Coolfort CF-3430 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/20] 811799

Coolfort CF-3430 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/20] 811799
8
ҚАЗАҚША
БУЛАНДЫРҒЫШ CF-3430
Құрылғы киімдерді, іш киімдерді, маталарды булап
үтіктеуге және булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Буландырғыш астына арналған түпқойма
2. Буландырғыш табанын қорғайтын резеңке тіректер
3. Буландырғыш табаны
4. Суға арналған су қойма
5. Буландырғыш тұтқасы
6. Буландырғышты басқаратын түйме
7. Қыздыру/жұмыс режимі индикаторы
8. Қуат сымының қорғаныш төлкесі
9. Суды төгуге арналған тесікшенің тығыны
Назар аударыңыз!
Қосымша қорғаныс үшін қуаттандыру желісіне
30 мА-ден аспайтын, номиналдық іске қосылу тогы бар,
қорғаныс ажырату құралын (ҚАҚ) орнату мақсатқа сай
келеді, ҚАҚ орнату үшін маман көмегіне жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Буландырғышты пайдаланбас бұрын, осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық
материал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін
және кепілдік жағдайы болып табылмайды.
Буландырғышты іске қосардың алдында электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне
сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Желінің шнур «евроайырмен» жабдықталған; оны
сенімді жерге жанасатын электрлік розеткаға қосыңыз.
Өрт шығу қаупін болдырмау үшін буландырғышты
электр розеткаға қосу барысында жалғастырғыштарды
пайдаланбаңыз.
Электр желісіндегі жүктеме шамадан асып кетпеуі
үшін көп қуатты тұтынатын бірнеше құрылғыны бір
уақытта қоспаңыз.
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдаланбаңыз.
Құрылғыны оңай тұтанатын сұйықтықтар пайдаланы-
латын немесе сақталатын жерлерде қоспаңыз және
сақтамаңыз.
Буландырғышты тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын желілік бауды
мұқият тексеріп шығыңыз және оның бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз. Ешер желілік бауда зақымдалуды
байқасаңыз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құралды су құйылған сыйымдылық қасында, асүйлік
раковинаның тікелей қасында және бассейіннің
жанында пайдаланбаңыз.
Егер құрылғы суға түсіп кетсе, желілік ашаны электр
розеткадан дереу суырып алыңыз, содан кейін ғана
құрылғыны судан алып шығуға болады.
Желілік баудың ыстық және үшкір беттермен жанасу-
ына жол бермеңіз.
Егер құрал электрлік розеткаға қосулы болса, онда
оны қараусыз қалдыруға болмайды.
Құрылғыны әрбір тазалау алдында немесе оны пай-
даланбайтын болған жағдайда, электр желісінен ажы-
ратып отырыңыз.
Буландырғыштың корпусын, желі бауын немесе желі
бауының ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Электр тогының соғуын болдырмау үшін буландырғыш
корпусын, желілік бауды және желілік бау ашасын
суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктің табаны және
буландырғыштың жекелеген бөлшектері жұмыс
кезінде қызады. Күйік алуды болдырмас үшін терінің
ашық жерлерінің ыстық беттерге тікелей тиюіне жол
бермеңіз, үтік табаны тесіктерінен шығатын ыстық
будан сақтаныңыз.
Суға арналған суқоймаға хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крахмал ерітіндісін,
қақтарды жоюға арналған реагенттерді, химиялық
заттарды ж.т.б. құюға тыйым салынады.
Буландырғыш корпусына орнатылған резервуарды
сумен толтырған кезде, құрылғыны өшіріп, электр
сымының ашасын электр розеткасынан суырып
алыңыз.
Шығатын буды адамдарға немесе жануарларға
бағыттауға тыйым салынады.
Буландырғыш табанының бүлінуіне жол бермеу үшін
металл сырғымасы немесе металл түймелері бар зат-
тарды үтіктеген кезде абайлық сақтаңыз.
Үзілістерде және жұмыс аяқталғаннан кейін
буландырғышты түпқоймаға (1) орнатыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде үнемі
желілік бау ашасынан ұстаңыз, ешқашан желі бауы-
нан тартпаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқаннан кейін ғана
суқоймадағы суды ағызыңыз.
Құрылғыны мезгілімен тазалап тұрыңыз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде пай-
даланылатын, полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қауіпі!
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балаларға құрылғы
корпусына, желі бауына немесе желі бауының аша-
сына қолдарын тигізуге рұқсат етпеңіз.
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балаларды
қадағалау керек.
Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының маңында бала-
лар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар болса,
онда ерекше назарда болыңыз.
Осы құрылғы балалардың пайдалануына арналмаған.
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құрылғыны балалардың қолы
жетпейтін жерде орналастырыңыз.
Дене, сенсорлық немесе ақыл-сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) немесе оларда өмірлік тәжірибесі
немесе білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін
тұлғамен аспапты пайдалану туралы нұсқаулықтар
берілген болмаса, аспап олардың пайдалануына
арналмаған.
Қуаттандыру бауының бүтіндігін жүйелі түрде тексеріп
отырыңыз.
Қуаттандыру бауы немесе қуаттандыру бауының
ашасы зақымданған болса, егер құрал кідіріспен
жұмыс істесе, сондай-ақ ол құлаған болса құралды
пайдалануға тыйым салынады.
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
Скачать