Galaxy LINE GL 0120 корпус из высококачественной нержавеющей стали 7010301200 Инструкция по эксплуатации онлайн [2/2] 824409
![Galaxy LINE GL 0120 корпус из высококачественной нержавеющей стали 7010301200 Инструкция по эксплуатации онлайн [2/2] 824409](/views2/2057727/page2/bg2.png)
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
GALAXY LINE GL0120 автомобилдік термосаптыаяғы (ары
қарай – термосаптыаяқ, саптыаяқ, құрал, электр құралы,
бұйым) қолайлы қолдану үшін барлық қажетті атқарымдармен
жабдықталған және автомобилде ауыз суды жылытуға арналған.
Жиынтықта барлық қажетті керек-жарақтар бар – саптыаяқ,
оған қақпақ және істікшелі қуат беру баусымы. Тот баспайтын
болаттан жасалған екі қабатты термосаптыаяғы корпусы ұзақ
уақыт бойы суды жылы сақтауға мүмкіндік береді. Саптыаяқтың
қақпағында ішу үшін ысырмалы саңылау бар. GALAXY LINE
автомобилдік термосаптыаяғы жолдағы орнын ауыстыруға
келмейтін көмекшіге айналады!
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық
қызметтік мерзімі ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған
құрал оны пайдалануға әсер етпейтін осы нұсқаулықтан
кейбір айырмашылықтарға ие болуы мүмкін. Құрал міндетті
сертификаттауға жатпайды.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 кесте
Параметрдің атауы Мән
Қуат 36 Вт
Атаулы кернеу 12 В
Электр тоғымен зақымдалудан қорғаныс
сыныбы
III
III
Көлемі 0,4 л
Қуат беру баусымының ұзындығы 120 см
Судың қызу температурасы шамамен
шамамен
60-90°С *
* Мән қоршаған орта температурасына, судың құйылған
көлеміне және басқа да факторларға байланысты боладыв
3 ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
2 кесте
Атауы Саны
Автомобилдік термосаптыаяқ 1 шт.
Қуат беру баусымы 1 шт.
Қақпақ 1 шт.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 экз.
Тұтынушылық ыдыс 1 шт.
4 ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Бұйымның қауіпсіз және тұрақты жұмысына келесі шарт-
тарды сақтау кезінде ғана кепілдік беріледі:
4.1 Құралды осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
аталғандардан басқа мақсаттар үшін қолданбау керек. Құралмен
жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүргізілуі керек.
4.2 Аталған электр құралы тұрмыстық шарттарда қолдануға
арналған және автомобилдерде қолданылуы керек. Құрал
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған. Аталған үлгі +0-ден +40°С-
қа дейінгі жұмыс температурасының ауқымымен қоңыржай кли-
мат шарттарында және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы
ылғалдылығында жұмыс істеуге арналған.
4.3 Бос электр құралын іске қоспаңыз.
4.4 Егер ол артық құйылса су шайқалып төгілуі мүмкін.
4.5 Электр құралы ауыз суды жылыту үшін ғана қолданылуы
керек. Құралды ешқашан басқа сұйықтықтармен толтырмаңыз.
4.6 Оны өшірудің алдында құрал қақпағының тығыз
жабылғандығына және құралдың тегіс, орнықты бетте
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
4.7 Суды тек жабық қақпақ кезінде ғана жылыту керек.
4.8 Құралды тұтатқыштың ұясынан ажырату кезінде қуат беру
баусымынан емес, істікшеден ұстау керек.
4.9 Электр құралын кез келген ақаулықтар орын алған
жағдайда, тазалаудың алдында және қолданудағы ұзақ мерзімдік
үзілістердің алдында тұтатқыштың ұясынан ажырату қажет.
4.10 Егер ол суға түсіп кетсе, тұтатқыштың ұясына қосылған
электр құралын алып шығуға тырыспаңыз. Құралды тұтатқыштың
ұясынан шығарыңыз, сосын алып шығыңыз. Құралды одан кейін
қолдануға тек оны сервистік орталықта тексеруден және оның
жұмысқа қабілеттілігі расталғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
4.11 Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу
үшін оны дайындаушы немесе оның агенті, немесе аналогтік
біліктік тұлға ауыстыруы керек. Қуат беру баусымын ауысты-
ру қолданыстағы тарифқа сай авторландырылған сервистік
орталықта жүзеге асырылады.
