Coolfort CF-3004 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/28] 811795

Coolfort CF-3004 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/28] 811795
13
ҚАЗАҚША
•
Бұзылуларға жол бермеу үшін құрылғыны тек
зауыттық орауда тасымалдаңыз.
•
Құралды құрғақ салқын, балалар және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтау
керек.
ОСЫ АСПАП ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. АСПАПТЫ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
•
Егер жинастыру барысында шаңсорғыштың сору
қуаттылығы кенет төмендесе, шаңсорғышты дереу
сөндіріп, ұзартқыш түтіктің бітеліп қалмағандығын
тексеріңіз. Қоқысты жойыңыз, және содан кейін ғана
жинау жұмыстарын жалғастыруға болады.
•
Шаңсорғышпен тазалауды қатты қызған беттердің
тікелей жанында, күлсалғыштар жанында немесе
жеңіл тұтанатын сұйықтықтар сақталатын орындарда
жүргізбеңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғыны қысқы (суық) температурада тасымал
дағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны бөлме тем
пературасында кемінде 3 сағат бойы ұстау керек.
Шаңсорғышты/аккумуляторлық батарея зарядкасын
сақтайтын жерді анықтаңыз және сол жерге қабырғалық
ұстағышты (25) бекітіңіз.
•
Бекіту тесіктері үшін қабырғаға белгі қойыңыз.
•
Қабырғаға қажетті тереңдікке тесіктер бұрғылаңыз.
•
Бұрғыланған тесіктерге пластикалық дюбельдерді
салыңыз, қабырға ұстағышын (25) бұрандалармен
бекітіңіз.
Ескертпе: қабырғаға тесіктерді бұрғыламас бұрын,
бұл жерде электр сымдары немесе басқа байланыстар
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру
Құрылғыны бірінші рет қолданар алдында немесе оны
пайдаланудағы ұзақ үзілістен соң аккумуляторлық бата-
реяны 4 сағаттық зарядтау қажет.
Аккумуляторлық батареяның толық заря-
ды шаңсорғыштың қуаттылықтың максималдық
дәрежесінде шамамен 15 минутқа және қуаттылықтың
төмен дәрежесінде шамамен 30 минутқа жетеді.
•
Зарядтау үшін шаңсорғышты қабырға ұстағышына (25)
орнатыңыз, қуат көзінің қосқыш сымының штекерін (28)
шаңсорғыштың (11) аккумуляторлық батарея заряд-
тау ұясына салыңыз (сурет. 1), қуат көзін (28) электр
розеткасына салыңыз, бұл жағдайда аккумуляторлық
батареяның (17) минималды заряды шамы жанады
және жыпылықтайды, зарядталған сайын индикатор
(17) жыпылықтауды тоқтатады және жанып тұрады, ал
максималды заряд индикаторы (18) жыпылықтайды.
•
Аккумуляторлық батарея толық зарядталған кезде екі
индикатор да (17, 18) 10 минут бойы жанып тұрады.
Қуат көзін (28) электр розеткасынан суырып алыңыз.
Ескертпелер:
Аккумуляторлық батареяны (11) зарядтауды +5°C
бастап +35°C-ға дейінгі температурада жүргізіңіз.
Егер құрылғыны бір ай бойы немесе одан ұзақ
пайдаланбасаңыз, шаңсорғышты қолданар алдын-
да аккумуляторлық батареяны толық зарядтаңыз.
Ұзартқыш түтікті және қондырмаларды жалғау
•
Шаңсорғыштың ауа тартқыш тесігіне ұзартқыш түтікті
бекіткіш (6) шертілгенге дейін салыңыз.
•
Қажетті қондырманы таңдаңыз: моторлы қылшақты
(1), 1-де 2 саңылау саптамасы (26), саңылау саптама-
сы (27) және оны ұзартқыш түтікке жалғаңыз.
Ескертпе: қажет болса, моторлы қылшақты (1), 1-де
2 саңылау саптамасын (26), саңылау саптамасын (27)
ұзартқыш түтікті пайдаланбай шаңсорғыштың ауа
кіретін тесігіне бекітуге болады.
Моторланған қылшақ LED-жарығымен (1)
Моторланған қылшақты (1) едендерді, орташа және
қысқа түкті кілемдер мен кілем жабындарын тазалау
үшін қолданыңыз, қылшақ (1) кілем жабындарынан
жануарлар жүнін тазалау үшін өте ыңғайлы. Электрлік
мотордың көмегімен айналатын қылшақ, кілем жабыны
түктерінен қоқыстарды «сыпырып алады» және жануар-
лар жүнін тиімді «тарап алады».
Шаңсорғыш қосылған кезде LED- жарығы қосылады
және қараңғы жерлерде көрінуді жақсартады.
Ескертпелер:
Егер кілем жабындары түктерінің ұзындығы
15 мм-ден асатын болса, онда моторлы қылшақты
(1) пайдалануға тыйым салынады.
Қылшақты (1) электр сымдар үстінен жүргізбеңіз.
Қылшақты (1) қолданумен бөлмені тазалауды
аяқтағаннан кейін бірден шаңсорғышты сөндіріңіз.
1-де 2 (26) саңылау қондырмасы.
Саптаманың (26) екі опциясы бар. Саңылауларға
арналған қондырма режимдері радиаторлар-
ды, саңылауларды, бұрыштарды және диван
жастықтарының арасындағы кеңістікті тазартуға
арналған. Жұмсақ жиһазды немесе автомобильдің ішін
тазарту үшін қылшақ режимін қолдану ұсынылады, ол
үшін батырма бекітпесін басып, қылшықтарды алға
қарай жылжытыңыз.
Саңылауларға арналған қондырма (27)
Саптама (27) радиаторларды, саңылауларды, бұрыштар
саңылауларын және диван жастықшалары арасындағы
кеңістікті тазартуға арналған.
Ылғалды тазалауға арналған саптама
Құю саңылауының қақпағын (24) ашыңыз, саптамаға (22)
су құйыңыз, қақпақты (24) мықтап жабыңыз, саптамадан
(22) су ағып кетпейтініне көз жеткізіңіз.
Қылшақтың (1) артқы жағына саптаманы (22) орнатыңыз
(сурет. 3). Саптаманы (22) магниттік бекітпе саптаманы
орнатуды және шешіп алуды жеңілдетеді.
Үй-жайды тазалау кезінде аяғыңызды сумен жабдықтау
пернесіне басыңыз (23), еденде үлкен су тамшыларының
пайда болуына жол бермеңіз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін саптаманы (22) шешіп
алыңыз, қақпақты (24) ашыңыз және суды төгіңіз,
саптаманың жұмыс бетін (22) шаң мен қоқыстан
тазалаңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты оған орнатылған
шаңжинағыш-контейнермен және оған орнатылған
сүзгілермен (19, 21) ғана қосыңыз. Шаңсорғыш-
контейнердің дұрыс жиналғаны мен орнатылғанын
міндетті түрде тексеріңіз.
Скачать