Coolfort CF-3430 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/20] 811799
![Coolfort CF-3430 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/20] 811799](/views2/2043670/page9/bg9.png)
9
ҚАЗАҚША
• Құрылғыны құлағаннан кейін, көзге көрінетін
зақымданулар болғанда немесе судың ағуы
жағдайында оны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны өз бетінше жөндеуге тыйым салына-
ды. Аспапты өздігіңізден бөлшектемеңіз, кез-келген
бұзылыс пайда болғанда, сондай-ақ құрылғы құлаған
жағдайда аспапты электр желісінен ажыратыңыз
және кепілдік талонында және www.coolfort.ru сай-
тына көрсетілген байланыс мекен-жайлары бойынша
кез-келген авторландырылған (уәкілетті) сервистік
орталыққа жүгініңіз.
• Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық
орауда тасымалдаңыз.
• Құрылғыны құрғақ, қараңғыланған және салқын, бала-
лар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ОСЫ АСПАП ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ҚҰРАЛДЫ КОММЕР-
ЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
СУ ТАҢДАУ
Су қоймасын толтыру үшін су құбыры суын қолданыңыз.
Егер су құбырындағы су кермек болса, онда оны дис-
тиллирленген сумен 1:1 арақатынасымен араластыру
ұсынылады, су өте кермек болса, оны дистиллирленген
сумен 1:2 арақатынасымен араластырыңыз немесе тек
дистиллирленген суды пайдаланыңыз.
АЛҒАШ ПАЙДАЛНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны
бөлме температурасында үш сағаттан кем емес
уақыт бойы ұстау керек.
• Буландырғышты қаптамадан шығарыңыз да, оның
қалыпты жұмысына кедергі келтіретін қаптама
элементтерін алып тастаңыз.
• Буландырғышты (1) қатты, көлденең, тұрақты бетке
қойыңыз.
• Буландырғышты 1 суретте көрсетілгендей бұрышқа
қоймаңыз, өйткені бұл сорғыға ауа кіріп, бу беруді
тоқтатады.
• Егер буландырғыштың табанында қорғауыш (3) болса
қорғауышты алып тастаңыз (егер ол жеткізілімде
болса).
• Буландырғыш табанын (3) таза жұмсақ матамен
сүртіңіз.
• Буландырғышты буландырғыш түпқоймасына
(1) қойыңыз. Буландырғышпен жұмыс істегенде,
буландырғыш табанының жабынын (3) механикалық
зақымданудан максималды ұзақ сақтау үшін, осы
буландырғыш түпқоймасын пайдаланыңыз.
• Буландырғыштың тұтқасы (5) айналмалы, тұтқаның
айналу бағыты 2. суретте көрсетілген.
• Буландырғыштың тұтқасын (5) 90 градусқа (сурет. 3)
немесе 180 градусқа (сурет. 4) бұруға болады.
• Буландырғыштың корпусын жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
• Электрлік желі кернеуі құралдың жұмыс кернеуіне
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Суқоймада судың қалдығы болуы мүмкін – бұл
қалыпты құбылыс, себебі өндірісте буландырғыш
сапа бақылауынан өткен болатын.
СУҒА АРНАЛҒАН СУ ҚОЙМАҒА СУ ТОЛТЫРУ
Ескертпе: су қоймаға су құюдың алдында құрылғының
электрлік желіден сөндірілгеніне көз жеткізіңіз.
• Буландырғыштың тұтқасын (5) 180 градусқа бұраңыз
(сурет. 4).
• Су құятын тесіктің тығынын (9) көтеріңіз (сурет. 5).
• Тығынды су құятын тесіктен алшақтатыңыз (9)
(сурет. 6).
• Тесік арқылы су ыдысына (4) су құйыңыз.
• Су құятын тесіктің тығынын (9) орнына қойыңыз,
буландырғыш тұтқасын (5) бастапқы орнына бұрыңыз
және буландырғышты түпқоймасына (1) қойыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
• Буландырғышты түпқоймасына (1) орнатыңыз.
• Су ыдысында (4) жеткілікті су бар екеніне көз
жеткізіңіз.
• Буландырғышты электр желісіне қосыңыз.
• Буландырғыштың (6) басқару түймесін ерекше
шертіліске дейін басыңыз.
• Буландырғышты қыздыру кезінде қыздыру/жұмыс
режимі (7) индикаторы қызыл шаммен жыпылықтайды.
• Буландырғыш жұмыс режиміне шыққаннан кейін
қыздыру/жұмыс режимі (7) индикаторы үнемі көк шам-
мен жанып тұрады. Сорғының жұмысынан діріл пайда
болады және будың шығуы басталады. Осыдан кейін
буландырғыш жұмыс істеуге дайын болады.
• Жұмысты бастамас бұрын, буландырғыш
табанындағы бу арналарын тазарту үшін матаның
бір бөлігін үтіктеп көріңіз. Бірінші рет қолданған кезде
бөлшектердің буландырғыш табанының тесіктерінен
шығуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай және ақаулық
болып табылмайды.
• Егер буландырғышты басқару түймесін (6) аздап
бассаңыз, онда сорғының жұмысындағы діріл
тоқтайды және будың шығуын тоқтатады, бұл
буландырғышты бу шығарусыз үтік режимінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Тазалау алдында құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз және оның толық суығанын күтіңіз. Әр
қолданғаннан кейін су ыдысынан суды төгіп тастап
отырыңыз.
• Қақпақты ашып, суға арналған су қоймадан суды
ағызып тастаңыз, содан кейін қақпақты орнына
қайтарыңыз (сурет. 5).
Мезгілімен тазалау
• Буландырғыштың корпусын жұмсақ, сәл дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Үтіктің табанындағы (3) минералды шөгінділерді
су-сірке су ерітіндісіне малынған матамен сүртіп
кетіріңіз, содан кейін табанның бетін құрғақ матам-
мен сүртіңіз.
• Буландырғыш корпусын тазарту үшін абразивті
тазартқыш құралдары мен кез келген еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
• Құрылғыны сақтау үшін алып қоймас бұрын,
құрылғының толық салқындағанына көз жеткізіңіз.
• Су қоймадан қалған суды ағызып тастаңыз.
• Құрылғыны тазалаңыз.
• Буландырғышты түпқоймаға (1) орнатыңыз.
Похожие устройства
- Coolfort CF-3410 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3409 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3941 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации
- Merach Q1S Инструкция по эксплуатации
- Kettler Air R1 Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE8104D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7804D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7801 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G3 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12W B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 C Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4S2 BR Инструкция по эксплуатации