Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/28] 811802
![Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/28] 811802](/views2/2043673/page15/bgf.png)
15
ҚАЗАҚША
Өздігінен тазару режимі
Шамамен 25 сағат бойы бу шығару режимінде қолданғаннан
кейін, бу станциясы пайдаланушыға бу генераторын
ластанудан тазарту қажеттілігі туралы еске салумен
жабдықталған. Бұл жағдайда батырманың индикаторы (4)
үнемі жанып тұрады. Тазалауды жүргізу үшін:
– Үтікті бу станциясы алаңшасына (11) қойыңыз.
– Сыйымдылықты (13) сумен толтырыңыз және оны орнына
қойыңыз.
– Температура реттегішін «STEAM» күйіне орнатыңыз.
– Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз.
– Батырманы (8) басу арқылы аспапты қосыңыз, бұл ретте
батырманың индикаторы (8) жанады және қыздыру
индикаторы (2) жыпылықтап тұрады.
– Үтіктің табанын (3) қыздырғаннан кейін үтіктегі индикатор
(2) үнемі жанып тұрады.
– Үтікті су жинайтын сыйымдылықтың үстіне көлденең
орналастырыңыз, батырманы «SELF CLEAN» (4)
3-4 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Батырманың жарық
индикаторы жыпылықтайды.
– Өзін-өзі тазалау режимін қосу үшін бу шығару батырмасын
(5) басыңыз.
– Өзін-өзі тазарту режимінде бу мен судың шығу қарқындылығы
артылуы қосылады. Ыстық су минералды шөгінділермен
бірге үтік табанының тесіктерінен (3) шығады.
– Үтікті су мен бу үтіктің табанынан (3) шыққанша, сәл алға-
артқа шайқаңыз.
– Шамамен 2 минуттан кейін үтік бу шығаруды тоқтатады,
батырманың индикаторы (4) сөніп, өзін-өзі тазарту режимі
аяқталады.
– Үтікті бу станциясына (11) қойыңыз.
– Батырманы (8) басу арқылы құрылғыны өшіріңіз. Қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткадан суырыңыз.
– Үтіктің табаны (3) толық суып болғаннан кейін, оны құрғақ
мата бөлігімен сүртіңіз.
САҚТАУ
– Станцияны сақтау үшін алып тастамас бұрын, құрылғының
толығымен суығанына көз жеткізіңіз.
– Қалған суды сыйымдылықтан (13) төгіп тастаңыз.
– Құралды тазалаңыз.
– Үтікті бу станциясының алаңшасына (11) орнатыңыз және
үтікті бекіту батырмасын (16) басу арқылы оны бекітіңіз.
– Құрылғыны құрғақ, қараңғыланған және салқын,
балалардың және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ КОМПЛЕКТІ
Бу станциясы – 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Электр қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50-60 Гц
Номиналдық тұтыну қуаты: 2000-2400 Вт
Максималды тұтыну қуаты: 2400 Вт
Бу түзілімінің максималды өнімділігі: 250 г/мин дейін
Қысымы: 5,5 бар
Суға арналған суқойманың көлемі: 1,7 л
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың және
қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың құрамына кірсе)
қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды күнделікті
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды, аспап
пен қуаттандыру элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын қалдықтар
белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта өңделетін міндетті
жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты алу
үшін жергілікті муниципалитетке, тұрмыстық қалдықтарды
қайта өңдеу қызметіне немесе берілген өнімді Сіз сатып
алған дүкенге хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында, алдын-ала
хабарламай, аспаптың дизайнын, конструкциясы және
оның жұмыс қағидатына әсер етпейтін техникалық
сипаттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады, соған
байланысты нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайдаланушы
осындай сәйкессіздіктерді анықтаса, нұсқаулықтың
жаңартылған нұсқасын алу үшін сәйкессіздік туралы
info@coolfort.ru электрондық поштасына хабарлауыңызды
сұраймыз.
Аспаптың қызмет мерзімі 3 жылдан кем емес
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер ди-
лерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.
Похожие устройства
- Coolfort CF-3941 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации
- Merach Q1S Инструкция по эксплуатации
- Kettler Air R1 Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE8104D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7804D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7801 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G3 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12W B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 C Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4S2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2S5 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2G25 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HE4K7 Инструкция по эксплуатации