Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [41/48] 868316

Hilti GX 3 2276072 Инструкция к товару онлайн [41/48] 868316
Қазақ 37
3. Шеге жапқышын құлыптан босатыңыз және оны тірелгенше алға бағыттаңыз.
7.3 Бір реттік қондыруға арналған адаптерді шығару
Болттарды қондырғаннан кейін, бір реттік қондыруға арналған адаптерді ( Бет 38) шығарыңыз.
8 Қосымша жұмыс қадамдары
8.1 Газ қорабының күйін тексеру
1.
Қондыру құралын қыспай, GAS түймесін басыңыз.
2. Газ қорабының күйін оқып шығыңыз. Бет 33
8.2 Қорапты алып тастау
1. Шеге жапқышын тірелгенше артқа тартыңыз.
2. Шеге таспасын қораптан шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ
Қысылу қаупі бар! Шеге жапқышын босатқан кезде, саусақтар қысылып қалуы мүмкін.
Шеге жапқышын алға қарай лақтырмаңыз, оны алға қарай тірелгенше бағыттаңыз.
3. Шеге жапқышын құлыптан босатыңыз және оны тірелгенше алға бағыттаңыз.
4. Қорап құлпын ашыңыз.
5. Қорапты айналдыру нүктесінен алға қарай бұраңыз.
6. Қорапты ілмектерден алыңыз.
8.3 Қорапты енгізу
1. Қорап құлпын ашыңыз.
2. Алдыңғы қорап шетін іліңіз.
3. Қорапты тірелгенше қондыру құралына жақынырақ бұраңыз.
4. Қорап құлпын жауып қойыңыз.
8.4 Болт бағыттауышын алып тастау
1. Газ қорабын алып тастаңыз. Бет 36
2.
Қондыру тереңдігін реттеу үшін, жапқышты EJECT позициясына орнатыңыз.
3. Болт бағыттауышын шығарыңыз.
8.5 Бекіту бағыттауышын орнату
1. Газ қорабын алып тастаңыз. Бет 36
2. Болт бағыттауышын қондыру құралының шығыңқы жеріндегі қуысқа бағыттаңыз.
3. Болт бағыттауышын құламайтындай етіп ұстаңыз және қондыру құралын болт бағыттауышымен бірге
берік астыңғы бетке қарай басыңыз да, болт бағыттауышын тіреңіз.
4. Болт бағыттауышы тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Болт бағыттауышы енгізілген кезде, жапқыш болт бағыттауышын босату үшін қайтадан +
позициясына орнатылады.
8.6 Тіректі алып тастау
1. Тіректің бекіткіш механизмін сәл басу арқылы шығарыңыз.
2. Тіректі 90°-қа айналдырыңыз.
3. Тіректі алып тастаңыз.
8.7 Тіректі орнату
1. Оң жақ бұрыштағы тіректі қорапқа енгізіңіз де, оны қуыс ішіне бағыттаңыз.
2. Тіректі қорапқа қарай 90°-қа айналдырып, оны сәл басу арқылы тіреңіз.
8.8 Бір реттік қондыруға арналған адаптерді енгізу
1. Газ қорабын алып тастаңыз. Бет 36
2. Қорапты алып тастаңыз. Бет 37
Printed: 28.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5261712 / 000 / 01

Похожие устройства

Скачать