Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/28] 811802
![Coolfort CF-3420 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/28] 811802](/views2/2043673/page14/bge.png)
14
ҚАЗАҚША
белгілейді, ал қарқынды шығатын бу, нәзік және тығыз
маталарды тиімді үтіктеу үшін бу станциясын пайдалануға
мүмкіндік береді.
– Әр кезде киімдерді үтіктеу алдында, бұйымның үтіктеу
температурасы көрсетілген тілшелерге назар аударыңыз.
– Егер бұйым құлақшасында таңба болса, онда осы
бұйымды үтіктеу ұсынылмайды.
– Үтіктеу алдындазаттарды үтіктеу температурасы бойынша
сұрыптап алыңыз: синтетиканы – синтетикаға, жүнді –
жүнге, мақтаны – мақтаға және т.с.с.
– Алдымен синтетикалық маталардан жасалған заттарды
үтіктеу ұсынылады. Содан кейін жібек немесе жүн
бұйымдарын үтіктеңіз. Мақта мен зығыр бұйымдарын
соңғы кезекте үтіктеу қажет.
– Вельветті және басқа да тез түгі түсетін маталарды
қатаң түрде бір бағытта ғана (түктің ығына қарай) сәл
батыңқырап үтіктеу керек.
– Синтетикалық және жібек маталарда түгі түскен дақтардың
пайда болуын болдырмас үшін оларды астары жағынан
үтіктеген жөн.
БУ ЖІБЕРУ
– Жүннен жасалған заттарды ішкі жағынан да, сыртынан
да үтіктеуге болады, бірақ соңғы жағдайда мата салып
үтіктеу керек. Бу шығару батырмасын (5) басу және ұстап
тұру арқылы бу шығаруды қосыңыз. Бумен үтіктеу өнімде
жылтырдың пайда болуына жол бермейді.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
– Сыйымдылықтың (13) сумен толтырылғанына көз
жеткізіңіз.
– Үтікті бу станциясының алаңшасына (11) орнатыңыз.
– Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз.
– Батырманы (8) басып, бу станциясын қосыңыз, осы ретте
батырманың индикаторы жанады.
– Үтіктеу температурасын температура реттегішінде (7)
«STEAM» күйіне орнатыңыз.
– Үтіктегі қыздыру индикаторы (2) үнемі жанып тұрғанша
күтіңіз, енді үтіктеуге кірісуге болады.
Ескертпе. Бүкіл жұмыс уақытында үтіктің қыздыру
индикаторы біркелкі емес уақыт аралығында қосылады
және өшеді, бұл қалыпты жағдай.
– Буды қысқа мерзімге шығару үшін бу шығару батырмасын
(5) басыңыз, буды ұзақ уақыт шығару үшін батырманы (5)
басыңыз және оны ұстап тұрыңыз.
– Сыйымдылықтағы (13) су деңгейі «MIN» белгісінен төмен
түскенде екі дыбыстық белгі естіледі, қосу батырмасының
индикаторы (8) жыпылықтайды.
БУ СОҚҚЫСЫ ФУНКЦИЯСЫ
Қуатты бу ағынын шығару үшін бу шығару батырмасын (5) екі
рет жылдам басыңыз.
Маңызды! Жұмыстағы үзілістерде үтікті бу
станциясының алаңшасына (11) немесе үтікке арналған
түпқоймаға орнатыңыз (жеткізу жиынтығына кірмейді).
Үтікті бу станциясының алаңшасына (11) орнатпас бұрын
бу шығару батырмасын (5) босатыңыз және табанның
тесіктерінен (3) будың толық шығуын күтіңіз.
– Бу станциясы алаңшасында (11) тамшылардың
жиналмауын қадағалаңыз, тамшылар пайда болған
жағдайда оларды жұмсақ матамен немесе қағаз сулықпен
сүртіп отырыңыз.
– Үтіктеу аяқталғаннан кейін үтікті бу станциясының
алаңшасына орнатыңыз (11) және үтікті бекіту батырмасын
(16) басу арқылы бекітіңіз.
– Батырманы (8) басу арқылы құрылғыны өшіріңіз.
