Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [257/416] 837943
![Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [257/416] 837943](/views2/2072877/page257/bg101.png)
Қазақ | 257
Жеке қауіпсіздік
u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз,
жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты
пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде
немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен
кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану
кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
мүмкін.
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз.
Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы,
сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе
есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары
тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
кемейтеді.
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне
және/немесе батареялар жинағына қосудан
алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын
өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе
қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз
оқиғаға алып келуі мүмкін.
u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу
сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе
сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең
салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген
жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды.
u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді
киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы
бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер,
әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер
арқылы тартылуы мүмкін.
u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу
құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы
болуына және тиісті ретте қолдануына көз
жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға
байланысты зияндарды кемейтеді.
u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң
масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей
отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу,
монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет
көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады.
u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,
техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып
шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.
u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның
бақылауында болмаса немесе электр құралын
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды
пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Bosch Power Tools 1 609 92A 72F | (13.10.2021)
Похожие устройства
- Friulsider FM744 М12 20х80 ZN (2 шт) ФАС 76014 2 12 Отказное письмо
- STOUT ALPHA 350 6 секций, боковое подключение SRB-2310-035006 RG00908P36VGEB Технический паспорт
- STOUT ALPHA 500 8 секций SRB-2310-050008 RG00908P3BAT9I Технический паспорт
- STOUT Space 350 10 секций боковое подключение SRB-0310-035010 Технический паспорт
- STOUT Space 350 14 секций боковое подключение SRB-0310-035014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 10 секций боковое подключение SRB-0310-050010 Технический паспорт
- Friulsider нейлон TU 6х30 (100 шт) FR_60101006030IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 10х50 (50 шт) FR_60101010050IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 5х25 (100 шт) FR_60101005025IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 8х40 (100 шт) FR_60101008040IM Отказное письмо
- STOUT Space 500 11 секций боковое подключение SRB-0310-050011 Технический паспорт
- STOUT Space 500 12 секций боковое подключение SRB-0310-050012 Технический паспорт
- STOUT Space 500 13 секций боковое подключение SRB-0310-050013 Технический паспорт
- STOUT Space 500 14 секций боковое подключение SRB-0310-050014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 4 секции боковое подключение SRB-0310-050004 Технический паспорт
- STOUT Space 500 5 секций боковое подключение SRB-0310-050005 Технический паспорт
- STOUT Space 500 6 секций боковое подключение SRB-0310-050006 Технический паспорт
- STOUT Space 500 7 секций боковое подключение SRB-0310-050007 Технический паспорт
- STOUT Space 500 8 секций боковое подключение SRB-0310-050008 Технический паспорт
- STOUT Space 500 9 секций боковое подключение SRB-0310-050009 Технический паспорт