таңдаңыз.
Мұздатқыш шкаф тек өз бетінше орнатуға арналған жəне кіріктіруге жарамсыз.
Пайдалануға кірісу:
Мұздатқыш шкафты алғаш рет пайдаланғанда, келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. Орнату аяқталған соң, мұздатқышты қосар алдында, оны кемінде 24 сағатқа қалдырыңыз.
2. Желілік сымды нұсқаулыққа сəйкес тиісті ағытпаға қосыңыз.
Ауаның дұрыс айналуы:
1. Мұздатқыш шкаф мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуі үшін, оны тиісті фитингтер мен электр
қосылыстары қолданылатын тиісті ауа айналымымен бірге орнату қажет.
2. Төменде мұздатқыш шкафтың айналасындағы ұсынылған бос кеңістіктің өлшемдері
келтірілген:
Жанынан 2 дюйм (50 мм)
Үстінен 2 дюйм (50 мм)
Артынан 4 дюйм (100 мм)
3. Ішкі ауа айналымына кедергі келтірмеу үшін, мұздатқыш шкафты шамадан тыс толтырмаңыз.