Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811802
![Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/28] 811802](/views2/2043673/page12/bgc.png)
12
ҚАЗАҚША
БУ СТАНСАСЫ CF-3420
Бу станциясы бу, құрғақ үтіктеу үшін және киімді, іш киімді,
маталарды тігінен булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Үтік
2. Қызу көрсеткіші
3. Үтіктің табаны
4. Өзін-өзі тазарту батырмасы «SELF CLEAN»
индикаторымен
5. Бу шығару батырмасы
6. Тұтқасы
7. Температура реттегіші
8. Индикаторы бар станцияны қосу/өшіру батырмасы
9. Бу құбыршегі
10. Қуаттау бауы
11. Станция
12. Бу құбыршегін сақтайтын орын
13. Суға арналған сыйымдылық
14. Суға арналған сыйымдылық тұтқасы
15. Үтік бекіткішін бұғаттан шығару батырмасы
16. Үтік бекіткіші батырмасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қуат тізбегіне 30 мА аспайтын
номиналды іске қосылу тоғы бар қорғаныстық ажырату
құрылғысын (ҚАҚ) орнатқан дұрыс болады, ҚАҚ-ты орнату
үшін маманға жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Бу станциясын пайдалануды бастар алдында аталмыш
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
және анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
қолданбау оның бұзылуына, және пайдаланушыға немесе
оның мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік
жағдайы болып табылмайды.
• Бу станциясын қосар алдында электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Желілік бау «еуроашамен» жабдықталған; оны жерге
сенімді қосылған байланысы бар электр розеткаға
қосыңыз.
• Өрт шығу қаупіне жол бермеу үшін бу станциясын электр
розеткасына қосу кезінде өткізгіштерді қолданбаңыз.
• Электр желісі шамадан тыс жүктелмеуі үшін көп қуат
тұтынатын бірнеше құралды бір уақытта қоспаңыз.
• Бу станциясын үй-жайдан тыс жерде пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны оңай тұтанатын сұйықтықтар пайдаланылатын
немесе сақталатын жерлерде қоспаңыз және сақтамаңыз.
• Бу станциясын жазық, орнықты бетте пайдалану және
сақтау керек;
• Құрылғыны пайдаланар алдында, желілік бауды, бу
құбыршегін мұқият тексеріп қараңыз және олардың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер желілік баудың
немесе бу құбыршегінің зақымданулары байқалса,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құралды су құйылған сыйымдылық қасында, асүйлік
раковинаның тікелей қасында және бассейіннің жанында
пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы суға түсіп кетсе, желілік ашаны электр
розеткадан дереу суырып алыңыз, содан кейін ғана
құрылғыны судан алып шығуға болады.
• Желілік бау мен бу құбыршегінің ыстық беттермен және
жиһаздардың өткір жиектерімен жанасуына жол бермеңіз.
• Құрылғыны қуаттандыру желісіне қосылып тұрған кезде
оны қараусыз қалдыруға болмайды. Құрылғыны әрбір
тазалау алдында немесе оны пайдаланбайтын болған
жағдайда, электр желісінен ажыратып отырыңыз.
• Суға арналған сыйымдылыққа су толтырардың алдында
қуат бауының ашасын розеткадан шығарылуы тиіс.
• Су қолыңызбен бу станциясының корпусына, үтікке,
желілік бауға немесе желілік бау ашасына тиіспеңіз.
• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін бу станциясы
корпусын, үтікті, қуаттау бауды немесе қуаттау бау
ашасын суға немесе басқа да сұйықтыққа батырмаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ! Ыстық бет.
Үтіктің табаны және бу станциясыны жекелеген
бөлшектері жұмыс кезінде қызады. Күйік алуды
болдырмас үшін терінің ашық жерлерінің ыстық
беттерге тікелей тиюіне жол бермеңіз, үтік
табаны тесіктерінен шығатын ыстық будан
сақтаныңыз.
• Суға арналған сыйымдылыққа хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крахмал ерітіндісін, қақтарды
жоюға арналған реагенттерді, химиялық заттарды ж.т.б.
құюға тыйым салынады.
• Бу станциясы корпусында орнатылған сыйымдылыққа
су толтыратын кезде, құрылғыны өшіріңіз және қуаттау
бауының ашасын электр розеткасынан суырып тастаңыз.
• Шығатын буды адамдарға немесе жануарларға бағыттауға
тыйым салынады.
• Үтік табанының бүлінуіне жол бермеу үшін металл
сырғымасы немесе металл түймелері бар заттарды
үтіктеген кезде абайлық сақтаңыз.
• Үзілістерде үтікті бу станциясына орнатыңыз немесе үтікті
негізге қойыңыз. Үтікті тірекке қойған кезінде түпқойма
орналасқан беттің орнықты екендігіне көз жеткізу қажет.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, үтікті бу станциясының
алаңшасына орнатыңыз және бекіткіш батырмасына басу
арқылы оны бекітіңіз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде үнемі
желілік бау ашасынан ұстаңыз, және оны электр
розеткасынан суырып алыңыз, ешқашан қуаттау бауынан
тартпаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратқаннан кейін ғана
сыйымдылықтағы суды ағызыңыз.
• Құрылғыны мезгілімен тазалап тұрыңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде
пайдаланылатын, полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакетте-
рімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қаупі!
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде балаларға бу
станциясы корпусына, желілік бауға және желілік бау
ашасына тиісуіне рұқсат етпеңіз.
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балаларды
қадағалау керек.
• Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының маңында балалар
немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар болса, онда
ерекше назарда болыңыз.
• Берілген құрылғы балалардың пайдалануына
тағайындалмаған.
• Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері арасындағы
үзілістерде құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде
орналастырыңыз.
• Дене, сенсорлық немесе ақыл-сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса алғанда)
немесе оларда өмірлік тәжірибесі немесе білімі болмаса,
егер олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін
жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілмесе, аспап олардың пайдалануына
арналмаған.
Похожие устройства
- Coolfort CF-3941 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации
- Merach Q1S Инструкция по эксплуатации
- Kettler Air R1 Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE8104D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7804D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7801 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G3 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12W B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 C Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4S2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2S5 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2G25 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HE4K7 Инструкция по эксплуатации