Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [35/48] 868316

Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [35/48] 868316
Қазақ 31
Қондыру алдында астыңғы беттің артқы жағында ешбір адамның жарақаттанбағанына немесе бөгде
заттардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Тартпаны қондыру құралы астыңғы бетке басылған кезде ғана іске қосыңыз, осылайша болт
бағыттауышы қондыру құралына тірелгенше батырылады.
Ыстық қондыру құралында техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау қажет
болғанда, міндетті түрде қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Ұзақ уақыт аралығында жоғару қондыру жиіліктерінде, үстіңгі беттер ұстайтын жерлерінен басқа
жерлерде қызып кетуі мүмкін. Күйіктерден қорғану үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Қондыру құралы қатты қызған кезде, газ қорабын алып тастаңыз да, қондыру құралын суытыңыз.
Ең жоғары рұқсат етілген жұмыс жылдамдығынан асырмаңыз.
Құрастыру кезінде материал бұзылуы мүмкін немесе таспаның бөліктері ұшып шығуы мүмкін.
Бұл сынықтар дене бөліктерін және көздерді зақымдауы мүмкін. Арнайы қорғаушы көзілдірік,
құлаққаптарды және қорғаныс шлемін қолданыңыз. Электр құралының түріне және пайдалану
жағдайларына байланысты жеке қорғану құралдарын, мысалы, респираторды, ұлтаны сырғымайтын
аяқ киімді, қорғауыш касканы немесе қорғауыш көзілдірік пен құлаққапты қолдану жарақаттану
қаупін азайтады. Тікелей жақындықта орналасқан басқа адамдар да қорғаушы көзілдірік пен каска
тағуы тиіс.
Арнайы қорғаныс құлаққап тағыңыз (техникалық деректерде шуыл туралы ақпаратты қараңыз).
Бекіту элементтерінің қондырылуы газ/ауа қоспаларының тұтануы арқылы іске асырылады. Пайда
болатын шуыл жүктемесі есту қабілетіне зақым келтіруі мүмкін. Жұмыс аймағындағы адамдар да
арнайы қорғаныс құлаққап тағуы тиіс.
Қондыру әрекетін орындаған кезде, әрқашан қондыру құралын берік және негізге тік бұрышпен
ұстаңыз. Бұл бекіту элементтерінің астыңғы беттік материалдан ауытқып кетуіне жол бермеуге
көмектеседі.
Бір жерге екінші бекіту элементін ешқашан қондырмаңыз. Бұл сынықтар мен бекіту элементтерінің
қысылып қалуына апарып соғуы мүмкін.
Ешқашан болттар не шегелерді екінші рет қондырмаңыз. Қайта пайдалану нәтижесінде бекіту
элементтері сынуы және жарақаттар пайда болуы мүмкін.
Қорапты ауыстыру, тазалау, қызмет көрсету және күту жұмыстарын орындау алдында және сақтау
не тасымалдау алдында немесе қондыру құралын бақылаусыз қалдырғанда, әрқашан газ қорабын
( Бет 36) алып тастаңыз және қорапты ( Бет 36) босатыңыз.
Аспапты қолданғаннан кейін жерге тегіс қойыңыз. Штативке орнатылатын, қабырғаға қойылатын
аспап құлаған жағдайда жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Штативті қондыру құралын төмен бұраған кезде артқы шетінен ұстамаңыз. Үлкен иінтірек күшінің
салдарынан қондыру құралының бұрау қозғалысының басқарылуын жоғалтуыңыз мүмкін. Бұл
жарақаттар мен мүліктің зақымдалуына апарып соғуы мүмкін.
Ақаусыз және қалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін, қондыру құралы мен керек-жарақтарда
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар жоқ екенін тексеріңіз.
Олар сыналануларсыз, еркін қозғалуы керек. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың
дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық шарттарға сай болуы керек. Зақымдалған қорғауыш
құралдарды және бөлшектерді осы нұсқаулықта басқа нұсқаулар болмаса, арнайы Hilti сервис
орталығында жөндеу немесе ауыстыру керек.
Қондыру құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге
сеніп тапсырыңыз. Бұл қондыру құралының қауіпсіз күйде сақталуын қамтамасыз етеді.
Қондыру құралының конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым
салынады.
Қондыру құралын өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Қондыру құралында конденсаттың пайда болуын болдырмаңыз,
онымен ылғалды және дымқыл бөлмелерде жұмыстарды өткізбеңіз.
Қондыру құралын тек жақсы желдетілетін бөлмеде пайдаланыңыз.
Болт бағыттауышы мен бекіту элементтерінің дұрыс тіркесімдерін таңдаңыз. Қате тіркесім
таңдалғанда, қондыру құралы зақымдалуы немесе бекіту сапасы төмендеуі мүмкін.
Әрқашан пайдалану бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Электрлік токтан болатын қауіптер
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын, мысалы, металл іздегіш көмегімен тексеріңіз.
Жасырын ток сымдары кездесуі мүмкін жұмыстар жүргізген кезде, қондыру құралын оқшауланған
тұтқасынан ғана ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері кернеу
астында болады. Бұл ток соғуға әкелуі мүмкін.
Printed: 28.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5261712 / 000 / 01

Похожие устройства

Скачать