4.12 Электр құралын егер жану немесе жарылыс қаупі бар
болса, мәселен тез тұтанатын сұйықтықтардың немесе газдардың
жанында қолданбаңыз.
4.13 Электр құралын суға немесе басқа да сұйықтықтарға
батыруға болмайды. Құралды ванналардың, шұңғылшалардың
немесе басқа да сумен толтырылған ыдыстардың жанында
қолданбаңыз.
4.14 Егер ол тіпті электр желісінен ажыратылған болса да,
балалаарға электр құралымен жанасуларына рұқсат бермеңіз.
Балалардың электр құралымен ойнауына жол бермеу үшін
қарауда болулары керек.
4.15 Тұтатқыштың ұясына қосылған және жұмыс істеп тұрған
құралды қараусыз қалдыруға болмайды.
4.16 Пайдалану кезінде сақ болыңыз және құралдың ыстық
беттерінің сумен және бумен жанасуларына жол бермеңіз.
Құралды тек тұтқасынан ғана ұстаңыз, себебі қалған бөліктері
өте ыстық болады.
4.17 Іске қосылған, сұйықтықпен толтырылған құралды жұмсақ
беттерге (автомобилдің орындығы және т.б.) қоймаңыз.
4.18 Қуат беру баусымының құралдың ыстық бөліктеріне тиіп
кетуіне жол бермеңіз.
4.19 Электр құралымен жиынтықта жеткізілмеген керек-
жарақтарды қолдану қауіпті болуы және электр құралының істен
шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.20 Құралға құралда таңбаланған тек қауіпсіз аса төмен кер-
неумен ғана қуат берілуі керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал физикалық, сенсорлық немесе
ойлау қабілеттері төмендеген немесе оларда өмірлік тәжірибе
мен білімдері болмаса, немесе егер олар қарауда болмаса немесе
оларға олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар арқылы құралды
қолдану жөніндегі нұсқамалық жүргізілмесе, тұлғалармен бала-
ларды қоса алғанда) қолданылуға арналмаған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралы алкогольдік немесе
есірткілік масаю шарттарында, немесе ақиқатты объективт
қабылдауға кедергі жасаушы басқа да шарттарда қолдануға
арналмаған, және құралды осындай күйдегі немесе шарттардағы
адамдарға сеніп тапсырмау керек!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық
осы құралды пайдалану процесінде орын алуы мүмкін штаттық
емес оқиғалардың барлығын бірдей қарастыра алмайды.
Қолданушы электр құралымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауы керек!
5 ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
Электр құралының элементтері (1, 2 сур.):
1. Корпус
2. Тұтқа
3. Қуат беру баусымы
4. Істікше
5. Ішуге арналған ысырмалы саңылаумен қақпақ
6. Жұмыс индикаторы
1 2
3
4
5
1 сур.
6
2 сур.
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Бірінші рет қолданудың алдында құралды және құралдың
барлық алынбалы бөлшектерін қаптаушы материалдан
босатыңыз және оларды таза, аздаған дымқыл шүберекпен
сүртіңіз;
Ескерту – Тазалау үшін металл бұйымдарды және қажақты
құралдарды қолданбаңыз, өйткені ол жабынды бүлдіруі мүмкін;
ЕСКЕРТУ! Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол
және т.б.) қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың
қолы жетпейтін жерлерде қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар
болған кезде) және электр құралының корпусындағы сериялық
нөмірмен жапсырманы міндетті түрде өз орындарында сақтаңыз!
6.2 Саптыаяқты бірінші рет пайдаланудың алдында немесе егер
құрал ұзақ уақыт бойы қолданылмаған жағдайда, саптыаяқты
оның максималды көлеміне дейін қайнаған ауыз сумен толтыру
және оны төгу ұсынылады. Аталған рәсімді 2-3 рет қайталаңыз.
