Stihl MS 361 18" 11352000519 Инструкция к Stihl MS 361-18" 11352000326z онлайн [9/112] 834215

MS 361
қазақ
7
Ара шынжырын үнемі, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін және көзге
білінетін өзгерістер орын алған кезде
дереу тексеріп тұрыңыз:
– Моторды тоқтатыңыз, ара
шынжырының тоқтағанын күте
тұрыңыз
– Жай-күйін және отырған беріктігін
тексеріңіз
– Пышақтардың егелген дәрежесін
ескеріңіз
Мотор жұмыс істеп тұрған кезде ара
шынжырын ұстамаңыз. Ара
шынжырын қандай да бір затпен
бұғаттаған кезде, моторды дереу
тоқтатыңыз – тек қана осыдан кейін
затты алып тастаңыз – жарақат алу
қаупі төне алады!
Бензин арасынан аулақ кетер
алдында моторды сөндіріңіз.
Ара шынжырын ауыстыру үшін
моторды тоқтатыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде –
жарақат алу қаупі төне алады!
Жеңіл тұтанатын материалдар
(мәселен, жоңқалар, қабықтар,
қураған шөп, жанармай) пайдаланып
болған газдардан және
бәсеңдеткіштің қабатынан алшақ
жерде ұстаңыз – өрттің туындау қаупі
төне алады! Катализаторлы
бәсеңдеткіштер өте қатты қызып кете
алады.
Шынжырды майламай ешқашан да
жұмыс істемеңіз, май багындағы
майдың деңгейін бақылап тұрыңыз.
Май багындағы май деңгейі өте төмен
болса жұмысты дереу тоқтатыңыз
және шынжырды майлауға арналған
майды толтырыңыз - "Шынжырды
майлауға арналған майды толтыру"
және "Шынжырдың майын тексеру"
бөлімдерін қараңыз.
Егер де бензин арасы арналымынан
тыс жүктемеге ұшыраған болса
(мәселен, соққы немесе құлау
нәтижесіндегі күштің әсерінен),
алдағыда жұмыс істер алдында
агрегаттың қолданыс күйін тексеріп
алыңыз - "Жұмысты бастар алдында"
бөлімін қараңыз.
Ең алдымен жанармай жүйесінің
герметикалылығын және қорғаныш
құрылғыларының жұмысын
тексеріңіз. Жұмыс барысында қауіпті
болатын бензин араларын ешбір
жағдайда қолданбаңыз. Қандай да бір
күмән туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Газ иінтірегін босатқаннан кейін ара
шынжыры қозғалмас үшін, бос
жүрісте қозғалыстың мінсіз
айналуына назар аударыңыз. Бос
жүрістің баптауларын үнемі ретке
келтіріп тұрыңыз және мүмкіндігінше
түзетіңіз. Егер де бос жүрістің ара
шынжыры әлі де қозғалып жатса, оны
мамандандырылған дилерге
жөндеуге апару керек.
Жыраларда, ойпаттарда немесе тар
шарттарда жұмыс істеген кезде,
жеткілікті ауа алмасуын қамтамасыз
ету қажет - уланудың салдарынан
өмірге қауіп төне алады!
Лоқсығанда, бас ауырғанда, көру
қабілеті нашарлағанда (мысалы, көру
ауқымының азаюы), есту қабілетін
нашарлағанда, бас айналғанда,
назар аудару қабілеті төмендегенде
жұмысты дереу тоқтатыңыз - басқа
себептердің арасында, аталған
симптомдар пайдаланылып болған
газдардың жоғары дәрежелі
шоғырланымынан пайда бола алады
- жазатайым оқиғаның қаупі төне
алады!
Мотор іске қосылғаннан
кейін, бензин арасынан
пайдаланылып болған
улы газдар бірден шыға
бастайды. Бұл
газдардың иісі болмауы
және көрінбеуі мүмкін,
сонымен қатар
құрамында
көмірсутегілер мен
бензол бола алады.
Бензин арасын ешбір
жағдайда жабық немесе
нашар желдетілетін,
соның ішінде
катализатормен
жабдықталған
орынжайлардың ішінде
қолданбаңыз.
Похожие устройства
- Stihl MS 361 18" 11352000519 Инструкция к Stihl MS 361-18" 11352000326z
- Stihl MS 462 20" Rollomatic E 50см+фильтр PA 11422000146 Инструкция к Stihl MS 462 11422000146
- Stihl MS 462 RHD 20" 11422000157 Инструкция к Stihl MS 462 RHD 11422000157
- Stihl MS 500 i 28" Rollomatic ES Light 11472000055 Инструкция к Stihl MS 500 i 28" Rollomatic ES Light 11472000055
- Stihl MS 661 25" 11442000143 Инструкция к Stihl MS 661 11442000143
- Stihl MS 661 C-M 11440113004 Инструкция к Stihl MS 661 C-M 11440113004
- AM.PM 30 см, хром A7432500 Инструкция по эксплуатации
- Stihl MS 880 11242000177 Инструкция к Stihl MS 880 11242000026
- Stihl MS 880 47" 11242000029 Инструкция к Stihl MS 880 11242000029
- WasserKRAFT K-1077R Инструкция к WasserKraft K-1077Right K-1077R
- PERCo BH02 1-01 длиной 1425 мм АС5003452 руководство
- Ural -2Т Электрон Инструкция к Урал 2Т Электрон
- ZimAni MS 250 16" MS250-16 Инструкция по эксплуатации
- ZimAni 18" MS361-18 Инструкция по эксплуатации
- SC&T RS008 1 вход RS485 под клеммы или RS232, 8 выходов RS485 под клеммы sct0527 Инструкция по эксплуатации
- ZimAni 365 18" 365-18 Инструкция по эксплуатации
- Askona Kids Динозавр, односпальный, 140x205 RETAIL 0ba08f26b919c8b17385ebc142e27ff2 ДС
- Askona Kids Единорог, односпальный, 140x205 RETAIL c8431fd3f63f34ac85451c34f92cf063 ДС
- Askona Kids Горох, односпальный, 140x205 RETAIL c7d000083cbd58034b8afd574dcb4bc8 ДС
- Askona Kids Зоопарк, односпальный, 140x205 RETAIL 233f0409869140c522faa11f38449f17 ДС