Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [263/416] 837943
![Bosch GTS 254 0601B45000 Инструкция к Bosch GTS 254 0601B45000 онлайн [263/416] 837943](/views2/2072877/page263/bg107.png)
Қазақ | 263
Түпқоймамен және аударылудан қорғаныспен
монтаждау (a1−a3 суреттерін қараңыз)
Монтаждау үшін "Түпқойма" (37), "Аударылудан
қорғаныс" (38) және "Электр құралы" (39) бекіткіш
жинақтарын пайдаланыңыз
– Түпқойманы (14) жинап қойыңыз. Бұрандаларды
мықтап тартыңыз.
– Аударылудан қорғанысты (13) түпқоймаға бұрап
орнатыңыз.
– Электр құралын, аударылудан қорғаныс артқа қарап
тұратындай, түпқоймаға орнатыңыз.
– Электр құралын түпқоймаға бекітіңіз. Ол үшін электр
құралындағы бүйірлік саңылаулар (31) және
түпқоймадағы ойықтар қолданылады.
Түпқоймасыз монтаждау (b суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (32)
пайдаланылады.
Құрамдас бөліктерді монтаждау
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Қозғалтқыш блогының астынан орауыш материалды
алып тастаңыз.
Корпусқа мына құрылғы элементтері тікелей бекітіледі:
кері соққы құлпы (7), шеңберлік кілт (35), жамылғыш
кілт/айыр тәрізді кілт (36), бұрыштық тірек (3),
параллель тірек (9), қосымша параллель тірек (47) ((48)
бекіткіш жинағымен), қорғаныш қаптама (6), жылжыту
таяғы (15), ара дискісі (28).
– Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз,
оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.
Сынаны монтаждау (c суреттерін қараңыз)
Нұсқау: Қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді
орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.
– Қажет болса, үстел ендірмесін (8) алып тастаңыз.
– Қос иінді(17) сағат тілінің бағытына қарсы, ара
дискісі(28) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп, тірелгенше бұраңыз.
– Болтты (40) шеңберлік кілтпен (35) босатыңыз.
– Сынаны (27) енгізіп, төмен қарай тірелгенше
жылжытыңыз.
– Болтты (40) шеңберлік кілтпен (35) қайтадан мықтап
тартыңыз.
– Үстел ендірмесін (8) монтаждаңыз.
Үстел ендірмесін монтаждау (dсуретін қараңыз)
– Үстел ендірмесін (8) аспап саңылауының артқы
ойықтарына (41) іліңіз.
– Үстел ендірмесін төмен қарай бағыттаңыз.
– Үстел ендірмесін аспап саңылауының алдыңғы
жағында тіркелгенше басыңыз.
Кері соққы құлпын монтаждау (e суретін қараңыз)
Кері соққы жағдайында кері соққы құлпы (7)
дайындаманың пайдаланушыға қарай лақтырылуына жол
бермейді. Бұл ретте ұялардың өткір тістері
дайындаманың үстіңгі бетіне батып, оны ұстап қалады.
– Кері соққы құлпының (7) батырмасын (42) қысыңыз.
Бұл ретте бағыттауыш болт кері тартылады.
– Кері соққы құлпын (7) сына (27) үстінен бағыттап,
батырманы (42) жіберіңіз.
– Кері соққы құлпын, бағыттауыш болт сынаның
жоғарғы жағындағы артқы саңылауға тірелгенше,
қорғаныш қаптамаға қарай жылжытыңыз.
– Бағыттауыш болттың саңылауға нық жалғанғанын және
кері соққы құлпы ақаусыз жұмыс істегенін тексеріп
шығыңыз. Кері соққы құлпының ұяларын көтеріңіз.
Жіберген кезде, серіппе астындағы ұялар төмен өтуі
және үстел ендірмесіне тиюі керек.
Параллель тіректі монтаждау (fсуретін қараңыз)
Параллель тіректі (9) ара дискісінің сол немесе оң
жағында орналастыруға болады.
– Параллель тіректің (9) қысқыш тұтқасын (43)
босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (44)
босатылады.
– Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен
аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (45) енгізіңіз.
Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің
алдыңғы бағыттауыш ойығына (46) орналастырыңыз.
Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға
болады.
– Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (43)
төмен қарай итеріңіз.
Қосымша параллель тіректі монтаждау (gсуретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(47) параллель тірекке (9) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (9) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Монтаждау үшін "Қосымша параллель тірек" бекіткіш
жинағын (48) (2 бекіткіш бұранда, 2 қатпарлы гайка)
пайдаланыңыз.
– Бекіткіш бұрандаларды параллель тіректегі (9)
бүйірлік саңылаулар арқылы кіргізіңіз.
– Бұл ретте бұрандалардың бастиектері қосымша
параллель тірек үшін бағыттауыш ретінде қызмет
етеді.
– Қосымша параллель тіректі (47) бекіткіш бұрандалар
бастиектерінің үстінен жылжытыңыз.
– Бұрандаларды қатпарлы гайкалардың көмегімен
мықтап тартыңыз.
Бұрыштық тіректі монтаждау (h1−h2 суретін
қараңыз)
– Бұрыштық тіректің (3) шинасын (49) аралау үстелінің
арнайы бағыттауыш ойықтарына (5) өткізіңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 72F | (13.10.2021)
Похожие устройства
- Friulsider FM744 М12 20х80 ZN (2 шт) ФАС 76014 2 12 Отказное письмо
- STOUT ALPHA 350 6 секций, боковое подключение SRB-2310-035006 RG00908P36VGEB Технический паспорт
- STOUT ALPHA 500 8 секций SRB-2310-050008 RG00908P3BAT9I Технический паспорт
- STOUT Space 350 10 секций боковое подключение SRB-0310-035010 Технический паспорт
- STOUT Space 350 14 секций боковое подключение SRB-0310-035014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 10 секций боковое подключение SRB-0310-050010 Технический паспорт
- Friulsider нейлон TU 6х30 (100 шт) FR_60101006030IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 10х50 (50 шт) FR_60101010050IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 5х25 (100 шт) FR_60101005025IM Отказное письмо
- Friulsider нейлон TU 8х40 (100 шт) FR_60101008040IM Отказное письмо
- STOUT Space 500 11 секций боковое подключение SRB-0310-050011 Технический паспорт
- STOUT Space 500 12 секций боковое подключение SRB-0310-050012 Технический паспорт
- STOUT Space 500 13 секций боковое подключение SRB-0310-050013 Технический паспорт
- STOUT Space 500 14 секций боковое подключение SRB-0310-050014 Технический паспорт
- STOUT Space 500 4 секции боковое подключение SRB-0310-050004 Технический паспорт
- STOUT Space 500 5 секций боковое подключение SRB-0310-050005 Технический паспорт
- STOUT Space 500 6 секций боковое подключение SRB-0310-050006 Технический паспорт
- STOUT Space 500 7 секций боковое подключение SRB-0310-050007 Технический паспорт
- STOUT Space 500 8 секций боковое подключение SRB-0310-050008 Технический паспорт
- STOUT Space 500 9 секций боковое подключение SRB-0310-050009 Технический паспорт