Bosch GAS 18V-10L 06019C6302 [129/213] Белгілер

Bosch GAS 18V-10L 06019C6302 [129/213] Белгілер
Қазақ | 129
u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
u Сорғышты қауіпсіздік белдігінен ұстаған кезде
пайдаланбаңыз.
u Иық белдігін тек қана сорғышпен бірге
пайдаланыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге
шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
ЕСКЕРТУ! Барлық қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын және
ескертпелерді оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын
және ескертпелерді сақтамау ток
соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
IEC/EN60335-2-69 стандарты
бойынша L класындағы жарылыстың
шектік мәні >1мг/м
3
болған
денсаулыққа зиянды шаңды құрғақ
соруға арналған сорғыш
ЕСКЕРТУ! Сорғыш денсаулыққа зиян
келтіретін шаңды жұтады. Босату
және техникалық қызмет көрсету
әрекеттерін, соның ішінде шаң
жинағыш контейнерді тазалау
бойынша жұмыстарды
мамандандырылған кәсіпорындарға
орындауға тапсырыңыз. Тиісті
қорғаныс жабдығы қажет болады.
Сорғышты толық сүзгі жүйесінсіз
пайдаланбаңыз. Кері жағдайда
денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Құрылғы жанбайтын құрғақ шаңдарды, жанбайтын
сұйықтықтарды және су мен ауа қосындысын алу, сору,
тасымалдау және ажыратуға арналған. Шаңсорғыш шаң
жасауына тексеріліп L шаң сыныпына сәйкес. Ол
кәсіпорындарда, мысалы, цехтарда пайдалану жоғары
талаптарына сай.
IEC/EN60335-2-69 бойынша L сыныпындағы
шаңсорғыштарды тек шектік мәні >1мг/м
3
болған
денсаулыққа зиян шаңдарды сору үшін пайдалануға
болады.
Шаңсорғышты тек барлық қызметтерді толық бағалап,
шектеусіз орындай алатын болғанда немесе тиісті
нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану керек.
Rotational Airflow
Қапсыз сүзгі жүйесі шаң қаптарын пайдаланудан
сақтайды. Лас контейнердің ішкі қабырғасында
жиналады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
шаңсорғыштың сипаттамасына қатысты.
(1)
Контейнер
(2)
Сорғыштың жоғарғы бөлігіне арналған құлып
(3)
Қосу/өшіру түймесі
(4)
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(5)
Сорғыштың жоғарғы бөлігі
(6)
Тасымалдау тұтқасы
(7)
Сорғыш шланг/еден қондырмасы ұстағышының
бекіткіші
(8)
Шланг бекіткіші
(9)
Бекіткіш осьтер
(10)
Сорғыш құбыр/саңылау қондырмасы
ұстағышының бекіткіші
(11)
Аккумулятор бөлімінің қақпағын құлыптан босату
түймесі
(12)
Аккумулятор бөлімінің қақпағы
(13)
Сорғыш шланг
(14)
Сору адаптері
(15)
Қисайған қондырма
(16)
Саңылау қондырмасы
(17)
Еден қондырмасы
(18)
Сорғыш құбыр
(19)
Аккумулятор бөлімі
(20)
Аккумулятор
A)
(21)
Аккумуляторды босату түймесі
(22)
Сорғыш құбыр мен саңылау қондырмасының
ұстағышы
Bosch Power Tools 1 609 92A 5KE | (20.04.2020)

Содержание

Похожие устройства

Скачать