Ескерту – Бірінші рет қолдану кезінде бөгде иістің пайда болуы
құралдың ақаулығының салдары болып табылмайды.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Саптыаяқтың қақпағын (5) ашыңыз;
7.2 Саптыаяқтың корпусына (1) ауыз суды құйыңыз. Құйылған
судың көлемі саптыаяқтың максималды сыйымдылығы
шектерінде болуы керек – 400 мл;
7.3 Саптыаяқтың қақпағын (5) жабыңыз;
7.4 Саптыаяқтың корпусын (1) тұтатқыштан жақын қашықтықта
тегіс орнықты бетке орнатыңыз;
7.5 Қуат беру баусымын (3) толықтай тарқатыңыз;
Ескерту – Қуат беру баусымын (3) ол қандай да болмасын
қызушы беттерге жанаспайтындай етіп орналастырыңыз;
7.6 Істікшені (4) тұтатқыштың ұясына қойыңыз. Істікшеде (4)
жұмыс индикаторы (6) жанады;
7.7 Саптыаяқ суды қыздырады;
7.8 Қыздыруды тоқтату үшін тұтатқыштың ұясынан істікшені (4)
шығарыңыз. Істікшеде (4) жұмыс индикаторы (6) сөнеді.
Ескерту – Түзілуші қақтардың мөлшерін кеміту үшін:
• Саптыаяқты әрбір қолданудан кейін барлық суды төгіңіз;
• Сумен толтырылған саптыаяқты барлық түнге қалдырмаңыз;
• Сүзгіленген суды қолданыңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
8.1.1 Қызмет көрсетуді жүргізудің алдында істікшені (4)
тұтатқыштың ұясынан шығарыңыз;
8.1.2 Саптыаяқтың корпусын (1) және қақпақты (5) дымқыл
шүберекпен сүртіңіз;
Ескерту – Саптыаяқты тазалау үшін қажақты тазартқыштарды
және агрессивтік жуғыш құралдарды қолданбаңыз.
Назар аударыңыз! Саптыаяқты, қуат беру баусымын (3) және
істікшені (4) суға батырмаңыз. Құралды ыдыс-аяқ жуатын ма-
шинада жууға тыйым салынады.
8.1.3 Қақтарды кетіру үшін: саптыаяққа қайнаған суды макси-
малды көлемнен төрттен үш бөлігіне құйыңыз;
8.1.4 Оған сірке қышқылының 8% ерітіндісін (немесе 100 мл
суға 30 г лимон қышқылын қолданыңыз) максималды көлемге
дейін үстеп құйыңыз;
8.1.5 Ерітіндіні саптыаяқта бірнеше сағатқа қалдырыңыз;
8.1.6 Саптыаяқтан суды төгіңіз және сумен мұқият жуыңыз;
8.1.7 Саптыаяққа таза қайнаған суды максималды көлемге дейін
құйыңыз;
8.1.8 Саптыаяқтан суды төгіңіз және оны қайта таза сумен
жуыңыз. Егер саптыаяқта қақ қалса, жоғарыда аталған рәсімді
қайталаңыз.
Ескерту – Сіз сонымен бірге қақтардан тазалау үшін арнайы
құралдарды да қолдана аласыз. Бұл жағдайда дайындаушыдан
нұсқаулықтарды қолданыңыз.
8.2 Ұсыныстар
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге
тырыспаңыз. Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну
үзілді-кесілді ұсынылады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бүлінулерге жол бермеу үшін бұйымды тек зауыттық қаптамада
тасымалдаңыз. Тасымалдаудан және бұйымды төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау қажет. Сақтаудың және қайтадан
пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалаңыз
және толықтай құрғатыңыз. Құралды құрғақ салқын орында,
+0-ден +40 °С-қа дейінгі температура кезінде және 80%-дан
аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында , балалар
мен жануарларға қолжетімсіз жерлерде сақтау ұсынылады.
Бұйымды тасымалдау, тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта айтылғандардан басқа, келесі талаптарды
басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасы бүтіндігінің
бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін әлеулі механикалық
жүктемелерге бұйымды ұшыратуға тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың
тиіп кетуіне жол бермеу қажет. Бұрын пайданудан болған
бұйымды тасымалдаудың немесе теріс температурада сақтауға
берудің алдында бұйымда судың жоқтығына көз жеткізу қажет.
Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек. Бұйымды
температураның елеулі айырмаларынан және күннің тікелей
сәулелерінің әсерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Электр құралдарын қате кәдеге жарату қоршаған
ортаға орны толмас зиян келтіреді. Ақаулы электр
құралдарын тұрмыстық қалдықтармен бірге
лақтырмаңыз. Осы мақсаттар үшін электр құралдарын
мамандандырылған кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз.
