Coolfort CF-3004 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/28] 811795

Coolfort CF-3004 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/28] 811795
14
ҚАЗАҚША
Шаңсорғышты сақтау ыңғайлылығы үшін қабырға
ұстағышын (25) пайдаланыңыз.
•
Шаңсорғыш жұмыс істеп жатқанда және оны
тасымалдаған кезде оны қолсабынан (10) ұстаңыз.
•
Шаңсорғышты қолданар алдында қылшақты (1)
басып, оны ілінген ілмектен (2) шығарыңыз.
•
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін
(9) басыңыз (сурет. 2), шаңсорғыш жоғары қуат
деңгейінде қосылады, бұл ретте максималды сору
қуатының индикаторы (16) жанады.
• Шаңсорғыш жұмыс істеп тұрғанда батырманы (8)
басып, шаңсорғыштың жұмыс режимін таңдай
аласыз (сур. 2). Шаңсорғыштың екі жұмыс режимі
бар:
төмен қуат деңгейінде индикатор (16) жанбайды,
жұмыс уақыты шамамен 30 минутты құрайды.
шаңсорғыш қуаттылықтың максималдық
дәрежесінде жұмыс істеген кезде, индикатор (16)
жанып тұрады, аккумуляторлық батареяның заря-
ды шамамен 15 минут үздіксіз жұмыс жасауға
жетеді.
•
Жиһаз бөлшектерінің астын оңай тазалау үшін
ұзартқыш түтіктің иілу механизмін босата аласыз,
ол үшін бекітпені (5) жоғары қарай тартыңыз және
ұзартқыш түтіктің қажетті иілу бұрышын таңдай ала-
сыз. Ұзартқыш түтікті бастапқы күйіне қайтару үшін
түтікті бекіткіш (5) іске қосылғанша түзетіңіз.
•
Жұмыс аяқталғаннан кейін қосу/өшіру түймесін басу
(9) арқылы шаңсорғышты өшіріңіз.
•
Шаңсорғышты тасымалдау үшін қолсапты (10)
қолданыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Назар аударыңыз! Шаңжинағыш-контейнердің, торлы
сүзгінің (21) және кіріс сүзгісінің (19) тазалығына назар
аударыңыз, себебі шаңсорғыш жұмысының тиімділігі
осыған байланысты.
Шаңсорғышты әрбір пайдаланғаннан кейін
шаңжинағыш-контейнерден шаң мен қоқысты алып
тастаңыз, торлы сүзгіні (21) және кіріс сүзгісін (19) мезгіл
сайын тазалаңыз.
Шаң жинағыш-контейнерден шаң мен қоқысты
кетіру (сурет. 4)
•
Егер тазалау кезінде шаң жинағыш-контейнер толып
кетсе, одан шаң мен қоқысты шығарыңыз.
•
Шаң жинағыш-контейнерді тазалаудың ыңғайлылығы
үшін ұзартқыш түтікті бекітпеге (6) басу арқылы
шешіп алу ұсынылады.
•
Қақпақты (14) қоқыс шелегінің үстіне орналасты-
рып, бекіткіш түймесін (15) басыңыз, осы ретте
қақпақ (14) ашылады, шаң мен қоқысты кетіріңіз,
қақпақты (14) бекіткіш (15) іске қосылғанша жабыңыз,
ұзартқыш түтікті орнатыңыз және үй-жайды тазалау-
ды жалғастырыңыз.
Шаң жинағыш-контейнерді тазалау
•
Шаң жинағыш-контейнердің бекітпе түймесін (20)
басыңыз және шаң жинағыш-контейнерді шешіп
алыңыз (сурет. 5).
•
Кіріс сүзгісін (19) шығарып алыңыз (сурет. 6).
•
Торлы сүзгіні (21) шығарып алыңыз (сурет. 7).
•
Торлы сүзгіні (21) тазалаңыз (сурет. 8).
•
Кіріс сүзгісін жылы су ағынының астында жуып
жіберіңіз (сурет. 9) және мұқият құрғатыңыз, сондай-
ақ құты (13) мен торлы сүзгіні (21) жуып жіберіңіз
және құрғатыңыз.
•
Шаң жинағыш-контейнерді жинаңыз, құтыға (13)
торлы сүзгіні (21) орнатыңыз, кіріс сүзгісін (19)
орнатыңыз (сурет. 10).
•
Жиналған шаңжинағыш-контейнерді моторлық блокқа
бекіткіші (20) іске қосылғандай етіп орнатыңыз,
шаңжинағыш-контейнердің берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз (сур. 11).
Ескертпелер:
Қыздыратын аспаптарды, сондай-ақ фенді барлық
шешілмелі бөлшектерді кептіру үшін пайдалануға
тыйым салынады.
Шаңжинағыш-контейнерді жинау және орнына орна-
ту алдында, барлық шешілмелі бөлшектердің таза
және құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Моторландырылған LED-жарығы (1)
бар қылшақты тазалау
Қылшақтың (1) тазалығын қадағалаңыз, ластанған
сайын қылшақты (1) бөлшектеп, айналмалы қылшақты
тазалап отырыңыз.
•
Қылшақты (1) ұзартқыш түтіктен бекіткіштің батырма-
сына (3) басып, шешіп алыңыз.
•
Айналмалы қылшақ ұстағышын сырғытыңыз (сурет. 12).
•
Айналмалы қылшақты шығарып (сур. 13), оған
оралған жіптер мен шаштарды алып тастаңыз.
•
Қылшақ (1) корпусының ішкі және сыртқы беттерін
шаң мен қоқыстан тазалаңыз.
LED-жарығы (1) бар моторланған қылшақты жинау
•
Айналмалы қылшақты корпусқа салыңыз (сурет. 14).
•
Айналмалы қылшақты бекітіңіз, ол үшін бекіткішті
солға қарай тірелгенге дейін сырғытыңыз (сурет. 15).
•
Айналмалы қылшақтың сенімді бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
Шаңсорғыш корпусын тазарту
•
Шаңсорғыш корпусын (12) сәл дымқыл жұмсақ мата-
мен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Шаңсорғыштың корпусын (12), қылшақты (1),
қоректендіру блогын (28) суға немесе кез келген
басқа сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
Сұйықтықтың шаңсорғыш корпусы (12) ішіне және
қылшақтың (1) ішіне түсуін болдырмаңыз.
•
Шаңсорғыш корпусы мен барлық бөлшектерді
тазалау үшін еріткіштер мен абразивтік тазалау
құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАУ
•
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға қойғанға дейін,
шаңсорғыш корпусын (12), шаңжинағыш-контейнерді
және қылшақты (1) тазалаңыз.
•
Шаңсорғыш пен қондырмаларды (26, 27) қабырға
ұстағышында, балалар мен мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін салқын, құрғақ жерде
сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИНАҚТАЛЫМЫ
Шаңсорғыш (орнатылған
шаңжинағыш-контейнері бар) – 1 дн.
Ұзартқыш түтік – 1 дн.
Моторланған қылшақ LED-жарығымен – 1 дн.
Саңылаулық қондырма 1-де 2 – 1 дн.
Саңылауларға арналған қондырма 1 дн.
Скачать