Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [91/108] 829120
![Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [91/108] 829120](/views2/2062956/page91/bg5b.png)
*2149875*
2149875 Қазақ 85
бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралға техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶ Электр құралды, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарды басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Кесу білдектеріне арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Электр құралға жататын қорғауыш қаптама берік бекітілген және барынша жоғары
қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей реттелген болуы керек, яғни абразивті ең аз бөлігі
ғана ашық қалуы керек. Өзіңіз бен жаныңыздағы адамдардың айналып жатқан тегістеу
дөңгелегінің жазықтығынан тыс болуын қадағалаңыз. Қорғауыш қаптама операторды
сынықтардан және абразивті аспапқа кездейсоқ тиюден қорғауға арналған.
▶ Электр құралмен бірге тек қана күшейтілген, берік етілген немесе алмас кесу дискілерін
қолданыңыз. Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны қауіпсіз пайдалануға
кепіл бермейді.
▶ Алмалы-салмалы құралда көрсетілген шекті айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп
айналу жиілігінен азырақ болмауы керек. Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын жұмыс
аспабы бұзылуы мүмкін.
▶ Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: тегістеуді кесу дискісінің
бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дискілері материалды диск жиегімен алуға
арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы мүмкін.
▶ Тегістеу дискісін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дискісін бекітеді және
оның сыну қаупінің дәрежесін азайтады.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дискілерін қолданбаңыз. Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дискілері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы құралдың сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың
өлшемдеріне сай болуы керек. Өлшемдері қажеттіге сай келмейтін жұмыс аспаптарын жеткілікті
дәрежеде экрандау немесе басқару мүмкін емес.
▶ Тегістеу дөңгелектері мен фланец электр құралдың тегістеу шпинделіне тура келуі керек.
Өлшемдері шпиндельге сай емес жұмыс аспаптары қатты вибрацияның пайда болуының себебі
болады және электр құралын басқаруды жоғалтуға әкеледі.
▶ Зақымдалған тегістеу дөңгелектерін қолданбаңыз. Тегістеу дөңгелектерін әр қолдану
алдында онда сынып кеткен жерлер және жарықтар бар-жоғын тексеріңіз. Егер электр
құрал немесе тегістеу дөңгелегі құлап қалса, оның зақымдалмағанын тексеріңіз немесе
зақымдалмаған тегістеу дөңгелегін қолданыңыз. Тегістеу дөңгелегін тексеріп орнатқаннан
кейін, өзіңіз бен жаныңызда тұрған адамдарды айналып тұрған тегістеу дөңгелегінің
жазықтығынан тыс ұстаңыз және аспапқа бір минут бойы ең жоғары айналу жылдамдығымен
жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз. Жағдайлардың көпшілігінде зақымдалған тегістеу дөңгелектері
бұл сынақ кезінде бұзылады.
▶ Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз. Жағдайларға байланысты қорғауыш масканы
немесе қорғауыш көзілдірікті қолданыңыз. Қажет болғанда шаңнан қорғайтын масканы,
қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды немесе сізді өңдеп жатқан материалдың майда
бөлшектерінен қорғайтын арнайы алжапқышты қолданыңыз. Әр түрлі жұмыстарды орындау
кезінде пайда болатын бөлшектердің көзге тиюінен қорғауды қамтамасыз ету керек. Жұмыс кезінде
пайда болатын шаңды респиратордың шаңнан қорғайтын сүзгіні ұстап тұруы керек. Қатты шу тым
көп әсер еткенде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Бөгде тұлғалар жұмыс аймағынан қауіпсіз қашықтықта болуын қадағалаңыз. Жұмыс
аймағындағы кез келген адам жеке қорғану құралдарын қолдануы керек. Өңдеп жатқан
бөлшектердің немесе бұзылған жұмыс аспаптарының сынықтары шетке ұшуы және тіпті жұмыс
аймағының шектерінен тыс жарақаттауы мүмкін.
Printed: 23.10.2018 | Doc-Nr: PUB / 5459237 / 000 / 00
Похожие устройства
- Metabo TE 24-230 MVT CED 60 мм 600434500 Инструкция к товару
- Bosch GCO 14-24 J 0.601.B37.200 Инструкция по эксплуатации
- Ryobi ONE+ HP RCT18C-0 5133004953 Инструкция к товару
- Rodcraft 7160 8951075021 Инструкция к товару
- Patriot FM 380 110303380 Инструкция по эксплуатации
- Калибр ПО-2300А 00000045795 Инструкция к товару
- Калибр ПО-700 00000023970 Инструкция к товару
- Вихрь ОП-355/2500 72/15/1 Паспорт
- Зубр Профессионал d 355 мм, 2000 Вт ПОМ-355 Инструкция
- Энкор Корвет-432 94320 Инструкция к товару
- Diam PLK-250/1.8 600101 Инструкция по эксплуатации
- Diam PLK-400/2.2 600067 Инструкция к Diam PLK-400/2.2 600067
- Diam SK-800/2.8/380 600112 Инструкция к Diam SK-800/2.8/380 600112
- Diam SM-1200/4.0 650 600054 Электросхема
- Diam SM-1200/4.0 650 600054 Инструкция к Diam SM-1200/4.0 650 600054
- Diam SPL-250/1.5 600042 Инструкция к Diam SPL-250/1.5 600042
- Ridgid 122 96362 Инструкция по эксплуатации
- Калибр ОСК-250/1200 00000069825 Инструкция по эксплуатации
- Euroboor EDC.355 Инструкция
- Evolution S355CPS 084-0003 Инструкция S355CPS