Сіз электр құралдарын қабылдау бекеттерінің мекенжайларын
Сіздің қалаңыздағы муниципалдық қызметтерден ала аласыз.
10 ҚЫЗМЕТТІК МЕРЗІМІ
Құралдың қызметтік мерзімі 3 жылды құрайды.Құралдың қызметтік мерзімі 3 жылды құрайды.
Дайындаушы –компания сатып алушылардың назарын
бұйымды тұрмыстық мұқтаждықтардың аясында пайдала-
ну және осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
қолдану ережелерінің сақталуы кезінде бұйымның қызметтік
мерзімінің осы нұсқаулықта көрсетілгеннен айтарлықтай асып
кететіндігіне аударады. Дайындаушы-компания өзіне бұйымның
пайдаланушылық сапасын нашарлатпайтын құрылымы мен
жиынтықтылауына өзгерістер енгізу құқығын қалдырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды сатып алу кезінде
жиынтықтылықты және жарамдылықты, сонымен бірге кепілдік
талонының дұрыс толтырылуын тексеріңіз.
11 ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
Сіздің назарыңызды кепілдікті мерзімінің ішінде келесі
шарттардың сақталулары кезінде электр құралының тегін
сервистік қызмет көрсетуге немесе жөндеуге қабылданатын
болатындығына аударамыз: Кепілдікті міндеттемелер онда
сатылған күні, сериялық нөмірі, сатушы ұйымның мөрі
(мөртабаны), сатушының қолтаңбасы көрсетілумен кепілдік
талоны дұрыс толтырылған кезде жүзеге асырылады. Сізде
дұрыс толтырылған кепілдік талоны болмаған кезде біз Сіздің
аталған бұйымның сапасы бойынша талаптарыңыздан бас
тартуға мәжбүр боламыз. Түсінбеушіліктерге жол бермеу үшін
Сізден бұйыммен жұмысты бастаудың алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығуды өтінеміз. Сіздің
назарыңызды бұйымның тек тұрмыстық тағайындалуына ауда-
рамыз. Кепілдік шарттары иегердің үйінде кезеңдік техникалық
қызмет көрсетуді қарастырмайды. Осы кепілдікті шарттардың
құқықтық негіздемесі Ресей Федерациясының қолданыстағы
заңнамасы, әсіресе, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
туралы» Федералдық заңы және Ресей Федерациясының
Азаматтық кодексі болып табылады. Бұйымды пайдаланудың
кепілдікті мерзімі 24 айды құрайды. Бұл мерзім бөлшек желі
арқылы сатылған күнінен бастап саналады. Біздің кепілдікті
міндеттемелер кепілдікті мерзімнің ішінде анықталған,
және өндірістік, технологиялық және конструктивтік, яғни,
дайындаушы-компанияның кінәсі бойынша жол берілген
ақаулармен шарттас ақаулықтарға ғана таралады.
11.1 Кепілдікті міндеттемелер келесілерге таралмайды:
11.1.1 Келесілердің нәтижесінде орын алған ақаулықтарға;
- қолданушы арқылы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
нұсқамалардың сақталмауы;
- сыртқы немесе кез келген басқа әсермен шақырылған
механикалық бүлінулерге;
- бұйымды тағайындалуы бойынша қолданбауға;
- бұйымға жаңбыр, қар, жоғары ылғалдылық, қызу, агрессивтік
орталар, электр желісінің қуат беруші параметрлерінің пайда-
лану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкессіздігі секілді
жағымсыз атмосфералық және сыртқы әсерлерге;
- аталған үлгінің технологиялық құрылымында қарастырылмаған,
өндірушімен ұсынылмаған немесе мақұлданбаған керек-
жарақтардың, шығын материалдарының және қосалқы
бөлшектердің қолданылуына.
11.1.2 Уәкілетті емес тұлғалармен ашуға, жөндеуге немесе
түрлендіруге ұшыраған бұйымға.
11.1.3 Келесідей бұйымды лайықсыз қолданудың немесе
сақтаудың салдарынан орын алған ақаулықтарға:
- Бұйымның металл элементтерінде тотықтардың болуы;
- Желілік кабелдің үзілулері мен кесіктері;
- Сызаттар, жарықшақтар, корпустың, бұйымның пластик
бөліктерінің күшті үйкелістері және бас.
