Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [34/48] 868316

Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [34/48] 868316
30 Қазақ
1.4 Мәтіндік белгілер
1.4.1 Мәтіндік бөлімдердің бөліктенуі
Анықтамалар мен белгілер төмендегідей белгіленген:
Қондыру құралындағы сипатталған басқару элементтерінің атауы.
« » Қондыру құралындағы жазбалар
1.5 Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану
немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Қондыру құралы, газ GX 3
Буын 01
Сериялық нөмір
1.6 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Қондыру құралымен қауіпсіз жұмыс істеу
Қондыру құралын дене мүшесіне қысқан кезде, төмендетудің қате іске қосылуынан ауыр
жарақаттар пайда болуы мүмкін. Қондыру құралын ешқашан қолыңыз не басқа дене
мүшесімен қыспаңыз.
Қолданбалы бекіткіштерді болт бағыттауышына (мысалы, рондель, қысқыштар, клеммалар және
т.б.) қондыру нәтижесінде төмендетудің қате іске қосылуынан ауыр жарақаттар пайда болуы мүмкін.
Қолданбалы бекіткіштерді қондырған кезде ешқашан қолыңыз не басқа дене мүшесімен болт
бағыттауышына баспаңыз.
Қондыру құралын өзіңізге немесе басқа адамдарға бағыттамаңыз.
Қондыру құралын іске қосу сәтінде қолдарды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және қондыру құралымен жұмыс
істегенде ақылды пайдаланыңыз. Қондыру құралын шаршап тұрған күйде немесе есірткілер,
алкоголь немесе дәрілер әсерінің астында болсаңыз пайдаланбаңыз. Қондыру құралымен
жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Шеге жапқышын кері тартқан кезде оның берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Тежегішті босатқан кезде шеге жапқышын алға қарай лақтырмаңыз, оны алға қарай
бағыттаңыз. Саусақтарыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Бекіту элементтерін дәнекерленген болат немесе құйылған болат сияқты қатты беттерге
қондырмаңыз. Бұл материалдарға қондыру нәтижесінде қате қондыру және бекіту элементтерінің
зақымдалуы пайда болуы мүмкін.
Бекіту элементтерін ағаш немесе гипсокартон сияқты жұмсақ беттерге қондырмаңыз. Бұл
материалдарға қондыру нәтижесінде қате қондыру және астыңғы беттің тесілуі пайда болуы мүмкін.
Бекіту элементтерін әйнек немесе кафель сияқты сынғыш беттерге қондырмаңыз. Бұл
материалдарға қондыру нәтижесінде қате қондыру және астыңғы беттің жарылуы пайда болуы
мүмкін.
Printed: 28.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5261712 / 000 / 01

Похожие устройства

Скачать