– Қуат бауының ашасын (10) электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
– Үтіктің толық салқындауын күтіңіз, содан кейін
сұйыққойманы (13) шешіп алыңыз және ондағы суды төгіңіз.
ТІГІНЕН БУЛАУ
Үтікті тігінен киімнен 10 -30 см қашықтықта ұстаңыз және бу
шығару батырмасын (5) басыңыз.
Маңызды!
– Тігінен булау процедурасы аяқталғаннан кейін үтікті
тігінен ұстаңыз, бу шығару батырмасын (5) босатыңыз
және үтіктің табанының тесіктерінен будың шығуының
тоқтауын күтіңіз, содан кейін үтікті көлденең күйге
келтіріп, оны бу станциясының алаңшасына (11)
орнатыңыз. Олай болмаған жағдайда, үтікті көлденең
күйге ауыстырған жағдайда, үтіктің табанындағы
қалған ыстық су бу саңылаулары арқылы сыртқа төгілуі
мүмкін.
– Тігінен булау кезінде үтікпен күрт қимылдар жасамауға
тырысыңыз.
– Будың шығуы тоқтағаннан кейін, тігінен булағаннан
кейін, бу шығару батырмасын (5) қолдану арқылы,
көлденең үтіктеуді бастауға болады.
Маңызды ақпарат:
– Синтетикалық маталарды тігінен булауға болмайды.
– Ешқашан адамға кигізіліп қойған киімді буламаңыз,
өйткені шығатын будың температурасы өте жоғары,
ол үшін киім ілгіштерді пайдаланыңыз. Буды адамға,
жануарға, өсімдікке немесе ылғалдан бүлінетін заттарға
бағыттамаңыз.
ҚҰРҒАҚТАЙ ҮТІКТЕУ
– Үтіктегіңіз келетін матаның түріне байланысты
температура реттегішін (7) орнатыңыз.
– Үтіктің табаны (3) белгіленген температураға дейін қызған
кезде, индикатор (2) тұрақты жанып тұрады, үтіктеуге
кірісе беруге болады.
– Үтікті тұтқадан (6) ұстап тұрғанда, бу шығару батырмасын
(5) баспаңыз.
АВТО ТҮРДЕ АЖЫРАТУ ҚЫЗМЕТІ
– Егер сіз 5 минут бойы құрылғыны пайдаланбаған
болсаңыз (батырмаларды баспаған болсаңыз, бу шығару
батырмасын (5) баспаған болсаңыз), қыздыру автоматты
түрде өшеді. Қыздыру индикаторлары (2) және қосу
батырмалары (8) өшіріледі.
– Қыздыруды қосу үшін бу шығару батырмасын (5)
басыңыз, табанның (3) қызуын күтіңіз және жұмысты
жалғастырыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазаламас бұрын, бу станциясын электр желісінен ажыратып,
оның толық салқындауын күтіңіз.
Әр пайдаланғаннан кейін
Суға арналған сыйымдылықтан (13) суды ағызып тастаңыз.
– Суға арналған сыйымдылықты (13), тұтқасынан (14)
тартып, шешіп алыңыз.
– Сыйымдылықтан (13) суды ағызып тастаңыз, содан кейін
оны орнына қойыңыз.
Мезгілімен тазалау
– Бу станциясы мен үтік корпусын сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
– Үтіктің табанындағы (3) минералды шөгінділерді су-сірке
су ерітіндісіне малынған матамен сүртіп тастаңыз, содан
кейін табанның бетін құрғақ матаммен сүртіңіз.
– Бу станциясы мен үтіктің корпусын тазарту үшін абразивті
тазартқыш құралдар мен кез келген еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Похожие устройства
- Coolfort CF-3941 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3942 Инструкция по эксплуатации
- Coolfort CF-3940 Инструкция по эксплуатации
- Merach Q1S Инструкция по эксплуатации
- Kettler Air R1 Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE8104D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7804D B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza OE7801 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G2 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G3 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 CR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12W B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4G12 C Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG4S2 BR Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2S5 W Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HG2G25 B Инструкция по эксплуатации
- Esperanza HE4K7 Инструкция по эксплуатации