Vitek VT-2352 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/28] 811678
![Vitek VT-2352 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/28] 811678](/views2/2043549/page14/bge.png)
14
ҚАЗАҚША
•
Үй-жайдағы салыстырмалы ылғалдылықты
орнату режимін таңдау үшін батырманы
(14) дәйектеп басыңыз. Сіз үй-жайда
салыстырмалы ылғалдылықтың қалаған
деңгейін 40%-дан 85%-ға дейінгі диапазонда
5% қадаммен орната аласыз, ылғалдылық
деңгейі LED-дисплейде (9) цифрлық
таңбалармен және батырма индикаторымен
(14) көрсетіледі .
• Таймер жұмысының уақытын орнату үшін
батырманы (17) дәйектеп басыңыз
және сізге қажетті жұмыс уақытын 1-ден
12 сағатқа дейінгі диапазоннан таңдаңыз
(қадамы 1 сағ.).
•
«Иондау» қызметі қосу барысында LED-
дисплейде (9) иондау индикаторлары
(20) арқылы көрсетіледі. Қызметті сөндіру
Tuya Smart APP қосымшасы арқылы ғана
мүмкін болады.
•
«Түнгі режим» қызметі
Сон
- батырманы (16)
Сон
басқанда дисплейде (9) және басқару
панелінде (10) батырма индикаторларының
(13, 14, 15, 16, 17, 18, 20) барлығы және
жұмыс режимдерінің цифрлық таңбалары
(19) өшіп қалады, бірақ ылғалдағыш
қызметтері жұмысын жалғастырады.
•
Сұйыққоймадағы (4) су аяқталған кезде
батырма индикаторы (15) қызыл түспен
жанады, 3 қысқа дыбыстық белгі естіледі
және батырма индикаторлары (13, 14, 15,
16, 17, 18, 20) және жұмыс режимдерінің
цифрлық таңбалары (19) сөніп қалады, ал
ылғалдағыштың өзі өшеді.
•
Желі бауының ашасын розеткадан суырып
алыңыз. Бу шүмегін (1) сағат тіліне қарсы
бұрыңыз, шүмекті (1) тартып, қақпақты
(3) сұйқыққоймадан (4) шешіп алыңыз.
Сұйыққоймаға (4) су толтырып, қақпағын (3)
орнына қойыңыз және құрылғыны қосыңыз.
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін ылғалдағышты
сөндіріңіз, желі бауының ашасын розеткадан
суырыңыз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Ескерту! Құрылғыны тазалау немесе оған
қызмет көрсету алдында үнемі сөндіріңіз.
Суға арналған минералды сүзгі
•
Орнатылған минералды су сүзгісі (6), бу
шығатын түтікпен (6) біріктірілген, тұрақты
болып табылады және оны ауыстырудың
қажеті жоқ. Әр 3-5 күн сайын сүзгіні шешіп
алып отырыңыз, ол үшін суға арналған
сұйыққойманы ашып, ауа өткізгішті (2)
абайлап тартыңыз және жоғарыдағы суретте
көрсетілгендей минералды су сүзгісі (6)
бар «бу» шығатын түтікті шығарып алыңыз.
Құбырмен біріктірілген сүзгіні ағынды құбыр
суымен шайыңыз, содан кейін орнына
қойыңыз.
Ескертпе: - сүзгі (6) суды минералды
шөгінділерден толық тазарта алмайды, және
суды тазартудың қосымша құралы болып
табылады.
•
Кермек су ультрадыбыстық түрлендіргіште
(7) және суға арналған сұйыққоймада (4)
минералды шөгінділердің пайда болуын
тудырады, бұл ылғалдағыш жұмысының
нашарлауына және интерьер заттарында ақ
қақтың пайда болуына әкеледі.
•
Оған жол бермеу үшін апта сайын
ультрадыбыстық түрлендіргішті (7) тазалап
отыру керек және сұйыққоймадағы (4) суды
мүмкіндігінше жиі ауыстырып отыру қажет.
•
Егер сіз ылғалдағышты ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз: сұйыққоймадан
(4) суды төгіңіз сұйыққойманы (4) шайыңыз,
ультрадыбыстық түрлендіргішті (7), су
сүзгісін (6) шайыңыз және тазалаңыз және
құрылғыны мұқият құрғатыңыз және сақтауға
алып қойыңыз.
Апта сайынғы күтім
•
Аптасына бір рет суға арналған
сұйыққойманы (4) бейтарап жуғыш құралы
бар ерітіндімен әбден жуыңыз.
•
Одан кейін оларды сумен әбден шайыңыз.
•
Ылғалдағыштың мотор блогын (11) сәл
дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз, одан кейін
құрғатып сүртіңіз.
•
Ылғалдағыштың мотор блогын (11), желі
бауын және желі бауының ашасын суға
немесе басқа кез келген сұйықтықтарға
салуға тыйым салынады. Ылғалдағыштың
мотор блогының (11) ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
•
Мотор блогының бетін (11) және суға
арналған сұйыққойманы (4) тазалау үшін
еріткіштерді немесе абразивтік тазалайтын
құралдарды қолдануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
•
Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз және оны
сақтауға алып қойғыңыз келсе, сүзгімен (6)
бірге барлық бөліктерінің құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Сұйыққоймасында су құйылған құрылғыны
сақтамаңыз.
•
Ылғалдағышты құрғақ, қараңғылатылған
және салқын, балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Похожие устройства
- Vitek VT-2626 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2628 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2624 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8456 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8452 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8450 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2631 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-7147 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-7149 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-3001 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8543 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8521 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-3000 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-3003 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-3005 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1491 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1482 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1499 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1481 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1672 Инструкция по эксплуатации