Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [93/108] 829120

Hilti DCH 300-X 230V 2149600 Инструкция к товару онлайн [93/108] 829120
*2149875*
2149875 Қазақ 87
Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін емес аймақтарда "қуыстарды кесу" жұмысын
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Газ және су құбырларын, электр сымдарын немесе
басқа заттарды кесу кезінде кесу дискісін салғанда, қайтарым пайда болуы мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
Жұмыс кезінде желілік және ұзартқыш кабельдердің әрқашан аспаптың артында болуын бақылаңыз.
Бұл жұмыс уақытында оларға шалыну қаупін азайтады.
Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар жарақаттауы мүмкін.
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Аспапты бейімдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
Қорғаныш қолғапты әсіресе дискілерді алмастыру, қорғаныш қаптаманы реттеу және тереңдік
шектегішін монтаждау кезінде киіп жүріңіз.
Мүмкіндігінше шаңсорғыш пен арнайы жылжымалы шаң жинағышты қолданыңыз. Құрамында
қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар
және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды
болуы мүмкін.
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Аспапты шаңсорғышсыз құрғақ кесу үшін пайдаланған кезде жеңіл респираторды тағып жүріңіз.
Аспирациялық келте құбырдың үстіндегі қақпақты жабыңыз.
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар! Аспапты тек жұмыс аймағына
әкелгеннен кейін ғана қосыңыз.
Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін үзілістер
жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың
қантамыры не жүйкесіне кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын, мысалы, металл іздегіш көмегімен тексеріңіз. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін.
Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса, оған тиюге тыйым салынады.
Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
Ұзартқыш кабельдерді тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
Пайдалану барысында ешқандай ұшқындардың туындамауын қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін қорғауыш
қаптаманы дұрыс орнатыңыз.
Қолдану алдында тегістеу дөңгелегі дұрыс орнатылғанына және бекітілгеніне көз жеткізіңіз және
қауіпсіз бос жүріс күйінде 30 секунд жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз. Байқалатын вибрация немесе
басқа ақаулықтар пайда болғанда аспапты дереу тоқтатыңыз. Себепті анықтау үшін жүйенің барлық
құрамдастарын тексеріңіз.
Аспап қатты немесе кенет іске қосылғанда оны пайдаланбаңыз. Электрониканың ақаулығы пайда
болғаны ықтимал. Аспапты Hilti қызмет көрсету орталығында жөндеңіз.
Металл бетті кескен кезде аспирациялық келте құбырдың үстіндегі қақпақты жабыңыз.
Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді, әсіресе
арматураны немесе ұстап тұратын құрылыстарды кескенде.
Жұмысты бастау алдында инженер-құрылысшыдан немесе басқа жауапты тұлғадан кеңес алыңыз.
Printed: 23.10.2018 | Doc-Nr: PUB / 5459237 / 000 / 00
Скачать