Alteco DWC 600 35691 Инструкция к товару онлайн [10/18] 842201
![Alteco DWC 600 35691 Инструкция к товару онлайн [10/18] 842201](/views2/2077510/page10/bga.png)
Қазақ тілі
1. Қауіпсіздік шаралары
Электр құралын пайдалану алдында жану, электр тогымен жарақаттану қаупін азайту, жарақат алу және
құралға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылуы тиіс. Бұл
сақтық шаралары төменде көрсетілген тармақтарды қамтиды.
1.1 Жеке қауіпсіздік
Қорғаныш көзілдірігін қолданыңыз. Шаңдылық деңгейінің жоғары болу жағдайында арнайы сүзгіш
бетпердесін қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Құралдың айналмалы бөліктеріне ілінуі мүмкін бос киім мен әшекейлерді киюге
кеңес берілмейді.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию жөн. Егер шашыңыз ұзын
болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап тұрсаңыз, мас күйінде немесе
дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен жұмыс істемеңіз.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуат беру баусымынан алып тасымаңыз. Айырды розеткадан алу үшін
баусымды жұлқымаңыз. Баусымды жоғары температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері
бар заттардың әсерінен қорғаңыз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар барлық функциялар мен
тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет көрсету мен жөндеудің арнайы
авторизацияланған орталығында жөнделуі немесе ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы үшін тепе-теңдікті сақтауға
тырысыңыз
1.2 Жұмыс орны.
Жұмыс орнында жинақылықтың жоқ болуы жазатайым оқиғаның пайда болу қаупін төндіреді.
Электр тогының соғуынан сақ болыңыз. Жерге тұйықталған құрылымдармен, мысалы, құбырлармен,
радиаторлармен, ас үй плитасымен, тоңазытқыш корпусымен жанасудан аулақ болыңыз.
Құралдарды балалардан алыс қойыңыз. Бөтен адамдарға сіздің жұмыс орныңызға жақын болуына
рұқсат бермеңіз.
Электр құралдарын тез тұтанатын сұйықтықтардың жанында, сондай-ақ газ тәрізді, жарылыс қауіпті
ортада пайдаланбаңыз.
Электр сымдары болуы мүмкін орындарда жұмыс істеу кезінде құралдың металл бөліктері
оқшауланбағанын ескеру қажет. Жасырын сымдарға зақым келтірмеу үшін абай болу керек.
Жаңбыр жауған кезде электр құралымен жұмыс жасамаңыз.
Ылғалдылығы жоғары бөлмелерде электр құралын пайдаланбаңыз.
Жұмыс орнында жақсы жарықтандыруды сақтаңыз.
1.3 Электр қуатын беру.
Құрал таңбалау тақтайшасындағы көрсетілген кернеумен электр желісіне қосылуы керек. Төмен
кернеуі бар тогын пайдалану құралдың шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін. Ток түрі - ауыспалы, бір
фазалы. Еуропалық стандарттарға сәйкес құрал тоқ зақымдалуынан екі есе қорғаныс дәрежесіне ие, демек,
жерге қосылмаған розеткаларға қосылуы мүмкін.
Әр нақты жұмыс үшін құралды дұрыс таңдаңыз. Жоғары қуатты кәсіби электр құралдарына
арналған жұмыстарды төмен қуатты тұрмыстық электр құралының көмегімен орындауға
тырыспаңыз. Электр құралын қолдануға арналмаған мақсаттармен пайдаланбаңыз.
1.4 Ажарлау машинасымен жұмыс істеу кезіндегі арнайы қауіпсіздік шаралары
Қорғаныс қаптамасы жоқ машинаны пайдаланбаңыз.
Ажарлағыш және кесу шарықтары құрылғының таңбалау тақтайшасында көрсетілгеннен кем емес
жылдамдыққа арналады. Машинамен бірге қолданылатын ажарлағыш шарықтары күшейтілген шыны
талшық негізінде жасалуы керек.
Жұмыс алдында шарықта жарықтардың, зақымданулардың немесе деформациялардың болмауын
мұқият тексеріңіз. Жарылған, зақымдалған немесе деформацияланған шарықты дереу ауыстырыңыз.
Похожие устройства
- Einhell TE-DW 180 4259940 Инструкция по эксплуатации
- Workmaster МШБ-850Ж Инструкция
- Zitrek ZKWS1100 225 мм, 1100 Вт 063-2209 Инструкция по эксплуатации
- Festool Duplex в контейнере T-Loc LS 130 EQ-Plus 567850 Инструкция к товару
- Rodcraft 7686 RE 8951000119 Инструкция к товару
- 3м 7000034317 Технический бюллетень
- Ставр 9020700046 Инструкция по эксплуатации
- Airline ATBR001 Инструкция к товару
- Jeta PRO Grizzly J2155 схема
- GRAPHITE 600Вт, диск 225 мм, сумка 59G261 Инструкция по эксплуатации
- FERM DIY BSM1024 Инструкция по эксплуатации
- KLPRO угловая бесщеточная 18 В / 5,0 Ач 11989 KLAT18B-50 Инструкция по эксплуатации
- Мисом СО 337-01 РБ J01330000000038 Инструкция по эксплуатации
- Парма УШМ-01-125/800РК 02.026.00009 Инструкция по эксплуатации
- Парма УШМ-01-150/1300РК 02.026.00008 Инструкция по эксплуатации
- Ryobi ONE+ RDP18-0 18В 5133005897 Инструкция к товару
- STATUS BS75 3140301 Инструкция к товару
- STATUS BS75M 3140401 Инструкция к товару
- ASPRO C3 2650 100018 Инструкция к товару
- ASPRO C6 для потолков и стен, 3646 Инструкция