Stihl MS 361 18" 11352000519 Инструкция к Stihl MS 361-18" 11352000326z онлайн [8/112] 834215

Stihl MS 361 18
MS 361
қазақ
6
Қолыңыз майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы бензин
арасын сенімді түрде басқару
үшін маңызды шарт болып
табылады
Шынжыр үшін бактағы жанармай-
жағар май жеткілікті болу керек
Бензин арасы тек қана сенімді
қолданыс күйінде қолданылуы қажет
жазатайым оқиғаның туындау қаупі
төне алады!
Бензин арасын іске қосу
Тек қана тегіс негіздемеде. Сенімді
және орнықты күйге қойыңыз. Бұл
ретте бензин арасын сенімді түрде
ұстаңыз - кескіш гарнитура заттарға
және еденге тимеуі керек, соның
себебінен, айналып жүретін
шынжырдан жарақат алу қаупі
туындайды.
Бензин арасын тек қана бір адам
пайдаланады. Жұмыстардың
орындалатын аумағында, соның
ішінде бензин арасын іске қосқан
кезде бөгде адамдар болмауы қажет.
Егер де ара шынжыры қиманың
саңылауында орналасқан болса,
бензин арасын іске қоспаңыз.
Мотор, жанармай толтырылатын
жерден кемінде 3 метрлік қашықтықта
және жабық орынжайларда
толтырылуы тиіс.
Моторды іске қосар алдында ара
шынжырының тежегішін бұғаттаңыз -
айналмалы ара шынжырынан
жарақат алу қаупі төне алады!
Моторды қолдан жібермеңіз - қолдану
жөніндегі нұсқаулықта
сипатталғандай іске қосыңыз.
Жұмыс барысында
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз. Егер де ағаштың қабығы
ылғал болса абайлаңыз – тайғанап
кету қаупі төне алады!
Бензин арасымен жұмыс істеген
кезде әркез екі қолыңызбен мықтап
ұстаңыз: оң қолыңыз артқы тұтқышта
тұрады, солақайларға да осылайша
болады. Бензин арасын сенімді түрде
басқару үшін түтікшелі тұтқышты
және тұтқышты бас бармақпен
тығыздап ұстап алыңыз.
Қауіп төнетін болса немесе шұғыл
жағдай орын алса, моторды бірден
сөндіріңіз – құрамдастырылған
иінтіректі/тоқтатуды ауыстырып-
қосқышты STOP, 0 немесе
бағытында орнатыңыз.
Бензин арасын ешқашан да қараусыз
қалдырмаңыз.
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, мұз болғанда, тау еңісінде,
кедір-бұдыр жерлерде немесе
сүректің қабығын аршығаннан кейін
абайлаңыз – тайғанап кете аласыз!
Кедергілерге назар аударыңыз:
томарлар, тамырлар, жыралар –
сүрініп кете аласыз!
Жалғыз жұмыс істемеңіз - апат болған
жағдайда көмек көрсетуге үйретілген
басқа адамдарды әрдайым шақыра
алатын қашықтықта болыңыз. Егер де
агрегат жұмыс істейтін аймақта
көмекшілер де болса, олар да
қорғаныш киімін (дулығаны!) киюге
тиіс және аралап кесілетін
бұтақтардың астында тұрмауы керек.
Құлақ бітеуіштерін пайдаланған
кезде, аса мұқият және сақ болуыңыз
керек, себебі ескерту дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиғаның туындау қаупі төне алады!
Жұмыс барысында түзілетін шаң
(мәселен, сүрек шаңы), баулар және
түтін денсаулығыңызға күрделі зиян
тигізе алады. Шаң көптеп түзілетін
болса, шаңға қарсы бетперде
тағыңыз.
Егер де мотор жұмыс істемесе, газ
иінтірегін босатқаннан кейін, ара
шынжыры біраз уақыт бойы қозғала
береді - инерция бойынша қозғалыс
әсері.
Бензин арасымен жұмыс істегенде
және жұмыс істеп тұрған бензин
арасының жанында темекі шекпеңіз –
өрттің туындау қаупі төне алады!
Жанармай жүйесінен жанғыш бензин
булары ұшып шыға алады.
001BA087 LÄ

Похожие устройства

Скачать