11.1.4 Бұйымның істен шығуына әкеліп соқтырған бұйымның
асқын жүктелуінің нәтижесінде пайда болған ақаулықтар.
11.1.5 Оқылатын сериялық нөмірісіз бұйымға.
11.1.6 Мезгілдік ауыстырып отыруға жататын шығын матери-
алдарына, алынбалы бөлшектерге, түйіндерге, сонымен бірге
электр құралымен жиынтықта жеткізілетін керек-жарақтар мен
толымдаушыларға.
11.1.7 Асқын жүктелудің мінсіз белгілеріне жататындар: - бұйымның
бөлшектері мен түйіндерінің деформациялануы мен балқуы;
- ротор мен қозғалтқыш статорының бір уақытта істен шығуы;
- сымдардың оқшаулағыштарының қараюы немесе күюі.
Сіздің назарыңызды бұйымды сервистік орталыққа жеткізу
соңғы тұтынушы (иегері) арқылы немесе оның есебінен жүзеге
асырылатындығына аударамыз. Құралға кепілдікті жағдайды
орнату бойынша техникалық куәландыру тек авторландырылған
сервистік орталықта жүргізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды сатып алу кезінде
жиынтықтылықты және жарамдылықты, сонымен бірге кепілдік
талонының дұрыс толтырылуын тексеріңіз. Құралға кепілдікті
жағдайды орнату бойынша техникалық куәландыру тек
авторландырылған сервистік орталықта жүргізіледі. Сервистік
орталықтардың тізімін сатушыдан немесе galaxytecs.ru сайтынан
білуге болады.
12 ӨЗГЕ АҚПАРАТ
Импорттаушы: «МЕГАПОЛИС» ЖШҚ
Мекен-жай: 432048, Ресей Федерациясы, Ульяновск облысы,
қ.о. Ульяновск қаласы, Ульяновск қ., Локомотивная көш., ғим.14А
Электрондық поштаның мекенжайы: mail@simbirsk-crown.ru
Телефон: +78422324242
Дайындаушы: Ханчжоу Анпел Эплаенс Ко., Лтд.
Мекен-жай: Рум № 402, Билдинг 1, №176 Цзыся Стрит, Сиху
Дистрикт, Ханчжоу Сити, Провинция Чжэцзян, Қытай.
ҚХР жасалған.
Дайындалған күні бұйымның өзінде орналасқан лейблдың
(ақпараттық тақтайша) сериялық нөмірінде орналасқан.
Дайындаушының стандартына сәйкес сериялық нөмір -
импорттаушыдан және тапсырыс нөмірінен / дайындалған
жылы мен айынан / бұйымның реттік нөмірінен тұрады.
Похожие устройства
- МК 750, размер L Презентация продукции МК
- МК 750, размер М Презентация продукции МК
- МК 750, размер S Презентация продукции МК
- ABRAFORM RAZOR; AF-RAZOR Инструкция
- TSPROF pioneer TS-P1230020 Инструкция
- TSPROF Профиль К03 Pro Hunter TS-K3P220020 Инструкция
- AM.PM излив 320 мм, хром F40890A94 инструкция
- Inforce TORX 9 штук 06-05-96 Рекомендательные письма
- Gigant 15 предметов ELS15 Рекомендательные письма
- Gigant 27 предметов ELS27 Рекомендательные письма
- Makita DK0166: дрель-шуруповерт DF0300 + лобзик 4329 Руководство по эксплуатации
- Makita DK0166: дрель-шуруповерт DF0300 + лобзик 4329 Инструкция к лобзику Makita 4329
- Makita DK0167: лобзик 4329 + дисковая пила HS7601 Инструкция по эксплуатации
- Makita DK0167: лобзик 4329 + дисковая пила HS7601 Инструкция к лобзику Makita 4329
- Квт НИЭ-04 1000 вольт 67332 Паспорт Набор электромонтажника КВТ НИЭ-04 1000 вольт 67332
- Gigant 9 предметов ELS9 Рекомендательные письма
- Original FitTools 11-24 тх ULTIMATE FT-61ULT mini-bands OFT
- Inspector Avenger 4627074714655 Инструкция по эксплуатации
- Inspector Booster 4627074714662 Инструкция по эксплуатации
- Inspector Charger 4627074714679 Инструкция по эксплуатации