Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [36/48] 868316

Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [36/48] 868316
32 Қазақ
Қолданылатын газбен әрекет ету бойынша нұсқау
Газ қорабындағы және қосымша ақпараттағы нұсқауларды орындаңыз.
Ұшқыш газ өкпеңіз, теріңіз бен көзіңіз үшін зиянды болады. Газ қорабын алып тастағаннан шамамен
10 секундқа дейін бетіңіз бен көзіңізді газ қорабының бөлімінен алшақ ұстаңыз.
Газ қорабының клапанын қолмен іске қоспаңыз.
Егер белгілі бір адам газ жұтып алса, оны ашық ауаға немесе жақсы желдетілген бөлмеге
шығарыңыз да, ыңғайлы дене күйіне жатқызыңыз. Қажет болса, дәрігердің жәрдеміне жүгініңіз.
Егер адам ессіз қалыпта болса, дәрігерді шақырыңыз. Бұл адамды жақсы желдетілген бөлмеге
ыңғайлы дене күйінде жатқызыңыз. Егер адам тыныс алмаса, оны қолдан дем алдырыңыз және
қажет болса, оттегі қолданыңыз.
Газ көзге тиген жағдайда, ашық көзіңізді бірнеше минут бойы ағынды сумен шайыңыз.
Газ теріге тиген жағдайда, көз линзаларын сабынмен және жылы сумен мұқият жуып алыңыз. Теріге
арналған кремді де жағып қойыңыз.
Жеке қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Эргономикалық дене тұрысын қадағалаңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұл
күтпеген жағдайларда қондыру құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік береді.
Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе балалардың болуына тыйым салынады.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Бекіту бағыттауышы
;
Қондыру тереңдігін реттеуге және болт
бағыттауышын құлыптан босатуға
арналған жапқыш
=
RESET түймесі
%
Кіріс/шығыс клапан
&
Желдету ойықтары
(
Белдікке ілуге арналған ілгек
)
Пистолеттің тартпасы
+
Тұтқыш
§
Шеге жапқышы
/
Қорап құлпы
:
Тірек
Қорап
$
Номиналдары бар шағын кесте
£
Газ қорабының индикаторы
|
GAS түймесі
¡
Газ қорабының бөлімі
Q
Газ қорабы бөлімінің қақпағы
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім газ қолданатын қондыру құралы («қондыру құралы») болып табылады. Ол арнайы
бекіту элементтерін бетон, болат, силикаттық кірпіш, бетон-кірпіш қалау, сылақ пен басқа да тікелей
монтаждауға арналған беттерге орнатуға арналған.
Қондыру құралын тек қолмен немесе штативпен (керек-жарақ) бірге қолдануға болады.
3.3 Жеткізілім жинағы
Болт бағыттауышы бар газ қолданатын қондыру құралы, қап, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді Hilti орталығында немесе келесі сайтта табуға
болады: www.hilti.group
3.4 Бол бағыттауыштары
Болт бағыттауышы болттарды ұстайды немесе шегелерді бағыттайды және бекіту элементін қондыру
барысында астыңғы беттегі қалаулы орынға бағыттайды. GX 3 және GX 3-ME қондыру құралдары
үшін (дәл атауын фирмалық тақтайшадан қараңыз) қолданбалы болт бағыттауыштары (IF немесе ME)
қолжетімді.
3.5 Бекіту элементтері
Бекіту элементтерінің екі түрін қондыру құралымен өңдеуге болады: шегелер мен болттар. Болт
бағыттауышында бекіту үшін қосымша бекіткіштер әртүрлі қолданбалар үшін қолжетімді.
3.6 Қондыру тереңдігін реттеуге және болт бағыттауышын құлыптан босатуға арналған
жапқыш
Жапқыш қондыру тереңдігін азайтуға мүмкіндік береді. EJECT күйінде ол болт бағыттауышын алып
тастау үшін босатады.
Printed: 28.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5261712 / 000 / 01

Похожие устройства

Скачать