Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [92/108] 829120

Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [92/108] 829120
86 Қазақ 2149875
*2149875*
Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
аспапты оқшауланған беттерінен ғана ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың
қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Желілік кабельді айналатын алмалы-салмалы аспаптардан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Аспапты басқаруды жоғалту жағдайында желілік кабель кесілуі, ал қол айналатын жұмыс аспабының
аймағына тартылып кетуі мүмкін.
Электр құралды алмалы-салмалы аспап толық тоқтағанша алмаңыз. Айналатын жұмыс аспабы
тірек бетіне тиіп, осының салдарынан сіз электр құралды басқаруды жоғалтуыңыз мүмкін.
Тасымалдау кезінде электр құралдың қосылуын болдырмаңыз. Айналатын жұмыс аспабы
кездейсоқ киіміңіздің жиектерін іліп алуы және айналғанда сізді жарақаттауы мүмкін.
Электр құралдың желдету саңылауларын тұрақты түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш корпусына
тартылатын металл шаңының артық концентрациясы электр тогының соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Оңай тұтанатын материалдардың жанында электр құралды қолданбаңыз. Ұшқындардың тиюі
бұл материалдарды тұтандыруы мүмкін.
Пайдалану үшін салқындату сұйықтықтарықажет алмалы-салмалы аспаптарды қолданбаңыз.
Суды немесе басқа салқындату сұйықтықтарын қолдану электр тогының соғу қаупіне әкелуі мүмкін.
Қайтарым және тиiстi нұсқаулар
Тебу тұрып қалған немесе бұғатталған айналдыратын тегістеу дискісінің салдарынан пайда болатын
кенет реакция болып табылады. Іліну немесе бұғатталу айналдыратын кірістірме құралдың кенет
тоқтауына әкеледі. Бұғатталу орнында жұмыс аспабының қарама-қарсы бағытта айналуына байланысты
электр құралдың басқарылмайтын қозғалысы орын алады.
Өңдеп жатқан бөлшекте тегістеу дискісі ілінгенде немесе бұғатталғанда, бөлшекке салынатын тегістеу
дискісінің жиегі тұрып қалуы мүмкін. Бұл дискінің сынуына әкеледі немесе қайтарымды тудырады.
Бұл кезде тегістеу дискісі оператор бағытында немесе оған кері қозғалады (бұғатталу сәтінде дискінің
айналу бағытына байланысты). Сонымен бірге, бұл тегістеу дискісінің құртылуына әкеп соқтыра алады.
Қайтарым электр құралды дұрыс емес немесе қате қолданудың салдары болып табылады. Төменде
берілген сақтық шараларын орындаған жағдайда мұны болдырмауға болады.
Аспаптың қайтарымын амортизациялау алатын қалыпты қабылдап, электр құралды берік
ұстаңыз. Электр қозғалтқышы тездегенде пайда болатын қайтарымды немесе реактивті
моментті максималды басқару үшін әрқашан қосымша тұтқышты (бар болса) қолданыңыз.
Тиісті сақтық шараларын қолданған жағдайда оператор қайтарымды және реактивті моментті
басқара алады.
Қол буынын айналатын алмалы-салмалы аспапқа ешқашан жақындатпаңыз. Қайтарым кезінде
жұмыс аспабы оларға ілінуі мүмкін.
Айналып жатқан кесу дискісінің аймағында және оның артында тұрмаңыз. Қайтарым электр
құралды бұғатталу орнынан жұмыс аспабының айналуына қарама-қарсы бағытта жылжытады.
Бұрыштарды, үшкір жиектерді және т.б. өңдеу кезінде өте мұқият болыңыз. Электр
құралдардың ыршып кетуін және өңделетін бөлшектерде сыналануын болдырмаңыз.
Айналатын жұмыс аспабы бұрыштарды, үшкір жиектерді өңдеу кезінде немесе ыршып кеткенде
сыналануы мүмкін. Бұл аспапты басқаруды жоғалтудың немесе қайтарымның пайда болуының
себебі болады.
Саңылауларының ені 10 мм шамасынан асатын шынжырлы немесе тісті араларды, сондай-
ақ, сегменттелген алмас дискілерін қолданбаңыз. Мұндай жұмыс аспаптарын қолдану жиі
қайтарымды тудырады немесе электр құралды басқаруды жоғалтуға әкеледі.
Кесу дискісінің бұғатталуын немесе тым қатты басу қысымын болдырмаңыз. Тым қатты
кесулерді орындамаңыз. Кесу дискісіне шамадан тыс жүктеме түсуі оның тозуын және қисаю
немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен бірге қайтарымның пайда болу немесе оның бұзылу
мүмкіндігін арттырады.
Кесу дискісі сыналанған немесе жұмысты тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және диск
толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі айналып жатқан дискіні кесу жерінен шығарып алуға ешқашан
әрекет жасамаңыз қайтарым болуы мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және кетіріңіз.
Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты қайтадан қоспаңыз. Жұмысты жалғастыру
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне дейін тездегенше күтіңіз. Әйтпесе диск сыналануы,
дайындамадан ыршып кетуі немесе кері соққы пайда болуы мүмкін.
Кесу дискісі сыналанған жағдайда қауіп дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді тақталарды
немесе бөлшектерді тіреңіз. Үлкен өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен иілуі мүмкін.
Өңделетін бөлшекті екі жағынан кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ, бөлшек жиегінің
бойында тіреу керек.
Printed: 23.10.2018 | Doc-Nr: PUB / 5459237 / 000 / 00
Скачать