Galaxy 180 кг гл4809л [14/19] Электр құралын пайдалану

Galaxy LINE GL4809 [14/19] Электр құралын пайдалану
KAZ
14
14
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған жағдайда)
және бұйымның сериялық нөмірі бар жапсырманы орнында электр құралының
корпусында/платформасында (7, 1) міндетті түрде сақтаңыз!
6.2 Электр құралының платформасын (1) жұмсақ, аздаған дымқыл матамен сүртіңіз,
одан кейін құрғатып сүртіңіз;
ЕСКЕРТУ! Тазалауға арналған металл бұйымдарды және қажақты құралдарды
қолданбаңыз, себебі бұл жабынды бүлдіруі мүмкін;
6.3 Корпус (7) пен қуат беру элементіне арналған бөліктің қақпағының (3)
арасындағы қорғаныс оқшаулағыш жолақты (ол бар болған жағдайда) алып
тастаңыз;
6.4 Қуат беру элементінің қуат беру элементіне арналған бөлікке орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Егер қуат беру элементі орнатылмаған болса – оны орнатыңыз (Қуат
беру элементін орнату және ауыстыру 7.1 т. қар.);
6.5 Құрал қолдануға дайын.
ЕСКЕРТУ! Бірінші рет қолдану кезінде бөгде иістің пайда болуы құралдың ақаулығы
салдары болып табылмайды.
7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
7.1 Қуат беру элементін орнату және ауыстыру
• Қуат беру элементіне арналған бөліктің қақпағын (3) ашыңыз;
• Кереғарлықты қатаң сақтай отырып, CR2032 типіндегі бір қуат беру элементін
(жеткізілім жиынтығына кіреді) орнатыңыз;
• Қуат беру элементіне арналған бөліктің қақпағын (3) орнына орнатыңыз;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер таразы ұзақ мерзім қолданылмаса, қуат беру элементін
қуат беруге арналған бөліктен (3) шығарыңыз.
7.2 Жұмыс тәртібі
• Таразыны тегіс, қатты және орнықты бетке орнатыңыз;
Ескерту
1 Әдепкі қалып бойынша өлшем бірлігі - «kg»;
2 «UNIT» батырмасына (4) жанасумен таразының қажетті өлшем бірліктерін
таңдаңыз, дисплейде (2) келесі символдар бейнеленеді:
«kg» – килограмдардағы салмақ;
«lb» – фунттардағы салмақ;
«st» – стоундардағы:фунттардағы салмақ (4 сур.);

Содержание

Похожие устройства

Скачать