Alteco wc 6210 professional 16039 инструкция онлайн [4/20] 839273

Alteco wc 6210 professional 16039 инструкция онлайн [4/20] 839273
KZ
alteco.hk4
Электр құралын пайдалану алдында жану, электр тогымен жарақаттану қаупін
азайту, жарақат алу және құралға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету мақсатында
барлық қажетті шаралар қолданылуы тиіс. Бұл сақтық шаралары төменде
көрсетілген тармақтарды қамтиды.
Жеке қауіпсіздік
Қорғаныш көзілдірігін немесе бетпердені қолданыңыз. Шаңдылық деңгейінің
жоғары болу жағдайында арнайы сүзгіш бетпердесін қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию
жөн. Егер шашыңыз ұзын болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап
тұрсаңыз, мас күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен
жұмыс істемеңіз.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын
қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуат беру баусымынан алып тасымаңыз.
Айырды розеткадан алу үшін баусымды жұлқымаңыз. Баусымды жоғары
температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері бар заттардың
әсерінен қорғаңыз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет
көрсету мен жөндеудің арнайы авторизацияланған орталығында жөнделуі
немесе ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы
үшін тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
Жұмыс орны
Жұмыс орнында жинақылықтың жоқ болуы жазатайым оқиғаның пайда болу
қаупін төндіреді.
Электр тогының соғуынан сақ болыңыз. Жерге тұйықталған құрылымдармен,
мысалы, құбырлармен, радиаторлармен жанасудан аулақ болыңыз.
Құралдарды балалардан алыс қойыңыз. Бөтен адамдарға сіздің жұмыс
орныңызға жақын болуына рұқсат бермеңіз.
Электр құралдарын тез тұтанатын сұйықтықтардың жанында, сондай-ақ газ
тәрізді, жарылыс қауіпті ортада пайдаланбаңыз.
Жаңбыр жауған кезде электр құралымен жұмыс жасамаңыз.
Қауіпсіздік шаралары

Похожие устройства

Скачать