Galaxy 180 кг 5080148310 [15/18] Таразыны тегіс орнықты көлденең қатты бетке орнатыңыз таразы плат

Galaxy 180 кг 5080148310 [15/18] Таразыны тегіс орнықты көлденең қатты бетке орнатыңыз таразы плат
KAZ
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды барлық қаптаушы материалын (бар болған жағдайда) алып тастай
отырып, қаптамадан шығарыңыз. Корпусты алдымен дымқыл майлықпен,
сосын құрғақ матамен сүртіңіз. Қуат беру элементіне арналған бөліктің
қақпағын ашыңыз. Қуат беру элементін орнатыңыз. Бөліктің қақпағын
жабыңыз. Батырманың (3) көмегімен таразының өлшем бірлігін таңдаңыз:
килограммдар (kg), фунттар (lb) немесе стоундар (st).
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Таразыны тегіс орнықты көлденең қатты бетке орнатыңыз. Таразы плат-
формаларын қол тигізіңіз. Дисплейде «0.0kg», («0.0lb», «0:0st») мәні
бейнеленетін болады. Табандарды параллель орналастыра және дене
салмағын біркелкі бөле отырып таразыға тұрыңыз. Дисплейде Сіздің
салмағыңыз бейнеленетін болады. Таразыдан түсіңіз. Таразы бірнеше се-
кундтан кейін автоматты түрде ажыратылатын болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дисплейде «EEEE» мәнінің пайда болуы таразының
максималды рұқсат етілетін шегінің артып кетуін білдіреді. Оның бүлінуін
болдырмау үшін таразыдан түсіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың рұқсат етілетін қателігі 1%-ды құрайды.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Құралдың бетндегі кез келген ластануларды Сіз құрғақ шүберектің
көмегімен кетіре аласыз. Корпусты тазалау үшін бұйымның металл
бөліктерінде тотықтың түзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик
бетті бүлдіретін тазартқыш құралдарды қолданбау керек.
8.2 Дисплейде «LО» мәнінің пайда болуы қуат беру элементін ауыстыру
қажеттілігін білдіреді. Егер құрал ұзақ уақыт бойы қолданылмаса, қуат
беру элементін бөліктен шығарыңыз.
8.3 Егер құрал қате жұмыс істесе, қуат беруді ажыратыңыз, ол үшін қуат
беру элементін шығарыңыз. Біраз уақыттан кейін қуат беру элементін ор-
нына орнатыңыз және құралды іске қосыңыз.
8.4 Құралды қыздырғыш құралдардан алыста сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жиынтыққа кіретін қуат беру элементтері құралдың
жұмысқа қабілеттілігін тексеруге арналған және оның қызметтік мерзімі
қуат берудің жаңа элементіне қарағанда қысқарақ болуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать