Kolner KPM 180/1400V 8030900016 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/20] 853562

Kolner KPM 180/1400V 8030900016 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/20] 853562
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
1. Электр құралын қуат беруші желіге
қосудың алдында желі параметрлерінің
осы нұсқаулықта және құралда
көрсетілген талаптарға жауап
беретіндіктеріне көз жеткізіп алыңыз.
2. Электр құралының және желілік
кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
3.Ұзартқышты қолдану кезінде
ұзартқыштың электр құралының қуатына
есептелгендігіне көз жеткізіңіз.
4. Барлық тораптардың дұрыс
құрастырылғандығына және сенімді
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын
іске қосудың алдында реттеуші және/не-
месе орнатушы кілттерді алып тастаңыз.
Қалып қойған кілт электр құралының
қозғалушы бөліктеріне түсіп кетіп электр
құралының бұзылуына немесе күрделі
жарақат алуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Түзеткіштерді және саптамаларды шешу
немесе орнату кезінде электр құралы
сөндірілген және электр желісінен
ажыратылған болуы керек.
ТҮЗЕТКІШТЕРДІ ОРНАТУ ЖӘНЕ ШЕШУ
Түзеткіштерді (1) орнату үшін
айналдырғының бекіткішіне (4)
басыңыз. Содан кейін айналдырғыны
(2) айналдыра отырып, оны бұғаттаушы
күйді табыңыз. Одан әрі түзеткішті
айналдырғыға ішкі сомын жағынан
орнатыңыз. Түзеткішті сағат тілі бой-
ынша айналдыра отырып, оны толық
бекітілгенше дейін бұраңыз және
айналдырғының бекіткішін босатыңыз.
Ажарлағыш дисктің түзеткішін шешу үшін
әрекеттерді кері тәртіпте қайта жасаңыз.
Түзеткіш орнатуды және жылтыратқыш,
немесе ажарлағыш саптамаларды ау-
ыстыруды жеңілдететін арнайы бет-
ке ие. Орнату/шешу үшін саптаманы
түзеткіштің бетіне қысу, немесе одан
шешу жеткілікті болады.
ҚОСЫМША ТҰТҚАНЫ ОРНАТУ
Құрастырудың немесе теңшеудің ал-
дында құралды міндетті түрде желіден
ажыратыңыз.
1. Қосымша тұтқаны (5) бәсеңдеткіштің
корпусына (3) орнатыңыз.
2. Бәсеңдеткіштің корпусындағы
саңылауларды қосымша тұтқадағы тиісті
саңылаулармен үйлестіріңіз.
3. Бекіткіш бұрандаларды (6) қосымша
тұтқаның қос жағынан орнатыңыз және
оларды жеткізілім жиынтығына кіретін
алты қырлы кілттің (14) кілттің көмегімен
тартып бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Пайдалану қолайлылығы үшін
тұтқа 2 күйде бекітілуі мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ. ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ
Электр құралын желіге қосудың алдын-
да ажыратқыштың сөндірілген күйде
тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз. Іске
қосу үшін желілік кабелдің (13) істікшесін
желіге қосыңыз. Кездейсоқ басылудан
сақтандырғышқа (11) басыңыз,және оны
ұстап тұрып ажыратқышқа (10) басыңыз.
Сөндіру үшін ажыратқышты босатыңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін желілік
кабелдің істікшесін желіден ажыратыңыз.
АЙНАЛЫМДАР САНЫН РЕТТЕУІШ
KPM 180/1400V жылтыратқыш машина-
сы жылтыратқыш машинаның жоғарғы
бөлігінде орналасқан айналымдар са-
нын реттеуішпен (9) жабдықталған. Сан-
дарды арттыру/кеміту жағына айналумен
жылтыратқыш-ажарлағыш жұмыстарды
жүргізуге оңтайлы айналымдардың
қажетті саны қойылады.
АЖАРЛАУ
Ажарлағыш саптаманы түзеткішке
орнатыңыз және айналымдар санын
реттеуішті максимумға орнатыңыз, содан
кейін ажарлауды бастауға болады.
16
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KAZ

Похожие устройства

Скачать